Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет2/61
Дата15.05.2023
өлшемі474,58 Kb.
#93199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Экономика

ҚАЙТАЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

    1. «Экономия», «саяси экономия», «экономикс», «экономикалық теория» ұғымдарының айырмашылықтарын көрсетіңіз?

    2. Экономика негіздерінің зерттеу пәні болып не табылады?

    3. Экономика негіздерінің зерттеу объектісі мен субъектісі болып не табылады?

    4. Экономика негіздерінің зерттеу әдістеріне не жатады?

    5. Позитивті және нормативті экономикалық талдауға анықтама беріңіз?

    6. Экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларға сипаттама беріңіз?

    7. Экономика негіздерінің экономикалық ғылымдар жүйесіндегі алар орны қандай?

    8. Экономика негіздерінің атқаратын қызметтері қандай?

    9. Экономика негіздерінің ғылым болып қалыптасуындағы экономикалық мектептердің рөлі қандай?

    10. Экономика негіздерінің қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері қандай?



ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:
1) Саяси экономия ұғымын ғылыми айналымға тұңғыш енгізді:
A) Франсуа Кенэ;
B) Жан Батист Кольбер;
C) Антуан де Монкретьен;
D) Буагильбер;
E) К.Маркс.
2) Экономика негіздерінің пәні, ол:
A) шектелмеген тұтынушылықты оқыту;
B) шектелген ресурстарды оқыту;
C) өндіріс, бөлу, айырбас және материалдық игілікті тұтыну;
D) шектелмеген тұтынушылықты қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды пайдалану;
E) экономикалық агенттердің қызметтерін оқыту.
3) Аталған қатынастардың әлеуметтік-экономикалық түрі, ол:
A) экономиканы ұйымдастыру қатынастары;
B) адамның табиғатқа қатынасы;
C) меншік қатынастары;
D) еңбектің бөлінісі мен кооперациясы;
Е) техника, технология қондыру қатынастары.
4) Жекеден жалпыға қорытынды шығаруға негізделген тану әдісі:
A) экстраполяция;
B) индукция;
C) абстракция;
D) дедукция;
E) логика.
5) Экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты қайталанатын байланыстар:
A) Экономика негіздерінің пәні;
B) экономикалық заң;
C) экономикалық категория;
D) экономикалық саясат;
E) экономикалық ойлау.
6) Табиғат пен қоғам заңдылықтарының ұқсастығы:
A) объективті қасиетке ие;
B) адам қызметіне тәуелді емес;
C) адамдардың экономикалық қызметі арқылы анықталады;
D) тарихи өтпелі қасиетке ие;
E) мәңгілік болып табылады.
7) Егер экономика өндірістік мүмкіндіктер шекарасының ішінде әрекеттенсе:
A) барлық ресурстар толық пайдаланылады;
B) қазір өнім шығару максималдыға жеткен;
C) жартылай жұмыс бастылық және жұмыссыздықтың болуы;
D) экономиканың әміршілік болуы;
E) бағаның еркін болуы.
8) Өндіріс тиімділігі дегеніміз:
A) өндірістің түпкі нәтижесінің оның шығындарына қатынасы;
B) еңбек құралдарының, техниканың тиімділігі;
C) қоғамның тұтынуын қанағаттандыру дәрежесі;
D) шығындар құндылығының нәтижеге қатынасы;
E) пайданың айналмалы қорларға қатынасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет