Дәрістік сабақ конспектілері. дәріс



Pdf көрінісі
бет10/30
Дата24.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#62596
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 1-15 Операциялық жүйелер (1)

Үрдіс мәнмәтінінің құрылымы. Үрдіс мәнмәтіні мәтін арқылы анықталған күй мен, 
пайдаланушының ауқымды айнымалылар мәнімен және ақпараттық құрылымдары мен, қолданылатын 
машиналық регистр мәні мен, есептің мекендік кеңістігінде және үрдістер кеңістігіндегі 
позицияларында сақталған мәндері мен, сонымен қатар берілген үрдіске қатысты есеп және ядро
стектерінің құрамы болып табылады. Жүйенің операциялық мәтіні және оның ауқымды ақпараттық 
құрылымдары барлық үрдістер мен бірге қолданылады, бірақ үрдістің мәнмәтінінің құрамдас бөлігі 
болып табылмайды.
Үрдістің пайдаланушы мәнмәтіні деп үрдістің адрестік кеңістігінде орналасқан кодты және 
мәліметтерді түсінуге болады. Динамикалық бөлінген жадыда орналасқан (мысалы стандартты 
кітапханалық функциялар malloc, callloc және realloc) көмегімен барлық мәліметтер 
инициализацияланатын 
және 
өзгермейтін 
мәліметтерге 
(мысалы 
константалар), 
инициализацияланатын және өзгеретін мәліметтер (компилляция кезінде меншіктелетін барлық 
айнымалылар), инициализацияланбай өзгеретін мәліметтер (компилляция кезінде бастапқы мәндері 
меншіктелмеген барлық статикалық айнымалылар), қолданушы стегі және мәліметтерге бөлінеді. 
Орындалмайтын код және инициализацияланатын мәліметтер программалар файлы құрамын 
құрайды, олар үрдістің мәнмәтінінде орындалады. Пайдаланушылар стегі қолданбалық режимдегі 
(user-mode) үрдістің жұмысы кезінде қолданылады. 
Ядро мәнмәтіні түсінігінде біріккен регистрлік мәнмәтін және жүйелік мәнмәтін түсінігі 
берілген.Үрдіс іске қосылған жағдайда жүйе үрдіс контекстінде орындалады. Егер жүйе ядросы басқа 
үрдісті іске қосуды жүзеге асыру кезінде ол мәнмәтіннің аусып қосуын орындайды, себебі басқа үрдіс 
өзінің мәнмәтінінде орындалу керек. Мәнмәтіннің қайта ауысу кезінде жүйе ядросы алдыңғы 
ақпаратты сақтайды, өйткені ол бірінші үрдіс мәнмәтінінде қайта оралып оны аяқтауға мүмкіндік 
береді. 
Үрдіс мәнмәтіні құрамында үрдіске бөлінген есептің мекен кеңістігі және үрдістің құрамына 
кіретін аппараттық регистр және деректер ядросының құрылымы болады. Пайдаланушы мәнмәтіні 
командалардан және үрдіс деректерінен, есеп стегі және бірігіп қолданатын виртуалды үрдіс 
мекенінің жады кеңістігінен тұрады. 
Үрдістің мәнмәтіні пайдаланушы мәнмәтіні мен ядро мәнмәтінінен тұрады. 
Сурет 1. Үрдіс мәнмәтінін құраушы. 
Негізгі әдебиеттер 1 [151–156], 9[25-31], 3[19-41] 


19 
Қосымша әдебиеттер 13 [59-65], 11[104-116], 15[114-157] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет