Дескрипторлар тапсырма бойынша орындаған жұмыс деңгейінің немесе сапасының сипаттамасы



Дата06.10.2023
өлшемі14,42 Kb.
#113289
Байланысты:
глоссарий


Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар – оқушылардың қабілеттерін есепке алатын дифференциаланған білім беруді ұйымдастыру үшін қолданылатын әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістігі деңгейін анықтайтын белгі немесе өлшем. Балл қою критерийлері – оқушының (жиынтық бағалауда) жұмысты қаншалықты дұрыс орындағанын бағалайтын тұжырым.
Дескрипторлар – тапсырма бойынша орындаған жұмыс деңгейінің немесе сапасының сипаттамасы.
Жиынтық бағалау – білім алу кезеңдері мен сатылары аяқталғанда болатын бағалау, белгілі мерзім бойынша оқушының дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады, бағалаудың бірыңғай критерийлерінің негізінде жүзеге асады.
Кері байланыс – нақты іс-әрекет жасау туралы хабарлау және түсініктеме алу үдерісі, мақсатқа қол жеткізудегі белгілі іс-әрекет пен оқиғаға дұрыс баға беру негізіндегі жауап түрі.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті, нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).
Модерация – мұғалімдердің бағаларды стандарттау мақсатында бағалаудың әділ және шынайы болуын қамтамасыз ететін, бір пән және сынып бойынша оқушылардың жұмыстарына талқылау жасайтын үдеріс.
Мұғалім портфолиосы - кәсіптік қызметіндегі мұғалімнің дайындық және белсенділік деңгейін, оқыту мен бағалау практикасын белгілейтін және жинақтайтын әдіс. Нәтижелерді тіркейтін электронды журнал – бөлім/ортақ тақырып бойынша бағалаудың және тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелері тіркеліп, тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаны автоматты түрде санап шығаратын электронды құжат түрі.
Оқу жетістіктерінің деңгейлері – білім алушылардың оқу жетістіктерінің маңыздылығы, шамасы мен дамуы дәрежесі. Оқу мақсаты – оқу бағдарламасына сәйкес пәннің оқыту курсы барысындағы білу, түсіну және дағды жетістігі бойынша күтілетін нәтижелерінен құралған тұжырым.
7 Оқушы портфолиосы – оқушының пәндер мен бағалаудың әр түрлері бойынша оқу жетістіктерінің жеке белгілеу, жинақтау формасы. Ортақ тақырып – пәнде көрсетілген оқу мақсаттарына жету үшін әртүрлі пән салаларынан білім мен біліктіліктің біріктірілген құралы ретінде қолданылатын білім мазмұнының біркелкі құрамдас бөлігі. Рефлексия – оқушылардың сабақ барысында берілген білімді қаншалықты жақсы игергені туралы қорытындылауы және ойлауы. Тапсырма – оқушының құзыреттілік (пәндік, тілдік, сөйлеу) деңгейін анықтауға мүмкіндік тудыратын белгілі жағдай. Тест спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын анықтайтын құжа

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет