Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет127/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   265
Сүлеймен қарақшы

 Ол сорлы “бұлар қайдан келген адамдар?” дегендей, үшеуiне 

жалтақ-жалтақ қарап, ентiгiн баса алмай бiраз отырды:

— Ертең ауданнан көп мiлиса келсе, сiздердiң сазайларыңызды 

бередi.

—  А,  не  дейдi?  Мынау  қорқудың  орнына  маған  айбат 

көрсетпекшi  ме?  Мылжа-мылжаңды  шығарып  жiберейiн  бе 

қазiр?


 Темiрдей қолдар өзiн езiп жiберердей болғанда анау мұның 

кiм екенiн түсiндi.

— Ойбай, иығым. Жетер, жетер, көке. Не айтсаңыз да iстейiн.

— Қорада сендерден басқа кiмдер бар?

— Екi малшы қойларға шөп шашып жүр. Қалғандары демалып 

жатыр.


— Айран-сүт, құрт-май бар ма?

— Жейтiн болсаңыздар тауып беремiз. Сүттi азанда атарбамен 

ауданға алып кеткен. Ал май мен айран көп.

—  Үйдегi  малшыларыңды  оят.  Өздерiң  киiз  шапандарыңды 

шешiп,  айран,  майды  көтерiп  жүрiңдер.  Ал  малшыларың 

қойларды  айдайды. 

— Сонда қайда барамыз?

— Бәрiн ашыққан елге таратамыз.

—  Ойбай,  көке,  олай  етсек,  ауданнан  келген  уәкiл  бiздi 

қаматып,  аттыртып  тастайды  ғой.

—  Қазiргi  уәкiл  —  менмiн.  Шеш  деймiн  үстiңдегiнi. 

Шапаныңнан  жұрт  қорқып  қалып  жүрер.

—  Шапан  емес,  “шинель”  дейдi  мұны.  Күн  суық.  Жаурап 

қалсақ  қайтемiз.

— Өлмейсiң. Жұрт жаурағанда жаның ашыған жоқ емес пе? 

Ай, бол тез! Әйтпесе сүйектерiңдi бiр-бiрлеп сындырамын.

  Амал  жоқ,  екi  мiлиса  шинелдерiн  шештi.  Бастарындағы 

қызыл жолағы бар сүйiр қалпақтарын да жерге тастады. Сөйтiп 

дiрдек қаққан екi сорлыны үйге айдап келдi. Үй iшiнде үш жiгiт 

ұйықтап жатыр екен. Оларды тұрғызып, үш-төрт терi ыдыстағы 

сары  майды  көтерткiзiп,  сыртқа  шығарды.  Екi  мiлисаға  екi 

ағаш бөшкедегi ұйытылған айранды арқалатты. Қой жаққа жете 




262

Сүлеймен қарақшы

бергенде,  алдарынан  бағанағы  шөп  шашып  жүрген  екi  малшы 

кездестi.

—  Арбаларыңды  тастаңдар.  Бiр  ауыз  сөз  айтпай,  керi 

бұрылыңдар да, қойларды ауылға, Жалғандыққа қарай айдаңдар, 

—  дедi  Сүлеймен  мылтығын  жоғары  көтерiп  қойып. 

  Адам  түрiнен  мылтықсыз-ақ  сескенетiн  мұның  айтқанын 

аналар  екi  етпедi.  Арбадан  түсе  қап,  қойларға  жаяу  беттедi.

— Көке, мыналарды арбаға артып алайық та, — дедi бөшкенi 

иығына мықшыңдай көтерген бiр мiлиса.

— Үнiңдi шығармай, жүр осылай. Сөйлей берсең, арбаны да 

артып қоям мойныңа.

  Қорадағылардың  бiреулерiне  бөшке,  бiреулерiне  терi 

ыдыстарды  көтертiп,  ал  малшыларға  қойларды  айдатқан  үш 

қарақшы  Жалғандықтағы  мешiттiң  жанына  келгенде  Ажандар 

бiраз  жұртты  жиып  тұр  екен.  Мешiт  айналасындағы  жұрттың 

жүздерi  үрейлi.  Белсендiлердiң  зорлығынан  әбден  зәрезап 

болған олар “бұл жолы тағы қандай қасiретке тап болар екенбiз” 

дегендей, Сүлеймендер жақындағанда, сол үрейлi һәм аштықтан 

әбден  арыған  жүздерiн  төмен  салып,  отыра-отыра  кетiстi.  Тек 

iштерiндегi  жас  балалар  ғана  бұларға  қарап,  тiке  тұра  бердi.

—  Оу,  халайық!  —  деп  айқай  салды  Сүлеймен  жұртқа  таяп 

келiп. — Көтерiңдер бастарыңды! Мына бөшкелерде сары май, 

анау терi ыдыстарда айран бар. Алыңдар бәрiн талап! Ал мына 

қойларды  қайсысың  қаншауын  айдап  кетуге  шамаларың  келсе, 

соншасын айдап  кетiңдер! Үйлерiңе  апарып,  сойып жеңдер.

  Мешiт  түбiнде  әйел-еркегi  аралас  үрпиiсiп  отырған  елу-

алпыс адам осы сөзден кейiн бастарын көтерiп, жан-жақтарына 

қарасып,  өзара  күбiрлестi.  Бiрақ  ешқайсысы  орындарынан 

тұрмады. Табан астында келген олжаға сенбей отырған сыңайлы. 

Балалар  қойларға  қарай  жүгiре  берiп  едi,  екi-үш  әйел  оларды 

ұстап  қап,  жандарына  қайта  сүйреп  әкелдi.

— Неге тұрмайсыңдар?! Өз малдарыңды өздерiң алуға қорқып 

тұрсыңдар ма? Қорықпаңдар ешкiмнен!

  Осы  жолы  Сүлейменнiң  даусы  әсерлi  шыққаны  соншалық, 

тiзерлей  отырған  жұрт  дүр  етiп,  бiрден  орындарынан  тұрды 

да,  малшылар  мен  мiлисалардың  жанында  тұрған  ыдыстарға 



263



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет