Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет170/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Уай,  соған  төлейтiн  жамбаспұлым  да  болмай  тұр. 

Шайханшықты танысаң, бiр күн жатқыза тұр. Қарызымды ертең 

Құрақтың  өзi-ақ  төлер.

—  Ол  сорлы  қарызыңды  төлеуге  қайдан  шамасы  келсiн. 

Жатқан жоқ па, төсекке таңылып. Әй, қойшы, Шымкент жақтан 

келетiн  аш-жалаңаш  сұраншақтардың  тыйылғаны  кеше  ғана 

едi. Әлi елдерiңдi аштық пен жұт жайлап жатыр ма? Пұлың жоқ 

болса, жатпайсың ба ауылыңда, құйрығыңды қысып. О несi-ай, 

бұрыннан  танитындай  маған  жабыс-қаны.  Қонақүйге  баруға 

пұлың  болмаса,  ат  қораға  бар.  Бiр  түн  шөп  төсенiп  жатсаң  да 

өлмейсiң.

 Тәшкендi  өз елi санап келген. Iлгерiде бiраз уақыт тұрғанымен, 

бұл қаланы жақсы бiлмесе де, бұрыннан солай санайтын. Ендi 

сол елiне келiп, қайдағы бiр сартқа айнала бастаған өз қазағынан 

осындай кею сөз естiгенде, кеудесiнен ашу лықсып шыға келдi.

 Бiрақ өз-өзiн ұстап, керi бұрылды да, бұрыштағы шайханаға 

келдi. Шайхананың iшiнде адам көп. Шеткi нар үстiнде бiр топ 

қазақтар отыр. Соларға жақындады.

— Аман-сау барсыздар ма, бауырлар? — деп амандасты қолын 

кеудесiне қойып.

— Өзiң бақуат бармысың? Кел, қатарға жайғас, — дедi төрдегi 

егде кiсi.

   Дастарханның  шетiн  ала  жайғасты.  Отырғандар  бiр  сәт 

әңгiмелерiн доғарып, бұған үнсiз таңдана қарады. Бiреуi кесемен 

шай  ұсынды.

—  Қайдан,  қай  ауылдан  келген  жiгiтсiң,  қарағым?  Бұрын-

соңды өзiңдi бұл базарда кездестiрмеген сияқты едiк, — дедi егде 

кiсi бұл шай құйылған кесенi алып жатқанда.

— Қазығұрт жақтанмын. Руым — жаныс. Төле бидiң алтыншы 

ұрпағымын. Өздерiңiз қай жақтан келiп едiңiздер?

—  Келестiң  аяғындағы  Бардыүңгiр  үстiндегi  Елбақ-қойбақ 

елiненбiз. Қоңыраттың Байларынан тараймыз. Ал анау екi шеткi 

кiсi Жылғаның сiргелiлерi. Әр жұмада осында мал айдап келiп, 

саудалап кететiн дағдымыз бар. Бейтаныс қазақ дастархан үстiнде 

бiр-бiрiнiң атын сұрастырып отырушы едi. Ныспың кiм болды?

  Атын  айтты.  Егде  кiсi  де  отырғандардың  жағалай  аттарын 

атап,  таныстырып  шықты.

— Мұнда мал айдап келдiң бе, әлде алымсақпысың?

— Жоқ, Құрақ деген танысымды iздеп келiп едiм. “Осындағы 

Андақұл,  Сыбанқұл  деген  делдалдарға  кездессең,  менi  тауып 



348

Сүлеймен қарақшы

бередi”  деп  едi  өзi.  Оларды  табуын  таптым-ау.  Бiрақ  әне  бiр 

Сыбанқұл  дегенi  қисайып,  жөнiн  айтқысы  келмейдi.

— Сұрап жүргенiң қайсы Құрақ? Оразкелдi Құрақ емес пе? 

Нақ  сол  болса,  естуiмiзше,  оны  жөйiт  Бекабаның  бандылары 

ұрып,  мүгедек  етiп  тастапты.  Соққыдан  жұлыны  зақымданып, 

саржамбас  боп  жатып  қалғанға  ұқсайды.

— Анығы солай ғой, — дедi ортадағы мұртты кiсi. — Денi сау 

болса, жүрер едi күнде осы базарда.

— Бандылар не үшiн ұрыпты?

— Кiм бiледi. Қит етiп, бас көтерген қазақты қоймайды олар.

Сүлейменнiң есiне Құрақтың Қоқанда айтқан әңгiмесi түстi. 

“Сенi  өлтiрмесем,  Бекаба  менi  бала-шағаммен  қосып  қырып 

тастайды. Өзiңдi өлтiрудiң орнына қан iшiсiп, дос болдық. Ендi 

Тәшкенге барған соң өзiм мен бала-шағамды Бекабадан қорғауға 

тырысармын.  Жүдә  болмаса,  бiр  өтiрiк  айтып,  ақталармын 

оның алдында” деген едi. “Жазған, бәрiбiр Бекабаның қаһарына 

ұшыраған  екен  ғой”.

—  Бекаба  Құрақтың  бала-шағаларына  зияндық  iстемеп  пе 

әйтеуiр?  —  Отырғандар    сұрақтың  мәнiсiне  түсiнбей,  бұған 

сұраулы  жүзбен  қарасты.  Бiрақ  бұл  Құрақ  екеуiнiң  арасында 

болған  оқиғаны  айтпай,  әңгiме  арнасын  басқа  жаққа  бұрды: 

—  Мен  Бекаба  дегендi  көп  естiгенмiн.  Ол  қандай  адам  өзi? 

Көргендерiң  бар  ма?

—  Оны  кiм  көрiптi  дейсiң.  Ұзынқұлақтан  бiлуiмiзше, 

Тәшкендегi  бандылардың  құдайы  екен.  Ертең  көресiң,  базар 

қызған  кезде  оның  жандайшаптары  осы  жерде  өрiп  кетедi. 

Момын,  жуас  қазақтардың  пұлдарын  тартып  алып,  әлiмжеттiк 

жасайды.  Қараман  мен  Парманқұл  сотталып  кеткелi  берi  олар 

тым  құтырынып  кеттi.

— Қараман, Парманқұл дегендер кiмдер?

—  Ә,  Тәшкенде  осындай  қарақшы  қазақтар  бар  едi.  Екеуi 

құтырынған  сарттар  пен  таулықтардың  сазайын  әбден-ақ 

тарттыратын.  Жақында  мiлисалар  екеуiн  де  ұстап,  абақтыға 

қамап  қойды.  Әттең,  ендi  солардың  орнын  басатын  бiр  батыр 

шықпай  жүр.

 Егде кiсi осыны айтып, бiр күрсiндi. Осы кезде базар шетiнен 

бiр шу шықты. Отырғандар сол жаққа мойын бұрды. Базардың 

кiре  берiсiнде  арба  жегiлген  қос  өгiздi  жетектеген  бiр  қазақты 



349



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет