Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет46/61
Дата15.05.2023
өлшемі474,58 Kb.
#93199
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі келесі өзара байланысқан элементтерден құралады:

  1. жалпы мемлекеттік қаржылар;

  2. шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары;

  3. үй шаруашылықтарының (тұрғындардың) қаржылары.

Бұл жүйенің негізгі элементі ретінде жалпы мемлекеттік немесе орталықтандырылған қаржылар саналады.

Мемлекеттік қаржы үшке бөлінеді:


а) мемлекеттік бюджет; ә) мемлекеттік несие;

б) арнайы бюджеттен тыс қорлар.


Мемлекеттік бюджет – қаржы ресурстарының орталықтандырыл- ған қорын жасаумен байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы. Мемлекеттік несие – бюджет тапшылығын жабуға арналған қаржылар, ол ішкі және сыртқы жинақталған қарыздың сомасын көрсетеді.
Арнайы бюджеттен тыс қорлар – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсатты қаржыландырудың қосымша нысаны. Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып орталықтандырылмаған қаржылар табылады. Өйткені оларда мемлекеттің және субъектілердің қаржы ресурста-рының негізгі бөлігі шоғырландырылған және қоғамдық игіліктер жасалады. Ал қаржы жүйесінің шешуші буыны ретінде шаруашылық субъектілерінің қаржылары табылады. Оларға қаржылардың мынадай түрлері кіреді:
а) материалдық өндіріс саласында (нақты секторда) жұмыс істейтін субъектілердің қаржылары;
ә) қаржылық ұйымдардың қаржылары;
б) қызмет көрсету саласы мекемелерінің қаржылары.
Сондай-ақ орталықтандырылмаған қаржыларға үй шаруашылықтарының қаржылар жатады.
Қоғамда жасалған жиынтық өнімді бастапқы бөлу үдерісінде үй шаруашылықтарының, фирмалардың және мемлекеттің қарамағына келіп түсетін қаржы ресурстары олардың мақсатты жұмсалуы бойынша қолданылады. Мұндай қаржылық ресурстар банктік жүйе және қор нарығы сияқты қаржы нарықтары арқылы әріқарай қайта бөлу үдерісіне келіп түсуі мүмкін, бұл кезде осындай қаржылардың қозғалысы нарықтық келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінен мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі бөлініп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет