Тапсырмалардың орындалуын қадағалау үшін дескрипторлар құрылады. Дескриптор дегеніміз – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама. Сабақ барысындағы қалыптастырушы бағалаудың әр түрлі кезеңдерінде оқу мақсаттарына сәйкес құрастырылған тапсырмалар беріледі. Тапсырмалардың ашық және жабық түрлері болады. Жабық тапсырмалардың бірнеше түрі бар: бір жауапты таңдау, бірнеше дұрыс жауабы бар, сәйкестігін анықтау, бізізділікті анықтау. Ашық тапсырмаларға қысқаша жауап беру, толық жауап беру, эссе жазу жатады. Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін оқытудың белсенді әдістерін қолдану керек.