12
серверлерін зақымдауы мүмкін. Басқа ОЖ-нің сенімділігінің потенциалының ұлғайуының көзі –
классикалық ядромен салыстырғанда микроядро кодының кішірейген көлемі болып табылады. Бұл
программалауда қатенің пайда болуының ықтималдығын төмендетеді.
Микроядромен модель үлетірілген есептерді қолдау үшін жақсы сәйкес келеді,
себебі желіге
ұқсас клиенттер және серверлер хабарларды айырбастау жолымен өзара әрекеттесетін механизмдерді
пайдаланады. ОЖ-нің микроядролық серверлері бір компьютерде, сол сияқты әр түрлі
компьютерлерде жұмыс істей алады. Қосымшадан хабар алған кезде микроядро оны өздігінен өңдейді
және жергілікті серверге береді немесе желі арқылы басқа компьютерде жұмыс істеп тұрған
микроядроға жібереді. Үлестрілген өңдеуге өту ОЖ жұмысына минимальды өзгерістерді талап етеді –
жай жергілікті көлік желілікке ауыстырылады.
ОЖ-нің микроядролық архитектурамен бұрын қарастырылған қасиеттерінің бәрі оны
жасаушылардың қолдануы оның артықшылығының куәсі. Бірақ,
бұрын айтылғандай, бұл сапаның бәрі
ОЖ-нің өнімділігін кеміту арқасында пайда болады. Іс мынада, ОЖ-ні классикалық түрде
ұйымдастырғанда жүйелік шақыру екі айырып-қосқышпен сүйемелденеді, ол микроядролық
ұйымдастыруда айырып-қосқышпен сүйемелденеді.
Сонымен микроядро негізіндегі ОЖ әр түрлі жағдайдағы тең шарттармен үнемі классикалық
ядросы бар ОЖ-ден өнімділігі кем болады. Сол себепті микроядролық
әдіс оған алдын ала
айтылғандай кең таралған жоқ.
Барлық ОЖ-ні құруда қарастырылған әдістердің әр қайсысының өздерінің артықшылықтары
және кемшіліктері бар. Көп жағдайларда қазіргі заманғы ОЖ-лер осы әдістердің әр түрлі
комбинацияларын пайдаланады. Мысалы, Linux ОЖ ядросы микроядролық архитектураның
элементтері бар монолиттік жүйені көрсетеді. Ядроның компиляциясы кезінде модуль деп аталатын
ядроның өте көп компоненттерінің динамикалық жүктелуін және түсірілуін шешуге болады. Модуль
жүктелген кезде оның коды жүйе деңгейінде жүктеледі және
ядроның басқа бөліктерімен
байланысады. Модульдің ішінде кез келген ядромен экспортталған функциялардың пайдаланылуы
мүмкін.
Негізгі әдебиет 1 [14–37, 77–85], 9 [21-32].
Қосымша әдебиет 15 [114-157], 19 [174–176]
Баылау сұрақтары
1. Mach-тағы процесс аралық өзара әрекет.
2. Микроядролық архитектураның негізгі ережесі.
3. Үш қабатты есептеу жүйесінің құрылымы.
4. Клиент-сервер технологиясының артықшылығы.
5. ОЖ-нің серверлерінің негізгі тағайындалуы.
6. ОЖ-ні монолитті ядромен және микрядролық архитектурамен жүзеге асырудың негізгі
айырмашылықтары.
7. Қосымшалардың ОЖ-нің
функцияларына қатынау механизмін ұйымдастыру.
8. ОЖ-нің ядросы және қосымша модульдері.
Достарыңызбен бөлісу: