Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты


Арзан ақша-несие саясатын жүргізу кезінде



бет60/61
Дата15.05.2023
өлшемі474,58 Kb.
#93199
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Экономика

7. Арзан ақша-несие саясатын жүргізу кезінде:


  1. Инвестиция қысқарады

B) Пайыз мөлшерлемесі өседі
C) Ақша ұсынысы артады
D) Ақша ұсынысы қысқарады
E) Салықтар қысқарады

ТАҚЫРЫП 15. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
МАҚСАТЫ: мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарын, экономиканы мемлекеттік реттеу түсінігін, түрлері мен формаларын қарастыру
ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:

  1. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы

  2. Экономиканы мемлекеттік реттеу мәні

  3. Мемлекеттік реттеу түрлері мен формалары

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР: мемлекет, экономиканы мемлекеттік реттеу, экономикалық қауіпсіздік, рынокттік тетіктер, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері, экономиканы мемлекеттік емес реттеу әдістері

1. Кез - келген әлеуметтік ұйымның түбірлі мәселесі адамдардың басым көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлеуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждығын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады Әлеуметтік ұйымның субъектісі- мемлекет, ал объектісі- халық.


Классикалық үлгі. Бұл үлгіге сәйкес өндірушілер де, тұтынушылар да рыноктық ережелерге сай қызмет етеді. Белгілібір себептермен осы қызмет жеткіліксіз болса, онда мемлекет тарапынан жалпы мүддеге сай келетіндей түзетулер, толықтырулар енгізіліп, реттеу қажеттігі туындайды.
Мұндай үлгіні тұңғыш рет А.Смит “Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу” деген әйгілі кітабында (1776ж.) ұсынған болатын. А.Смит пікірінше, жеке тауар өндірушілер рыногы мемлекеттің бақылауынан толығымен босауы керек.
Классикалық үлгі, мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, экономикалық міндеттердің басым көпшілігі рыноктық механизм талабына сай шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекет қосымша рол атқарады, мемлекеттік араласуды жақтаушылар өз көзқарастарын дәлелді пікірлер арқылы ғана қорғауы керек. Мемлекеттің атқаратын қызметі, оның ролі рынок жағдайында істейтін жеке фирмалар үшін қосымша, жанама. Классикалық мектептің экономистері әртүрлі тарифтер жасауды баға деңгейін тұрақтандырды, техникалық жаңалықтарды енгізуді үкімет тарапынан реттеуге ұмтылыстардың бәріне қарсы.
Жаңа классикалық үлгі. Үстіміздегі ғасырдың соңғы 60-70 жылдары ішінде қоғамдық қажеттіліктерді анықтау мен экономикаға ықпал етудегі мемлекет рөліне байланысты көптеген жаңа сипаттар орын алды. Мұның өзі 30-жылдары АҚШ-та орын алған Ұлы тоқырау жылдарына байланысты. Бұл үлгінің қалыптасуына Ж.Б.Сэйдің (1767-1832) өткізу теориясы жатады. Оның артық өндіріс, артық рынокты қалыптастырады деген пікірі, сұраныс пен ұсыныс арақатынас түсініктерін өте қарапайым туындауы. Өнім әрдайым өнімге айырбасталмайды, сондықтанда ол сатылады, ақшаға айналады, ал бұл айналыс өте күрделі процесс. Ұлы тоқырау тәжірибесі көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дәрежеде болмаса, ең төменгі процент ставкасының өзі де қажетті дәрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайды, олай болса сұраныста ұлғаймайды. Стагнация процесі жалғаса береді. Бұған қарсы бірден бір қолданатын шара – мемлекеттік араласу.


2. Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл нарық механизмінің қалыпты қызмет жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері. Бұндай реттеудің элементтері алғаш рет 1-ші дүниежүзілік соғыс кезінде болған. Ал 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы мемлекеттік реттеу өнеркәсіпті дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналады.
Экономиканы реттеудің 2 әдісі бар: 1-шісі- рыноктық тетіктер – тауар –ақша қатынастары мен баға арқылы; екіншісі- әкімшілік-әміршілік, директивалық әдіс. 1-ші әдіс бойынша өндірістің өсіп-дамуы төлем қабілеті бар сұранысқа байланысты. 2-ші әдіс бойынша кәсіпорын өндірістің тұрақты өсуі үшін өзіндік мақсат пен бағдар ұстайды.
Нарық мемлекетпен және тауар өндіретін кәсіпорындар арқылы реттеледі. Реттеу әдістерін 2 белгісі арқылы топтастыруға болады:
а) реттеу субъектілеріне қарай – мемлекеттік және мемлекеттік емес;
ә) нарықтық тепе-теңдікке әсер етуіне қарай- тікелей және жанама.
Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар әдетте белгілі бір адрестік сипатта болады және қайсыбір объектіге бағытталған. Нарықты тікелей реттеу әдістеріне төлем қабілеті бар жиынтық сұранысты құру, сонымен бірге халық шаруашылығын тұрақтандыру үшін пайдаланатын орталықтандырылған тәсілдер кіреді.
Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады.


3. Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарына фискальдық, несие, ақша саясаты, бағалар мен тұрғындардың табысын реттеу жатады.
1. Фискальдық саясат мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салалары мен кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем ақылар, салық шаралары жатады.
2. Несие-ақша саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілділікпен несие беру жатады.
3. Бағаны және табысты реттеу саясаты.
4. Әкімшілік реттеулер.
5. Қысқа мерзімді реттеулер.
6. Ұзақ мерзімді реттеулер.
Мемлекеттік емес реттеу әдістеріне жататындар:

  • тікелей шаруашылық келісім-шарттар;

  • несие мен қарызды беру немесе алу туралы өзара келісім;

  • кәсіпорындардың әртүрлі ассоциацияларын ақпараттық жүйелерді, фирмалық дүкендерді, валюталық және басқа да аукциондарды ұйымдастыру;

- мамандандырылған банктер, қор және тауат биржалары арқылы нарықтық қатынастардың дамуына әсер ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет