Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет168/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   265
Сүлеймен қарақшы

де. Ал ендi осындай iсiңнен кейiн атылып кетем деп қорықпайсың 

ба?  Тфу,  несiне  сөйлесiп  тұрмын  сенiмен.  Атыласың!  Сөз  жоқ 

атамыз. Айда, заприте его в одиночку. Остальным на работу. А 

трупа закопайте!

 Төрт солдат Сүлеймендi итергiлеп, айдай бастады.

— Азамат бастық! Мыналар менi айдамасын. Айдайтын болса, 

осы  жерде  атып  тастаса  да,  бiр  қадам  жүрмеймiн.  Алдымда 

жүрсiн.  Айтқан  жерлерiне  өзiм  барамын.

— Ух ты, упрямый какой. Ладно, идите вперед.

  Бастық  айтқан  соң  төрт  солдат  алға  түскенде,  ол  соңынан 

ердi. Күрендi жолмен солдаттар мұны бiрiншi келгенде отырған 

баракқа әкелдi. Бiрақ көп адам жататын камераға емес, тас едендi, 

жататын кереуетi де жоқ суық, әрi тар бөлмеге қамады.

 Сол камерада үш күн жатты. Үш күн iшiнде қарауылдар бiр 

үзiм нан түгiлi, бiр жұтым су да бермедi. Төртiншi күнге қарай 

екi солдат түрме бастығының алдына әкелдi. Ерiнiнен шылымы 

түспейтiн бастық бөлмесiн көк түтiнге толтырып, әр кездегiдей 

қатулы отыр. Жанында Микай:

—  Қалай,  қабан?  —  деп  сұрады  бастық.  —  Сендерде, 

қазақтарда күштi адамды қабан дей ме, ал бiзде ондайды осылай 

атайды.  Әлде  азиаттарда  оның  басқаша  атауы  бар  ма?  Мейлi, 

сайтан  алсын,  азиаттардың  қалай  атайтынын.  Одан  да  маған 

әнеукүнгi  асханадағы  төбелестiң  мән-жайын  айт.

— Мынау Микай, бiр Микай емес-ау, сондағы жұрттың бәрi 

куә. Оларға мен өздiгiмнен тиiспедiм. Төбелестi өздерi бастады. 

—  Сүлеймен  оқиғаның  қалай  болғанын  шама-шарқынша 

түсiндiрiп бердi. — Менiң бiр әдетiм жаман. Намысыма, жыныма 

тиген адамға бiр ашулансам, өлген-тiрiлгенiне қарамай төпелеп 

тастаймын.  Осы  жолы  да  ашумен  төбелесiп  жатып,  олардың 

қалай  соққы  жегендерiн  де  бiлмеймiн.

—  Иә,  —  дедi  бастық  сұрланған  қалпын  өзгертпей.  —  Иә, 

шынында мықты жiгiт екенсiң. Оларға қарсы шыққан бiрде бiр 

адам  осы  күнге  дейiн  аман  қалған  емес.  Бұл  спектакльде  сен 

жеңiп шықтың. Есiңде ме, “сол үшеуiн жеңсең, елiңе қайтарамын” 

дегенiм.  Неге  сонша  таңырқай  қарайсың?  Менiң  iшкi  есебiм 

орындалды. Ол есеп жайында сен бiлмей-ақ қой. Бүгiн түсте бiр 

топ  солдаттар  сенi  станцияға  дейiн  жеткiзiп,  Ташкентке  қарай 

кететiн  пойызға  салып  жiбередi.  Документтерiңдi  дайындап 

қойдым.  Сенi  ерте  босатуға  шешiм  қабылдаған  өзiм.  Бiрақ 




344

Сүлеймен қарақшы

ешкiмге “үш дәудi жеңгенiм үшiн түрме бастығы ерте босатып 

жiбердi”  деп  айтушы  болма.  Осы  сөз  аузыңнан  шықса  бiрiншi 

—  өзiң,  екiншi  —  мен  құримын.  Заман,  заң  жаман  дегендей... 

Саған айтарым, өз елiңе барма. Қазақстанда басқа қалалар көп 

қой. Соның бiрiне бар. Ә, айтпақшы, Ташкенттi жақсы бiлесiң 

бе?  Тура  сонда  тарт.  Тағы  да  ескертемiн.  Аузыңнан  артық  сөз 

шықпасын! Сендей қайсар адам сертке де, сырға да берiк болуы 

керек. Ал, қош бол ендi. Күштiлiгiңнiң арқасында Сiбiрдiң дәмiн 

көп татпадың. Тағдырыңа рахмет айт. Бiрақ бұдан былай өкiметке 

қарсы  шығушы  болма.

  Дәл  осылай  болады  деп,  үш  ұйықтаса  да  түсiне  кiрмеген 

Сүлеймен,  мына  ұсынысқа  не  айтарын  бiлмей  абдырады.  Тек:

— Шын айтасың ба, бастық? — деген сөз аузынан әрең шықты.

—  Ой,  Сүлеймен!  Бастық,  әрине,  шын  айтады.  Уай,  қандай 

жолың  болды.  Мiне,  бақыт,  азаттық  деген  осылай  аяқ  астынан 

келе  салады.  Ух,  қандай  қуаныш!  —  деп  Микай  түрмеден  өзi 

босанғандай атып тұрып, мұның қолын алды. — Қап, Құдай менi 

сендей  күштi  қып  жаратпапты.  Әйтпесе,  басекеңнiң  көңiлiнен 

мен де шығар едiм.

—  Бұл  әңгiме  түрме  iшiне  тарап  кетпеуi  үшiн  Микай,  сен 

де  Сүлейменмен  бiрге  бостандыққа  шығасың.  Екеуiң  бiрге 

қайтасыңдар.  Бiрақ  сен  де  Верныйға,  то  есть  Алматыға  емес, 

басқа қалаға кет. Содан соң сен де аузыңа ие бол. Ие болмасаң, 

осында қайтып келесiң. Сонда күнiңнiң не болатынын бiлерсiң.

  Микай  да  бастықтың  сөзiне  сенер-сенбесiн  бiлмей,  аузы 

аңқайып  бiраз  тұрды:

— Садағаң кетейiн, азамат бастық. Құдайдан кейiнгi рақымды 

жан сiз екенсiз, — деп аяғына жармасты. Бастық оның еңкейген 

басын итерiп жiбердi. Сөйттi де дереу түсiн жылытты:

— Бiзде жүрек жоқ деп ойлайсыңдар-ау сендер. Бiз де адам 

баласымыз.  Мiне,  көрдiңдер  ме?  Заңды  аяққа  басып,  сендерге 

рақымшылық  жасап  отырмын.  Ей,  конвой,  жолға  дайындаңдар 

мынау  екеуiн!

Екi солдат келiп,  қолындағы кiсендi шештi. Сүлеймен шығуға 

ыңғайланды.

— Рахмет сiзге, бастық. Аман тұрыңыз.

— Өздерiң де аман болыңдар.




345



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет