Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет185/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   265
Сүлеймен қарақшы

  Қос  ат  жегiлген  күйме  табаны  былжырап  жатқан  көшенi 

бойлай  жүрiп,  қам  қышпен  соғылған  ұзын  дуалды  үйге  келiп 

тоқтады.  Қосарлана  күймеден  түстi.

— Мына үй iлкiде сарттың бiр байпатшасынiкi болған екен. 

Кеңес орнағаннан кейiн өкiмет алып бердi. Жо-жоқ, менен бұрын 

рабкомның  төрағасы  тұрған.  Төрағадан  кейiн  кеңестiң  талай 

ұлықтары бұл үйге таласты. Алайда олардан басым түсiп, мен 

иелендiм.

 Сүлеймен iшке енгенде көзiне зәулiм сарайдай үй түстi. Үй 

болғанда сыртының бәрi күйдiрiлген қызыл кiрпiштен салынған 

әсем там. Есiк алдындағы бастырмасының ұстындары мен паруаз 

ағаштары оюлап жасалынған. Терезелерi де үлкен. Бiр бұрышта 

қара былғарымен қапталған пәуеске тұр. Оның ар жағында төрт 

ат  байлаулы.  Мұндай  сән-салтанаты  келiскен  үйдi  Сүлеймен 

өмiрiнде көрген емес.

Үйге  жақындағанда  иығына  шашық  iлген,  қолында  құманы 

мен  шылапшыны  бар  iлмиген  бiр  сарт  алдарынан  шықты.

— Кiсiлер үйде отыр ма? — дедi Мамажан қолын жуып жатып.

— Иә, қожайын, үйде, үйде.

  Сүлеймен  қолын  жуып  болғанда,  үйден  үш  кiсi  шықты. 

Екеуi  орта  бойлы.  Бiрақ  иықтары  жалпақ.  Бастары  қазандай. 

Ал бiреуiнiң бойы ұзын, әрi сүйектi. Көздерi от шашып тұр. От 

шашқаны былай тұрсын, тiптi зәрдей екен. Екi жаққа ширатылған 

мұртының  ұштары  жоғары  көтерiлген.  Алдымен  Сүлейменмен 

сол  амандасты.  Саусақтары  ұзын,  салалы  болғанымен  тастай 

қатты.  Жалпақ  алақандары  күс-күс  пе,  әйтеуiр  бұдыр-бұдыр 

темiр сияқты. Одан кейiн қол берген екеу де осал адамдар емес. 

Жүздерiнде  қан-сөл  жоқ,  қатқыл. 

— Амандасып болсаңдар, iшке кiрейiк. Сосын танысарсыңдар.

 Бәрi кiре берiс айуаннан өтiп, кең бөлмеге кiрдi. Бөлме iшi 

жасаулы.  Төрт  бұрышта  қалың-қалың  көрпешелер  жаюлы.

— Қонақ, төрге шық!

Қатарласа жайғасқан соң манағы сарт дастархан жасап, шәй 

әкелдi. Шай құюды Мамажан өз қолына алды.

—  Ал,  Сүлеймен.  Мына  жiгiттердi  саған  таныстырайын. 

Өзiңнiң  жаныңда  отырғанның  аты  —  Қараман.  Келестегi 

шанышқылы.  Қазiр  сонау  Аралдағы  Барсакелмес  деген  жерде 




383

Сүлеймен қарақшы

айдауда  жүр.  Бiрақ  оқтын-оқтын  жасырын  түрде  елге  соғып 

тұрады.  Дегенмен  әр  келiсi  онша  жасырын  да  емес.  Жә,  бұл 

жөнiнде  кейiнiрек.

 Естуiмше, жұрт өзiңдi «Сүлеймен қарақшы» дейдi екен ғой. 

Ал мұны Тәшкен жұрты «Қараман қарақшы» дейдi. Анау көздерiн 

көрмейсiң бе, ашулы бөрiнiң көздерiндей шоқ шашып тұр: 

  Ал  мынау  —  Абдан.  Шын  аты  —  Пархад.  Солай  ма  едi, 

Пархад.  Ол  өзiңнiң  туысың.  Тау  жақтан.  Баяғыда  семiздiктен 

жүре алмай жатып қалса да, он үш жыл ел билеген — оймауыт 

Тұрта  деген  датқаны  естуiң  бар  шығар.  Содан  Ағабек  туған. 

Ағабек те көп жыл болыс болған. Пархад сол Ағабектiң екiншi 

баласы. Мұны тау барысына да, қамыс жолбарысына да, тоғай 

қабанына  да  теңесең  болады.  Жаужүрек.  Қанша  таяқ  жесе 

де,  қайтуды  бiлмейдi.  Қалжыңмен  айтсам,  бұл  тұрғыда  ол 

денесiне таяқ тиген сайын iсiне беретiн борсық сияқты. Соққы 

дарымайды. Көп мақтап қойдым ба-ей сенi, Пархад? Онда сенi 

қойып,  Парманқұлға  көшейiн.

  Парманқұл  батырымыз  —  қоңырат.  Iлкiде  Алай  тауында 

өзiңмен бiрге басмашы болып, кейiн Сiбiрге айдалған Аязбек пен 

Төрекелдiнiң бұрынғы досы. Iлгерiде бәрi байлардың малдарын 

тонап, қарақшылықты бiрге бастаған. Мұны да жұрт «қарақшы» 

дейдi.  Әлi  күнге  дейiн  өкiметтен  қорықпай,  көшеге  шықса, 

мылтығы мен қылышын асынып жүредi. Осындай адамды көрген 

бе едiң?..

— Тоқтай тұр, Мамажан, тоқтай тұр. Осы Парманқұлды күнi 

кеше ғана «абақтыда жатыр» деп есiтiп едiм.

— Кеше шығарып алғам. Бұл түрмеге түсуден жалықпайды, 

мен  шығарып  алудан  шаршамаймын.

 Мамажан осыны айтып күлдi. Оған қосыла бәрi күлiстi. Одан 

кейiнгi  әңгiмелерi  тiптi  жарасып,  төртеуi  түн  ауғанша  отырды. 

Ойлары да, сөздерi де бiр жерден шықты. Жарыса сөйлесiп, бiр-

бiрлерiнiң өткен өмiрлерi жайында әбден қанығысты.

— Өкiметке құл болмай-ақ, нанымды тауып жеймiн, — дедi 

Парманқұл.

— Менi ешкiм өзiне тәуелдi ете алмайды,— дедi Пархад.

—  Қалыпқа  сыймайтын  адамдармыз-ау.  Бiрақ  кесiлген 

жазамды  өтемей,  маған  тыныштық  жоқ.  Еркiндiк  бiр  қолыма 

тисе  ғой,  —  дедi  Қараман.



384



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет