Дәрістің тақырыбы


ISO 14000 сериялы халықаралық стандарттары



бет4/5
Дата03.12.2023
өлшемі40,22 Kb.
#133554
1   2   3   4   5
ISO 14000 сериялы халықаралық стандарттары.
ISO стандарттар жүйесі - ISO 14000 сериялы халықаралық стандарттары Халықаралық стандарт ұйым өзінің экологиялық тиімділігін арттыру үшін қолдана алатын экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды анықтайды. Осы халықаралық стандарт экологиялық тұрақтылықтың «экологиялық өлшеміне» ықпал ететін жүйелік түрде экологиялық жауапкершіліктерін басқаруға ұмтылатын ұйымдардың қолдануына арналған.
Республикада соңғы жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда менеджмент жүйесін енгізу,соның ішінде экологиялық менеджмент жүйесі бойынша жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Үздік халықаралық компаниялардың тәжірибелері мен білімдеріне негізделген заманауи менеджмент жүйелері қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіктеріне әсер ететін нарықты реттеу тетігінің мәселелерін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның келеңсіздік ықпалдарынан қоршаған ортаны нысаналы қорғау және бірізділікпен қорғау үшін жағдайлар ISO 14000 стандарттарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін құрады. Стандартты кез келген ұйымдар пайдалана алады.
14000 сериялы ИСО стандарттары шетелде кеңінен енгізілген және экологиялық сертификаттаудың нормативтік базасы ретінде қызмет етеді. Батыс Еуропа елдері арасында экологиялық менеджменті саласында Германия көш бастауда, онда мыңдаған компаниялар 14000 сериялы ИСО стандарттарын енгізеді және жүйені сертификаттайды. Әлемдік масштабта осы стандарттарды енгізген фирмалар саны бойынша бірінші орында Жапония тұр (1000 компаниядан астам).
ISO 14000 халықаралық стандарттары жаһандық экономика үшін жаһандық және жергілікті экологиялық проблемаларды шешудің маңызды құралы болып табылады. Осы мәселелерді шешудің ең тиімді жолы – ​​14000 халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару жүйесін меңгеру мен еңгізу болып табылады. Өндірістік кәсіпорындарда қоршаған ортаны басқару жүйелерін құру - қоршаған ортаны жақсарту жолындағы маңызды қадам.
Экологиялық стандарттаудың маңызды аспектілерінің бірі — өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру және тұтыну. Өнеркәсібі дамыған елдерде қалдықтарды жіктеу (әсіресе қауіпті категория) бойынша қатаң талаптарды сақтайтын ұлттық стандарттар деректемесіне негізделген мемлекеттік бағдарламалар; қалдықтарды зиянсыздандыру, жою, көму және қайта өңдеудің нақты шамалары бойынша стандарттар болады. Заңнама ережелері қалдықтарды өндірушілердің олармен болатын жұмыстағы қауіпсіздік үшін заңды жауапкершілікті белгілейді.
Қазақстандағы өндіріс жəне өңдеу салаларының ел экономикасы үшін маңыздылығын есепке ала отырып, осы салада жыл сайын жиналып, мөлшері жағынан өсіп келе жатқан қатты қалдықтардың қаншалықты үлкен мəселеге айналғанын түсінуге болады. Жасалған есептеулер бойынша, 2016-шы жылға дейін жиналған түрлі қатты қалдықтардың жалпы мөлшері шамамен 31 миллиард тоннаны құрады. Жəне де бұл көрсеткіш жыл сайын 1 миллиард тоннаға дейін ұлғайып барады. Қалдықтардың басым бөлігі Қарағанды облысында (29,4%), Шығыс Қазақстан облысында (25.7%) жəне Қостанай облысында (17.0%) шоғырланған. Осы қалдықтардың түрін қайта өңдеу ісі Қазақстанда жолға қойылмаған. Сондықтан қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорындар салу қажет. 
«Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет