Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет22/61
Дата27.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#128714
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61
Негізгі капитал - өндірісте ұзақ мерзім қолданылатын өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитьалға еңбек құралдары жатады – зауыттардың ғимараттары, машиналар, жабдықтар және т.с.с. олар бірден сатып алынады, ал өзінің құнын шығарылатын өнімге тозу шамасына қарай өткізеді.
Бұған қарағанда, айналмалы капитал - өндіріс процесіне қысқа мерзімде қатысады және өзінің құнын дайын өнімге бірден және толығымен өткізеді. Ол ақшалай формада бір айналым аралығында қайтып оралады. Оған еңбек заттары және тез тозатын инструменттер жатады. Айнымалы капиталға тәжірибеде жалақыны жатқызуға болады.
Өндіріс сферасында қызмет ететін негізгі және айнымалы капиталдан басқа кәсіпорында айналым қорлары болады - өткізу үшін бағытталған тауарлар мен ақшалай қаражаттар. Айналым қорлары мен айнымалы қорлар әрбір айналым сайын жаңарып отырады. Олардың арасындағы тығыз байланыс бар – айнымалы қорлар өндіру процесі кезінде айналым қорларына (дайын өнімге, одан кейін ақшалай қаражаттарға) айналады, және керісінше, өнімдерді сатудан түскен ақшалай қаражаттар айнымалы қорлардың элементтеріне – шикізатқа, отынға және т.с.с. айналады. Осыған орай айнымалы қорлар мен айналым қорларына салынған ақшалай қаражаттар айнымалы құралдарға бірігеді.


3. Инвестиция дегеніміз – пайда табу мақсатында ұлттық және шетел экономикасының әртүрлі салаларына жеке немесе мемлекеттік капиталды ұзақмерзімдік формада салуды өткізу, шығындардың жиынтығы. Сондықтанда инвестициялар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ұзақмерзімді инвестициялар жаңа құрылысқа, сонымен қатар өндірістік емес объектілер мен кәсіпорындар құру, ұлғайту және техникалық қайта жабдықтау формасындағы капиталдық құрылыспен іске асады.
Инвестициялар 2-ге бөлінеді:

    1. қаржылық;

    2. нақты.

Қаржылық инвестициялар дегеніміз – қаржылық инструменттерге, яғни акцияларға, облигацияларға, басқа да бағалы қағаздарға және банктік депозиттерге салу.
Нақты инвестициялар дегеніміз – қандай да бір өнімді өндіруге капитал салу.
Қаржылық емес инвестициялар дегеніміз – кәсіпорынға, бизнеске, жобаға мүлік, ноу-хау, лицензия, құқық формасындағы салынатын ақшалай емес инвестициялар.
Инвестицияға 2 түрлі анықтама беруге болады:
1-ден, қаржылық анықтамасы бойынша инвестиция дегеніміз – табыс табу мақсатында шаруашылық қызметке салынатын активтердің (құралдардың) барлық түрлері.
2-ден, экономикалық анықтамасы бойынша инвестиция дегеніміз – негізгі капиталды техникалық қайта жабдықтау, қайта құру, ұлғайту және өндіруге жұмсалатын шығындар, соныменен қатар бұған байланыссыз айнымалы капиталды өзгерту.
Қаржылық мағынадағы инвестицияны талдаудың келесідей бағыттарын қарастыруға болады:

  1. Инфляциядан тазартылған инвестиция динамикасын талдау. Ол фирмалардың инвестициялық белсенділігін көрсетеді.

  2. Инвестициялық құрылымын талдау. Оның объектілеріне жататындар:

  • инвестицияның өндірістік құрылымы;

  • инвестиция жағрафиясы;

  • инвестицияның ұлғаймалы құрылымы, яғни салымдардың арасындағы қатынасы: а) жаңадан салу; б) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды ұлғайту; в) техникалық қайта құру;

  • капитал салымының технологиялық құрылымы, яғни жабдықтарды, машиналарды, инструменттерді сатып алу мен құрылыстық-монтаждық жұмыстарға кеткен шығындардың арасындағы қатынас;

  • инвестициялардың концентрациялау аяқталмаған құрылыстың құны инвестицияның жылдық көлеміне қарағанда аз болса, соғұрлым жақсы болады.

  1. Инвестицияны талдаудың басқа бағыттары, соның ішінде оның табыстылығын талдау.

Халықаралық инвестицияларда 2-ге бөлінеді:
А) тікелей инвестициялар;
Ә) қоржынды инвестициялар.
Тікелей инвестициялар дегеніміз – инвестордың салған объектіге басқарушылық бақылау жасауға мүмкіндігі бар кәсіпкерлік инвестиция.
Қоржынды инвестициялар дегеніміз – инвестордың капитал салған объектіні басқаруға мүмкіндігі жоқ қарыздық инвестиция.
Қазіргі таңда әртүрлі сфераларға салынатын тікелей шетел инвестицияларының тез өсуі тенденциясы айқындала түсті.
Капиталды шетке шығаруда капиталдар көп жағдайда дамыған елдерден алынып, отарланған, тәуелді елдерге шығарылды.
Ал қазіргі кезде капиталдың миграциясы көбінесе дамыған елдердің арасында жүреді, яғни тікелей шетелдік инвестициялардың 70-75 пайызы өнеркәсібі дамыған елдердің үлесінде болып тұр.
Дамыған елдердің арасында капитал миграциясының өсуінің негізгі себебі – дамушы елдерде ғылымды көп қажет ететін, жоғарғы білімді мамандармен қамтамасыз етілетін өнім өндірісін ұйымдастыру өте қиын.
Қазіргі уақытта капитал миграциясының тағы 1 негізгі ерекшілігі- дамушы елдерден, атап айтқанда, мұнай өндіретін ОПЕК-ке кіретін елдерде капитал экспортының пайда болуы.
Шетел инвестициясын алып келу және оны пайдалану Республика экономикасының өндірістік қуатын көтеруге ықпал етеді.
Тікелей инвестицияның келуінің Қазақстан үшін маңызы зор. Себебі, бұл техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол береді. Шетел капиталы республикаға коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде, сондай-ақ, құнды қағаздар ретінде келеді.
Қазақстан экономикасына тура инвестиция салатын донор елдер: Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Түркия және Италия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет