Дешифраторлар



Дата11.01.2023
өлшемі41,32 Kb.
#60987

Дешифраторлар
Дешифратор (Decoder) – кірістеріне түскен екілік кодқа сәйкесті шығысында сигнал қалыптастырушы құрылғы. Мысал ретінде төрт теріс шығысты (Q3 … Q0) дешифратордың схемасын құру жолын қарастыралық. Шығыс саны төртеу болғандықтан, оның кірісіне түсетін код екіразрядты (A1A0) болады. Дешифратордың іске қосу кірісіндегі (E, Enable) сигналдың жандандыру деңгейін төменгі (0) мәнінде алалық.
Дешифратордың келтірілген түсіндірме суреттемесінің негізінде, оның ақиқаттық кестесін (1.9-кесте) құрайық.
1.9 К е с т е

E

A1

A0

Q3

Q2

Q1

Q0

0

0

0

1

1

1

0

0

1

1

1

0

1

1

0

1

0

1

1

1

1

0

1

1

1

1

x

x

1

1

1

1

Кесте деректерінің негізінде жазылған дешифратор шығыстарының логикалық өрнектері:
;
;

.
1.13-суретте дешифратордың жазылған өрнектер негізінде құрылған схемасы келтірілген.

1.13 Сурет
Дешифратор схемада шартты сызба белгілемесімен (1.14, a-сурет) көрсетіледі, ал 1.14, b-суретте оның жиналған схемасының біріктірілген жеке блок түріндегі суреттемесі келтірілген.





a

b

1.14 Сурет
1.2.3.2.1 Дешифратор негізінде қиыстырма құрылғы құру
Күрделі логикалық функцияның өрнегінің жазылу тәртібін қарастыру кезінде (1.1.4-тарау) функцияның алынған логикалық өрнегіне (1.1) көз салсақ, ондағы әрбір термнің тура сегіз шығысты дешифратордың сәйкесті шығыстарының адресі екендігін көреміз. Демек, осындай дешифратордың сәйкесті шығыстарын бескірісті НЕМЕСЕ элементінің кірістеріне жалғау арқылы берілген функцияны жүзеге асыруға болады. Егер дешифратор теріс шығысты болса, онда (1.1) өрнегін де Морган заңы арқылы түрлендіреміз:
.
Алынған өрнектен берілген құрылғының қызметін теріс шығысты дешифратор негізінде жүзеге асыру үшін оның сәйкесті шығыстарына бескірісті ЖӘНЕ-ЕМЕС элементін жалғау жеткілікті екендігі көрініп тұр (1.15-сурет).

1.15 Сурет
Қиыстырма құрылғыны дешифратор негізінде құру тәсілі – аса ыңғайлы тәсіл: біріншіден, логикалық өрнекті минимизациялаудың қажеті жоқ (дәлірек айтқанда, өрнектің де қажеті жоқ, қажетті жалғамдар кестеден көрініп тұр), екіншіден, жалғыз дешифратор негізінде бірнеше функцияны қатар жүзеге асыруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет