Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет14/61
Дата15.05.2023
өлшемі474,58 Kb.
#93199
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Байланысты:
Экономика

Әлеуметтік инфрақұрылым – бұл халықтың дұрыс өмір сүруі үшін материалдық, мәдени-тұрмыстық, рухани жағдайларды қамтамасыз ететін салалардың және салаішілік салалардың жиын- тығы. Бұл әртүрлі қызмет көрсетулер мен рухани игіліктерді өндіру аясы. Әлеуметтік инфрақұрылымның құрамына мыналар жатқызылады: халыққа білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, мәдениет пен өнер, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушылар көлігі, халыққа қызмет көрсету орталықтары, т.б.
Нарықтық инфрақұрылым – бұл ерекше нарықтар ретінде әрекет ететін және олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысқан жиынтығы. Нарықтық инфрақұрылымның құрамына мыналар жатады: банктер, сақтандыру компаниялары, тауар және қор биржалары, еңбек биржалары, сауда үйлері, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, жәрмеңкелер мен көрмелер, аукциондар, делдалдық құрылымдар, сауда-өнеркәсіп палаталары, кедендік мекемелер, ақпарат орталықтары, жарнамалық агенттіктер, заң қызметтері, т.б.


ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ:


  1. Адам Смиттің «көрінбейтін қол» қағидасын қалай түсінуге болады?

  2. Нарықтың анықтамаларына сипаттама беріңіз?

  3. Нарықтың негізгі элементтеріне не жатады?

  4. Нарықтың атқаратын негізгі қызметтері қандай?

  5. Нарықтың принциптері қандай?

  6. Нарықтың әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері қандай?



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДЕРІН БАҚЫЛАУ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін келістіріп отыратын құдырет не?

А) Экономика
В) Қор биржасы
С) Баға
D) Ақша
Е) Банк
  1. Тауардың баламалық құны былай өлшенеді:


А) Берілген тауарды өндіру үшін кеткен ресурстар шығындарымен
В) Баға индексімен
С) Берілген тауарды өндіру үшін кеткен ақша саныменен
D) Берілген тауарды өндіру үшін басқа тауар өндіруден бас тарту арқылы
Е) Үнемделген ресурстар көмегімен


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет