Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет125/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Қазiр  датқа  ауыл  бiр  колхүз.  Жалғандық  өз  алдына. 

Қонысбай, Зағамбар, Ниязбек те бөлек-бөлек. Жоғарғы Қосағаш 

пен Қапалдар да әлденеше бөлiк-бөлiк колхүз. Сұлтанрабаттағы 

сарттар да өздерiнше бiр ұйым. Бәрiмiз қазiр Бадам деп аталатын 

ауданға  қараймыз.  Сiздiң  ауылдың  белсендiсi  —  Қошан.  Мен 

айтқан  әлгi  колхүздердiң  белсендiлерiнiң  үстiнен  қарайтын  бiр 

уәкiл бар. Ол Ақайдардағы Жайқынбайдың Құлтаны. Оның ақ 

дегенi — алғыс, қара дегенi — қарғыс. Ордабектiң де, Ноғайдың 

да, Нарымбеттiң де, әйтеуiр бұрынғы ел жақсыларының бәрiнiң 

түбiне жеткен — сол. Өзi ауылдан қатырып тұрып, түнiкелi там 

салған. Түнiкенi Ордабектiң тамын бұзып алды.

— Жә, жетер. Сол Құлтан күнде үйiнде бола ма?

— Бiр жаққа кетiп қалмаса, күнде үйiнде.

—  Нәлетi,  баяғыда  қолыма  түспей  кетiп  едi.  Осы  жолы 

бiр  түсiрермiн  уысыма…  Жалғандықтағы  мал  пермесiнде 

қарауылдар  бар  ма?

— Малшылардан басқа үш-төрт қарауыл бар. Онсыз бола ма? 

Әйтпесе, аш құрсақтанған жұрт малдардан дым қойсын ба. Бұдан 

басқа күндiз екеу, түнде екеу мылтығы бар мiлисалар тұрады.

— Қазiр сол Жалғандыққа бiзбен бiрге жүресiңдер.

— А-а, онда не iстеймiз?

 Өзiнiң әзiрше тiрi қалатынына қуанғандай, Тәңкiнiң даусынан 

бiр түрлi қуаныштың лебi сезiлгендей-дi.

— Барған соң көресiң.

  Ет  пiскенше  Сүлеймен  одан  ел  жайында  тағы  көптеген 

нәрселердi  сұрап  бiлдi.  Ет  дайын  болғанда  кемпiр  мен  шалға 

жылы-жылы  сорпа  iшкiзiп,  өздерi  де  бiраз  ауқаттанып, 

орындарынан  тұрды.

—  Екеуiң  менiң  қарагерiме  мiнгесiңдер,  —  дедi  Сүлеймен 

далаға шыққасын Тәңкi мен Сабашқа қарап. — Бозжорғаға мен 

мiнейiн.


  Бозжорға  қарагердей  дәу  емес.  Сүлеймен  мiнгенде  белi 

бүгiлiп, үстiндегi салмақтан құлап қалардай төрт тағандап, әзер 

тұрды.

— Қой, Сүлеймен. Бұл саған мiнiс болмайды екен. Оны 




258

Сүлеймен қарақшы

маған бер де, өзiңдiкiне мiн. Менiң атыма Тәңкi мен Сабаш 

мiнсiн, — дедi Ажан.

—  Жануардың  жорғалығын  бiр  көрейiн  деп  едiм.  Белi  мен 

аяқтары  осал  екен.  Шынында  бұл  маған  жарамайды.

 Қарақшылар қайтадан ат ауыстырып мiнiстi.

— Қарақтарым-ау, аттанып бара жатырмысыңдар? — дедi осы 

кезде үйден шыққан кемпiр. — Ажал тырнағынан құтқарғандарың 

үшiн Құдай жастарыңды ұзақ қылсын! Ендi бiзге ешкiм тиiспей 

ме?


—  Қорықпаңыз,  апа.  Бұдан  былай  ешкiм  тиiспейдi.  Екi-

үш  күннен  кейiн  тағы  азық  әкелiп  беремiз.  Ендi  бидай  мен  ұн 

әкелемiз.

 Кемпiр кемсеңдеп қала бердi.

—  Айтпақшы,  Тәңкi,  колхүздерiңде  бидай,  ұн  ұстайтын 

қоймалар  бар  ма?  —  деп  сұрады  Сүлеймен  жолай.

— Әлбетте, бар. О түгiлi, Жалғандықта мәгәзiн де бар. Мәгәзiн 

де, қойма да пiркәншiк Досболдың үйiнде.

  Суыт  жүрген  салтаттылар  көп  кешiкпей  Жалғандықтың 

шетiне  iлiктi.  Мұнда  Қоңырбөрiкке  қарағанда  үй  мол.  Үй  мол 

болған соң ел де көп болуға тиiс. Бiрақ бұл жерде де түтiнi түзу 

шыққан  үй  сирек.  Ауылдың  сиқы  қашқан.  Қыбырлаған  пенде 

аз.  Ауыл  шетiндегi  бiр  тамның  басына  шығып  алған  жалба-

жұлба киiмдi екi-үш бала бұларды көрiп, секiрiп-секiрiп түстi де, 

мысықты  көрген  тышқандай  жым-жылас  болды.

—  Ересектер  түгiлi  аттылыны  көрсе,  балалардың  да  зәресi 

ұшатын  халге  жеткiзiпсiңдер-ау,  нәлетiлер. 

 Сүлейменнiң суық түсiне қарауға дәтi шыдамаған Тәңкi басын 

төмен салды.

—  Баяғының  балалары  ауыл  шетiнен  аттылыны  көрсе, 

алақайлап  алдынан  шығатын  едi.  Тәңкi,  тек  шыныңды  айт, 

пермедегi мылтықты мiлисалардан басқа ауылда бiзге қарсылық 

көрсететiн  адам  жоқ  па?

—  Е,  қазiр  колхүздiң  бес-алты  жандайшаптарынан  басқа 

сiздерге қарсы шығатын кiм бар дейсiз? Көп мiлиса әкелу үшiн 

бiр  шабарман  ауданға  бару  керек.

— Сорлы, өзiнiң жандайшап екенiн бiлмей, бiреудi жандайшап 

дейдi-ау. Текке сөйлеп, босқа уақыт өткiзiп не қыламыз. Елдiң 

аш, белсендiлердiң зор екенi онсыз да белгiлi. Зорын көрсетейiк 

оларға. Былай етiңдер, Тәңкi. Егер жан керек болса, Сабаш екеуiң 

ауылдағылардың бәрiн мешiттiң жанына жинаңдар. Жаяу жүрiп 



259



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет