Төмендегілердің қайсысы негізгі макроэкономикалық мақсатқа жатпайды?
экономикалық өсу
B) толық жұмысбастылық
C) тауар бағасын түсіру
D) табысты шынайы бөлу
E) сыртқы сауда балансы
Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:
А) Жалпы ішкі өнімге территориялық сипат тән
В) ЖІӨ - қосылған құндар сомасы
С) ЖІӨ резиденттердің ел сыртында өндірген тауарлары мен қызметтерінің құнын есепке алмайды
ЖІӨ - белгілі бір уақыт аралығында, белгілі бір елдің территориясында өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны
Е) ЖҰӨ - нақты елдің ішінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі
ТАҚЫРЫП 11. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЦИКЛДЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫ: экономиканың ауытқымалы кезеңмен дамып отыруын талдау және экономикалық өсудің факторлары мен ерекшеліктерін түсіндіру, сонымен қатар Қазақстандағы экономикалық өсу моделін сипаттау.
ТАЛҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері
Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері
НЕГІЗГІҰҒЫМДАР: экономикалық цикл, жандану, өрлеу, дағдарыс, тоқырау, қысқа мерзімді толқындар, орта мерзімді толқындар, ұзақ мерзімді толқындар, экономикалық өсу, сұраныс факторлары, ұсыныс факторлары, бөлу факторлары, экстенсивті өсу, интенсивті өсу, аралас өсу, экономикалық өсудің үлгілері, т.б.
Экономиканыңциклдікдамуы – бұл нарықтық экономика жағдайында іскерлік белсенділіктің үнемі үздіксіз ауытқып отыруы. Өндірістің өсуі ылғи да оның құлдырауымен жүріп отырады. Циклділікті басқаша кезеңділік деп атайды. Экономикалық белсенділіктің кезеңділігі нарықтық экономиканың қозғалуы мен даму формасын көрсетеді.
Экономикалық әдебиеттерде экономикалық циклдің әртүрлі ұзақтылығы оларды зерттеген ғалымдардың атымен аталады. Мысалы, 2-4 жылға созылатын циклдер Китчиннің циклдері деп, ал 10-жылдық циклдер – Жуглярциклдері, Марксциклдері, 15-20 жылға созылатын циклдер – Кузнецциклдері, 40-60 жылға созыла- тын циклдер – Кондратьевтің«ұзынтолқындары» деп аталады.
Экономикалық циклдердің негізін кезеңділікпен туындап отыратын экономикалықдағдарыстар құрайды. Өндірістің бір экономикалық дағдарыс-тан екінші бір экономикалық дағдарысқа өту қозғалысын экономикалықцикл деп атайды.
Экономикалық цикл төрт фазадан тұрады: дағдарыс, тоқырау, жандану және өрлеу.