Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты


ТАҚЫРЫП 3. МЕНШІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ



бет5/61
Дата27.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#128714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Дәріс Модуль (1)

ТАҚЫРЫП 3. МЕНШІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ
МАҚСАТЫ: әртүрлі өлшемдеріне байланысты экономикалық жүйелердің типтеріне тоқталу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталу, меншік қатынастарын зерттеу және Қазақстанның өтпелі экономика жағдайындағы ерекшеліктеріне тоқталу.


ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:

  1. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны

  2. Меншік түрлері мен формалары

  3. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру:этаптары, формалары, әдістері

  4. Экономикалық жүйе және оның элементтері.

  5. Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.

  6. Аралас экономикалық жүйе.



НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР: экономикалық жүйе, дәстүрлі экономикалық жүйе, жоспарлы экономикалық жүйе, нарықтық экономикалық жүйе, аралас экономикалық жүйе, постиндустриалдық қоғам, меншік, меншік құқығы, меншік нысандары, меншік субъектісі, жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу, т.б.


1. Меншік- күрделі де көпжақты құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады. Меншікті қарастырудың 2 тәсілдемесін ажырату керек:
1-ші, меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастыру. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысынан қатынастар.
2-ші, меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.
Меншіктік қатынастардың келесідей түрлері болады:
а) иемдену қатынастары;
ә) мүлікті шаруашылық пайдалану қатынастары;
б) меншікті экономикалық өткізу қатынастары.
Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а) екі жұп категорияларының өзара байланыстары: иемдеу-жатсыну;
ә) жекелену –қоғамдану сияқты категориялардың өзара байланысы;
б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
в) табыстарды үйлестіру тәсілдері;
г) суъектілік-объектілік талдау.
Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдікрермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасқан санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.
Меншік құқықтарын жүзеге асыру үшін меншік құқықтарының айрықшалануы өте маңызды. Меншік құқықтарының айрықшалануы-бұл мншіктің объектісін, субъектісін және меншікке өкілдіктерін анықтау.
Меншік субъектісінің 3 негізгі құқықтары бар:
А) иелік ету ә) пайдалану; б) билік ету.



    1. Меншік- тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр.

Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айырмашылықтары бар болғандықтан, түрлі иемдену нысандары немесе меншік нысандары ажыратылады. Олар: жеке иемдену нысандары; ұжымдық иемдену нысандары; қоғамдық иемдену нысандары.
Меншік түрлері мен формалары:

  1. Жеке меншік: а) еңбекке негізделген жеке меншік; ә) еңбекке негізделмеген жеке меншік.

  2. Ұжымдық меншік: а) серіктестіктер; ә) кооперативтік; б) акционерлік; в) біріккен.

  3. Қоғамдық меншік: а) жалпы мемлекеттік; ә) муниципалдық болып бөлінеді.



3. Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет иелігіне алу, жекешелендіру процестерімен байланысты.
Мемлекет иелігінен алу-мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шарралар жиынтығы. Жекешелендіру-мемлекет қарамағындағы кәсіпорындарды жеке меншік компанияларға айналдыру. Жекешелендіру формалары:
а) мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жалға беру;
ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу;
б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;
в) мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру;
г) еңбек ұжымының мүшелеріне сату;
д) адамдарға аукциондық және конкурстық әдіс арқылы сату.
Қазақстан Республикасындағы мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесін 4 кезеңге бөліп қарауға болады:
І-ші кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде мемлекеттік орталықтандырылған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымды реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату.
ІІ-ші кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Жекешелендірудің 2-ші кезеңінің негізгі мақсаты- мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объектілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеуімен өткізіп беру жолымен қайтару процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып табылады.
ІІІ-ші кезеңі 1996-1998 аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы 246 Қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылады.
3-ші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекшелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып табылады.
ІҮ-ші кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтиды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы 683 қаулысымен бекітілген “1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылды.
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты- жекелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаранттық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету.
4. Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.
Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі, Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.
Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.
Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.

  1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.

  2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?

  3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)

  4. Кім үшін өндіру керек?

  5. Өзгерген жағдайларға бейімделе ала ма? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).

5. Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады,ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

  1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

    1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

    2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

    3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

    4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

  2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

    1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

    2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске, дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

    3. Постиндустриалдық жүйе - бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет