Дәрістік сабақ конспектілері. дәріс



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата24.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#62596
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 1-15 Операциялық жүйелер (1)

 ОЖ-нің жіктеуі (классификация) ОЖ-нің тағайындауын (белгілеуін) және олардың орындайтын 
функцияларын қарастыра отырып, ең ортақ жіктеушілер принципін негізге ала отырып, барлық алуан 
түрлі ОЖ-лерді жіктеуге болады: 
1. Бір мезгілде бар программалық процесстердің санына байланысты ОЖ-лер бірпрограммалы 
және мультипрограммалы болып бөлінеді. Мультипрограммалық ОЖ-нің, бір программалық ОЖ-
ден айырмашылығы есептеу процессі компьютер жадында бір мезгілде бір процессорда кезекпен 
орындалатын бірнеше программаның болуын ұйымдастыру; 
2. Есептеу жүйесіне қатынасы бар қолданушылар саны бойынша, бір қолданушы және көп 
қолданушы ОЖ-і болып танылады. Көп қолданушы жүйелері бірнеше қолданушыға бір мезгілде 
жүйесіне қатынасқа мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әр қолданушы өзінің терминалымен жұмыс 
істейді, бірақ барлық есептеулер бір компьютерде шығарылады. 
3. Белгілеуі бойынша ОЖ-лер әмбебабтық және мамандандырылған болып бөлінеді. 
Мамандандырылған ОЖ-лер бекітілген программалар жиынымен жұмыс істейді. 
4. Жүктелу әдісі бойынша жүктелетін ОЖ-лер және есептеу жүйесінің жадында үнемі 
(ылғи)болатын жүйелер деп бөлуге болады. Соңғы, ереже бойынша, мамандандырылған 
құрылғылардың жұмысын басқару үшін пайдаланылады. 
5. ОЖ-ні пайдалану аймағының ерекшелігі бойынша жүйелік десбелік (пакеттік) өңдеу, 
жүйелік уақытты бөлу және жүйелік нақты уақыт болып бөлінеді. 
Жүйелік дестелік өңдеулер көбінесе тез нәтиже алуды қажет етпейтін, есептеу 
тапсырмаларын шешуге арналған (есептерді шығаруға арналған). 
Уақытты бөлу жүйелерінде есептеу процесстері тапсырмаға процессор уақытының кванты 
бөлінетіндей ұйымдастырылған. Оның салдарынан, бірде бір есеп процессордың көп уақытын 
алмайды және бұл қолданушыға өзінің программасымен диалог құруға мүмкіндік береді. 
Нақты уақыт жүйелері әр түрлі техникалық объектердің немесе технологиялық процесстерді 
басқару үшін пайдаланылады. Мұндай жүйелер сыртқы оқиғалар реакциясына шекті уақытпен 
сипатталады. Сол шекті уақытта объекті басқару программалары орындалу керек. Жүйе түсетін 
деректерді, олардың түсуінен, еске сала кететіні, бір мезгілде бірнеше дерек көзінен жылдамырақ 
өңдеуі керек. 
ОЖ келтірілген жіктеулерге өзгеріс енгізілуі мүмкін. Қазіргі заманғы ОЖ-нің қолдану 
ерекшеліктері Олифердің «Операционные системы» кітабында толығырақ көрсетілген.
Негізгі әдебиет 1 [14–37, 77–85], 9 [21-32]. 
Қосымша әдебиет 15 [114-157], 19 [174–176] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет