Жанамасалықтар – бұл тауарлар мен қызметтерді өткізу, экспорттық-импорттық және сол сияқты операцияларымен байланысты тауар бағасына үстеме немесе пайыз қосу арқылы алынатын салықтар. Қазақстанда жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциздер жатады.
Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-жылдардың басында зерттеп, табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі деген қорытындыға келді. А. Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.
Лаффер қисығы – бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдердің салық мөлшерлемесінің деңгейіне тәуелділігін сипаттайтын қисық сызық. Салықтың нөлдік деңгейі кезінде мемлекет қазынасына ешқандай салықтық түсімдер түспейді. Салық мөлшерелемесінің 50%-ға (кейбір әдебиет көздерінде 35%-ға дейін) дейін өсуі кезінде бюджетке түсетін салықтық түсімдер максимум деңгейіне жетеді, ал салық мөлшерлемесінің одан әрі артуы енді бюджеттік түсімдерді төмендетеді. Бұл кәсіпкерлік қызметке деген ынтаны төмендетеді (себебі салықтың жоғары мөлшерлемесі кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар өздерінің тапқан табыстарының едәуір бөлігін мемлекет қазынасына аударуға мәжбүр болады). Өз кезегінде, кәсіпкерлер банкроттыққа ұшырайды, соның салдарынан олар салықтан жалтарып және өз табыстарының бір бөлігін жасырып, «көлеңкелі» бизнеске кетуі мүмкін. 100%-дық салық мөлшерлемесі кезінде экономикалық қызмет толығымен тоқтайды. Лаффер қисығы 14.1-суреттекөрсетілген.
Сонымен, Лаффер әсері– бұл кәсіпкерлік табысқа салынатын салықтардың тым жоғары болуына байланысты инвестициялық белсенділіктің жоғалуы мен еңбекке ынтаның төмендеуі салдарынан ресми экономиканың көлеңкелі экономикаға өтуі
t салық мөлшерлемесі
100%