Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет19/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   265
Сүлеймен қарақшы

жанған  от  көрiндi.  От  сай  iшiнде,  бұлар  тұрған  жерден  пәсте 

жанып тұр. Ол өздерiнiң төбе басында екенiн сонда ғана барып 

аңғaрды.


—  Анау  жанып  тұрған  отты  көрдiңдер  ғой,  —  дедi  Елсапа. 

— Жылқышылардың оты. Ол оттың басында қазiр үш, болмаса 

екi  адам  жылқыларды  қарауылдап  отыр.  Сендердiң  бiрiншi 

мiндеттерiң — еппен барып, оларды қолға түсiру. Бiрден барып 

бас  салған  кезде  айқaйлап,  ақырып-бақыратын  болса,  үндерiн 

өшiру үшiн аямай соққыға жығып тастаңдар. Бiрақ өлтiрiп алушы 

болмаңдар.  Айтпақшы,  олардың  иттерi  бар.  Иттердiң  назарын 

басқа  жаққа  аударып  әкету  үшiн  бiз  Көбек  екеумiз  оларға  еңiс 

жақтан атпен жақындаймыз. Иттер бiзге шабалана үрген кезде 

бiз  қашқан  сияқты  боп,  керi  шабамыз.  Иттер  екеумiздi  қуып 

әлектенгенде,  қалғандарың  күзетшiлердi  жайғап,  аттарыңа 

қонып,  әзiр  тұруларың  керек.  Бесеуiңнiң  үш  күзетшiге  әлдерiң 

келетiн  шығар.  Екi  сойылды  iштерiңдегi  қалаған  екеуiң  алып 

алыңдар.


— Арамызда бес адамға татитын бiреуiмiз бар. Ол мына — 

Сүлеймен.  Үш  күзетшiнi  бiр  өзi  жығып  берсе,  қалғандарымыз 

олардың  аяқ-қолдарын  байлаймыз,  —  дедi  Әрiпбай  күлiп.

—  Бұл  жiгiтiңде  қара  күш  бар  сияқты.  Бiрақ  жүректiлiгiнiң 

қандай  екенiн  кiм  бiлсiн.  Сондықтан  да  бесеуiң  бiрдей 

жабылыңдар.  Ал,  Көбек,  сен  екеумiз  былай  қарай  жүрейiк. 

Әрiпбай,  сендер  осы  төбенi  көктей  жүрiп,  күзетшiлердiң  сырт 

жағынан  шығыңдар.  Ал,  iске  сәт!

 Көбек пен Елсапа бiрден ылдиға түсiп кеттi де, қалған бесеуi 

батысқа беттедi. Бұлар жүрген сайын жаңағы көрiнiп тұрған отқа 

жақындай түстi. Бiр кезде от жақтан иттердiң арпылдап үргенi 

естiлдi. Iле-шала шапқан аттың дүрсiлi шықты.

—  Аналар  иттердi  соңдарынан  ертiп  әкеттi.  Ендi  бiз  де  тез 

қимылдайық. Әмiр, сен аттарды күзетiп осында қал. Қалғандарың 

менiмен  бiрге  жүрiңдер.  Тастан,  Кендiр,  сойылдарды  сендер 

алыңдар. От басындағыларды бiз Сүлеймен екеумiз бiр жақтан, 

сен  екеуiң  бiр  жақтан  бассалайық.  Күзетшiлермен  алысып-

жұлысып жатқанда, бiр-бiрiңнiң аттарыңды атаушы болмаңдар, 

— дедi осы жердегi басшылықты өз қолына алған Әрiпбай.



40

Сүлеймен қарақшы

  Содан  екеу-екеуден  бөлiнген  ұрылар  жылтыраған  отқа  екi 

жақтан жақындады. Екi күзетшi ештеңеден қауiптенбей, қаннен-

қаперсiз отқа ет қақтап жеп отыр. Оларға дейiн оншақты қадам 

қалғанда,  Әрiпбай  Сүлеймендi  түртiп  қалды  да,  соларға  қарай 

жүгiре жөнелдi. Оның артынан Сүлеймен де қорбаңдап жүгiрдi. 

Екеуi сол екпiндерiмен барып, екi күзетшiге бассалды. Аналар 

не болып, не қойғанын аңдап үлгергенше, оларды жерге жығып 

үлгердi. Осы кезде ар жақтан Тастан мен Кендiр алқынып жеттi. 

Әр  күзетшiге  екi-екiден  жабылған  соң  қойсын  ба,  әп-сәтте 

олардың  қол-аяқтарын  байлады  да  тастады.

— Айқайлаушы болмаңдар, — деп ескерттi Әрiпбай оларға. — 

Егер де қит еткен дыбыстарың шығатын болса, мына сойылмен 

бастарыңның мыж-мыжын шығарып тастаймын.

  Күзетшiнiң  екеуi  де  жастары  жиырма  беске  жетпеген  жас 

жiгiттер  екен.

— Сiздер кiмсiздер? Байлап тастайтындай бiздiң не жазығымыз 

бар? — дедi оның бiрi дiр-дiр етiп.

—  Бiздiң  кiм  екенiмiзде  шаруаң  болмасын.  Бұл  жерде 

сендерден  басқа  күзетшi  жоқ  па? 

— Бар. Ол кiсi жаңа иттер үрiп, тауға қарай жүгiрiп кеткенде, 

“Жылқы жақты бiр шолып қайтайыншы” деп кеткен.

— Ол қашан келедi?

— Ендiгi келетiн уақыты да болды.

Осы  сәтте  бұлардың  арт  жағынан:  “Уай,  не  қылған 

адамсыңдар?!”  —  деген  еркектiң  жуан  даусы  шықты.

Бәрi  артқа  жалт  қарасты.  Тура  қастарында  дәу  ат  мiнген, 

қолында  ұзын  сойылы  бар  еңгезердей  бiр  кiсi  тұр.

—  Ә,  түн  кезген  қарақшы  екенсiңдер  ғой.  Көрсетейiн  мен 

сендерге адамды байлап тастағанды, — деп ол атын өңмеңдетiп 

келдi  де,  бiрiншi  тұрған  Тастанға  сойылын  сiлтеп  кеп  жiбердi. 

Абырой  болғанда,  Тастан  артқа  ыршып  үлгердi.  Содан 

төртеуiн  кезек-мезек  қуалап,  сойылын  қанша  сiлтесе  де, 

ешқайсысына тигiзе алмай, бiраз әлектендi. Ал ұрылардың бәрi 

жаяу болғандықтан онымен бетпе-бет алыса кетуге дәрмендерi 

келмей,  мыстары  құрып,  анау  ары  қуса  —  ары,  берi  қуса  — 

берi  қашты.  Атын  ортада  олай  бiр,  бұлай  бiр  ойқастатып,  түк 



41



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет