Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет6/61
Дата27.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#128714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Дәріс Модуль (1)

Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:

  1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

  2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.

  3. Техникалық прогресс шектеулі.

  4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

  5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

  6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.

  1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

  2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.

  3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

  4. Орталықталынған ресурстар қоры.

  5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.

Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономикаға тән қасиеттер:

  1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.

  2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.

  3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

  1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.

  2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.

Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттің ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
6. Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.

  1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».

  2. Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мұнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.

  3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, тегін білім алу мен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.

  4. Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизмі мен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі, Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.

Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға, қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әр түрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет