9-сынып оқушыларына арналған биология бойынша жазбаша емтихан жұмысы 2020-2021 оқу жылы Емтихан жұмысының сипаттамасы
Орындау уақыты
2 сағат
Жазбаша жұмыс екі бөлімнең тұрады:
А бөлімі 15 тапсырмалардан тұрады, ұсынылған төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау керек. Әр тапсырма 1 баллмен бағаланады.
В бөлімінде қысқа немесе толық жауаптарды қажет ететін бірнеше сұрақтардан тұратын 4-5 құрылымдалған тапсырмалар бар. Тапсырмалар 2-10 балл аралығында бағаланады.
Барлығы 50 балл Оқушылар сызғышты, қарындашты, өшіргішті, калькуляторды қолдана алады.
Барлық тапсырманы міндетті түрде орындау қажет.
Тапсырмалар дәптер парақтарында орындалуы керек.
1-нұсқа
А бөлімі Нұсқаулық: бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларды орындаңыздар 1.Төменде көрсетілгендердің қайсысы өсімдіктер мен жануарлар жасушаларына ортақ
А. Хлоропластардың болуы
Б. Жасушада 46 хромосом
В. Химиялық құрамы
Г. Бірдей құрылымды
1
2. Жасушалардың тіршілік әрекеті үшін қажетті энергия қандай органоидтарда түзіледі?
А. Рибосомада
Б. Ядрода
В. Эндоплазмалық торда
Г. Митохондрияда
1
3. Тұқымқуалау ақпаратын тасымалдау қызметін атқарады:
А. Нәруыздар
Б. ДНК молекуласы
В. Көмірсулар
Г. Майлар
1
4. Аналық жасушалар арасында қандай үрдіс хромосомалардың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді ?
А. Қоректену
Б. Тынысалу
В. Қозғалыс
Г. Бөліну
1
5. Жасушадағы қандай қарама-қарсы үрдістер метаболизмді құрайды?
А.Өсу және даму
Б. Тыныштық және қозғыштық
В. Синтез және ыдырау
Г. Бөліну және қозғалыс
1
6. Ферменттер — ол:
А. Майлар
Б. Нәруыздар
В. Көмірсулар
Г. Бейорганикалық қосылыстар
1
7. Қажетті ретпен жасушаның бөліну фазаларын көрсететін әріптерді қойыңыз
А. Хросомалардың полюстерге жылжуы
Б. Хромосомалардың екі еселенуі
В. Бөліну ұршығының жіпшелеріне бекиді
Г. Екі дербес жасушаның пайда болуы
Д. Хромосомалар жасушаның экватор жазықтығына орналасады
Е. Ядро қабығы жойылады
Ж. Ядро көлемі іріленеді және мөлшері ұлғаяды
1
8.Дұрыс құрастырылмаған қоректік тізбекті таңдаңыз:
А) шөп - шегіртке - торғай - лашын
B) қырыққабат - жұлдызқұрт - инелік - торғай
C) Гүл – көбелек – тышқан - мысық
D) балдырлар - мөңке балығы - шортан - бүркіт
1
9. Энергия пирамидасын таңдаңыз, ол арқылы энергияны беру тиімділігін есептеңіз, нәтижесінде:
A) 10%
B) 6,6%
C) 5%
D) 2%
1
10.Тізімнен бейорганикалық заттардың қасиеттерін таңдаңыз:
A) сүйектерге қаттылық пен күш береді
B) сүйекке серпімділік пен икемділік береді
C) сүйектерге серпімділік береді
D) балалардың денесінде олар көп
1
11.ДНҚ-да оттегі арқылы дезоксирибоза мен фосфор қышқылының және көміртегі атомдарының арасындағы байланысты көрсетіңіз:
A) иондық
B) металлдық
C) карбоксилді
D) ковалентті полярлы
1
12. Көмірқышқыл газын анықтау - оқушының тыныс алуына дейінгі және кейінгі газдың құрамын салыстыру барысында әк суының лайлануы арқылы жүзеге асырылады. Тәжірибе нәтижелері:
А) тыныс алғанда жұтылған ауаға қарағанда атмосфералық ауада көмірқышқыл газы аз болады.
B) тыныс шығарғанда ауаға қарағанда атмосфералық ауада көмірқышқыл газы аз болады.
C) атмосфералық ауада көміртегі диоксиді тыныс алғанда жұтылған ауаға қарағанда көп болады.
D) тыныс шығарған ауаға қарағанда атмосфералық ауада көмірқышқыл газы көп.
1
13. Жануар жасушасы мен өсімдік жасушасының негізгі айырмашылығын көрсетіңіз
A) ядроның болуы
B) пластидтердің болуы
C) лизосомалардың болуы
D) рибосомалардың болуы
1
14.Сөйлемді толықтырыңыз: «Реабсорбция - бұл ...
A) зәрдің жиналуы»
B) сұйықтықты кері сору»
C) қайталама зәрдің пайда болуы»
D) шумақтардың капиллярларындағы жоғары қысым»
1
15.Пластидтер мен митохондриялардың ұқсастығын салыстырыңыз
A) мембраналық көпіршіктер
B) мембранасы жоқ органоидтар
C) ешқашан рибосома болмайды
D) екі мембранадан тұратын органоидтар
1