Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет184/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   265
Сүлеймен қарақшы

келген мiлиса бастығы да, екiншiсi — қарасұр жүздi, тiкiрейген 

мұртты, төртбақ келген бiр қазақ. Екеуi де орындарынан тұрып, 

қолын  аяды.  Бастық  кешегiдей  қаһарлы  емес,  түсi  жылы, 

күлiмсiреп тұр. Соған қарағанда, мына қазақ одан үлкен дөкей 

болса  керек.

— Сүлеймен деген сен бе? Паһ, паһ, бiздiң қазақтың осындай 

пiлдей жiгiттерi бар-ау. Қалай сен, Кәтжар, осындай нар тұлғалы 

жiгiттi  көзiң  қиып,  қамауға  жаппақсың?  Кел  отыр,  Сүлеймен, 

қасымызға.  Әңгiмеңдi  тыңдайықшы.  Мұнда  қалай  түскенiңдi 

өз аузыңнан естиiн, — дедi қазақ. — Айтпақшы, менiң атым — 

Мамажан.


— Атыңды бiр жерден естiген сияқтымын.

— Естiсең, естiген шығарсың. Менi күллi Тәшкен таниды. Иә, 

әңгiме онда емес. Одан да менiң сауалыма жауап бер.

Сүлеймен  базарда  болған  жайттың  бәрiн  айтты.  Мамажан 

бәрiн  үнсiз  тыңдап,  бастыққа  бұрылды:

— Менiң естiгенiмнiң бәрi рас екен. Сен алдымен базардағы 

бандылардың бұзақылығын тиып алсайшы. Түсiнуiмше, мұның 

түк кiнәсi жоқ. Қайта бұл — жапа шегушi. Дәл қазiр босат мұны. 

Өзiммен бiрге ертiп кетемiн.

— Құп, Мамажан әка, құп. Сiз айтсаңыз болды, — деп бастық 

иiлдi.

Мамажан  екеуiне  жалтақ-жалтақ  қарап,  түкке  түсiнбей 



отырған  Сүлейменге  көзiн  қысты:

—  Көрдiң  бе?  Сенiң  түк  кiнәң  жоқ  болса  да,  мыналар  сенi 

қамап қойыпты. Шеттен келген қазақ деп басынған да. Солай ма, 

Кәтжар?


— Е, жоға, әка. Төбелестi осы шығарған екен деп қателесiп 

қалдық  та.  Ғапу  еткейсiз  ендi,  Мамажан  әка,  —  деп  анау 

жағымпазданып  өлiп  барады. 

— Аяғыңның пышақ кiрген жерi ауыра ма?

— Жүрген кезде қатты ашиды. 

—  Сен,  Кәтжар,  «ауыра  ма»  дегенiң  не?  Доқтырыңды 

шақырып,  жарақатын  тазалатып,  таңдырып  бер.  Содан  кейiн 

күймеңдi  шақырт.  Бiздi  үйге  апарып  тастасын.

Далаға  шығып,  Сүлеймен  Мамажанмен  қатар  жайғасқанда, 

күйме  бiр  шетiне  қисайды.




381

Сүлеймен қарақшы

— Туһ, салмағың қанша өзiңнiң?

— Оны кiм өлшептi дейсiң? Одан да менi қайда апаратыныңды 

айтсаңшы.

— Бiздiң үйге барамыз. Үйде сен секiлдi бiраз мықтылар отыр. 

Солармен таныстырамын.

—  Менi  олармен  төбелестiрмекпiсiң?  Жөнiңдi  айта 

отырсайшы.  Мiлисадан  не  үшiн  босатып  алдың?  Екеумiз  бiр-

бiрiмiздi  танымаймыз  да.

—  Сен  жайында  Төребек  пен  Қарынтайдан  естiдiм.  Батыр 

екенiңдi бiлген соң босатып алайын дедiм. Жалпы, мен сен туралы 

көп  бiлем.  Бәрекелдi,  базардағы  бұзықтардың  шат-шәлекейiн 

шығарыпсың. Өзiңдi көрмесем де, сыртыңнан сол тiрлiгiңе риза 

болып қалдым. Бiле бiлсең, қазақта сен сияқты жiгiттер аз. Ал 

мұндай жiгiттердi сақтау ләзiм.

—  Ниетiңе  рахмет.  Бiрақ  атыңды  бiлгенiм  ғана  болмаса, 

өзiң  жайында  бейхабармын.  Өкiметтiң  қандай  шен-шекпендi 

адамысың?

—  Оған  бiраз  қызмет  еткенмiн.  Әлi  де  етемiн.  Ашығын 

айтқанда, осында кеңестiң сауда-саттық басқармасы бар. Сонда 

iс  атқарамын.  Ал  мына  мiлисалармен  жақсы  қарым-қатынаста 

едiм. Соның арқасында ғой, өзiңдi ол тамұқтан алып шыққаным.

Сүлейменнiң есiне Төребектiң әнеукүнi осы Мамажан туралы 

айтқаны түстi. Сол мұны күллi Тәшкеннiң жарым патшасындай 

етiп,  әңгiмелеп  едi.  “Оның  сөзi  Тәшкеннiң  ең  басты  ұлығынан 

бастап, төменгi кiшiгiне дейiн өтедi” деп едi. Төребектiң сөзi рас-

ау. Мамажанның мына маңғаз һәм сұп-сұр суық жүзi, екпiндеп-

екпiндеп шығатын дауылдай үнi соны айқындап тұрғандай. 

—  Мен  жайында  кеңiрек  бiлгiң  келсе,  үйдегi  кiсiлерден 

есiтерсiң, — дедi Мамажан күйме лайсаң бiр көшеге түскен кезде. 

— Ал тегiмдi сұрайтын болсаң — қоңырат деген елденмiн. Сыр 

жағасындағы «Жалғыз көде» деген жерде тұрғанмын. Жасым — 

отыз  сегiзде.

—  Менен  төрт  жас  үлкен  екенсiң.  Мен  «өзiммен  қатар  ма» 

деп келе жатыр едiм. «Сен» дегенiме айып етпе. Ендi менi қайда 

орналастырмақ  ойың  бар?  Мен  дегенiң,  үйсiз-күйсiз  жүрген 

жанмын.

— Ол жайын үйге барған соң қозғалық.




382



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет