Қазақтың қара домбырасы – шанағын жалпақ қалақша етіп, ағаштан ойып жасаған, 8-9 перне қадалған, мойны қысқа, ақын-жырау, сал-серілер ұстаған шағын да қарапайым домбыра үлгісі.
Домбыраның бұл түріне қазақ арасында ертеректе (оның кейінгі кезде жетілдіріп, музыкалық мүмкіншілігін дамытып жасаған жаңа нұсқаларына дейінгі) қарапайым халық арасында кең тараған нұсқасы жатады. Көне домбыралардың қарапайымдылығы оны көбінесе домбыра құмар жұрттың өзі жасап алуына байланысты болады. Оларды әнқұмар жұртшылық сөз сайысы –айтыста, жыраулар толғауларын, әнші-өлеңшілер өз дауысын сүйемелдеу үшін пайдаланған.
Достарыңызбен бөлісу: |