Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет20/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   265
Сүлеймен қарақшы

бiтiре  алмай  жынданған  күзетшi  бiр  кезде:  “Бөрiбасар,  Алаяқ, 

күшке, күшке”, — деп айқайлап иттерiн шақырды. Осы мезетте: 

“Қорықпасаңдаршы.  Төртеумiз  төрт  жағынан  жабылайық», 

—  деп  Әрiпбай  айқайлады.  Осы  айқайдан  кейiн  ұрылар  сәл-

пәл ес жиғандай өз-өздерiне келiп, атты күзетшiнi төрт жақтан 

қоршады.  Тастан  мен  Кендiр  қолдарындағы  сойылдарын 

оңтайлай  ұстап,  оған  бiр-екi  қадам  жақындай  бергенде  қай 

жақтан  келiп  қалғаны  белгiсiз,  қастарына  арсылдап,  есектей-

есектей екi ит жетiп келдi. Иттердiң бiрi атылып келiп, Кендiрдiң 

қолындағы  сойылға  жармасты.  Ал  бiреуi  Тастанға  жабыса 

бергенде, ол оны сойылмен перiп кеп жiбердi. Бiрақ сойылы итке 

тимей, ауа құшты. Сойылдан сескенген ит кейiн шегiншектедi де, 

бұрыла сап Сүлейменге шапты. Қолында ештеңе жоқ бұл сасып 

қалып, қорғанбақ ниетпен оны аяғымен тебе беремiн дегенде, ит 

тура  қара  санға  жабысты.  Сүлеймен  бiр  сәт  тырп  етiп  қозғала 

алмай қалды. Итiнiң Сүлеймендi тiстеп, тырп еткiзбей тұрғанын 

байқаған  атты  күзетшi  сойылын  сүйрете  осылай  қарай  шапты. 

Сiрә, бiр ұрып, мұны жер жастандыра салайын деп ойлады-ау. 

Бiрақ  жан  беру  оңай  ма?  Бойында  күшi  тасыған,  әрi  жылдам 

қимылдай алатын жас Сүлеймен санын тiстеп тұрған иттiң жон 

арқасынан екi қолымен мыта ұстады да, бар күшпен тартты. Бел 

омыртқасын  терi-мерiсiмен  қоса  жұлып  алардай  болған  дүлей 

күшке  шыдай  алмаған  дәу  ит  қаңқ  етiп,  аузын  саннан  босата 

бердi.  Со  бойда  иттi  көтерiп  алып,  өзiне  мiне,  мiне,  сойылын 

соғайын деп тұрған атты күзетшiге қарай лақтырып жiбердi. Ит 

қаңбақтай ұшып барып, бар денесiмен иесiнiң бетiне сарт еттi. 

Тура бетiне соғылған есектей итiнiң екпiнiне төтеп бере алмаған 

күзетшi ат үстiнен тоңқалаң асып жығылды. Онымен бiрге ұмар-

жұмар болып, жерге құлаған ит орнынан тұра салды да, беталды 

қаша  жөнелдi.

Сүлеймен күзетшiнiң үстiне қона кетiп, қылғындыра бастады. 

Ашу қысқан Осы ашуымен оны қылғындырып өлтiрiп те қояр ма 

едi, егер: “Болды, болды, босат тамағын”, — деп Әрiпбай жүгiрiп 

келмегенде. Қиқылдап-шиқылдап өлуге аз-ақ қалған еңгезердей 

күзетшi  тамағы  мығым  қолдардан  босаған  кезде  “Уһ”  деп 

терең тыныстап, бiр демалды. Әрiпбай оны етпетiнен аунатып, 



42

Сүлеймен қарақшы

екi қолын артына қарай қайырып байлады. Одан соң аяқтарын 

қосақтап  матады.

—  Ендi  мұны  сүйретiп,  анау  серiктерiнiң  жанына  апарып 

тастайық.

—  Тоқта,  өзiм-ақ  сүйреймiн,  —  деп  оның  желкесiнен  бiр 

қолымен  ұстап,  қап  сүйреткендей  сүйрей  кеттi.

Сүлейменнiң денесi өзiнен дәу кiсiнi бiр қолымен-ақ сүйреп 

әкеткенiне  Әрiпбай  iштей  таңданса  да,  ләм  демедi.  Ол  оны 

байлаулы жатқан анау екi күзетшiнiң қасына апарып топ еткiзiп 

тастай салғанда, Тастан, Кендiр үшеуi солардың жанына барды. 

Үстерiнде  төнген  төрт  ұры  өздерiн  өлтiрiп  кетер  ме  екен  деп 

зәрелерi ұшқан бағанағы екi жас күзетшi қалш-қалш етiп жатыр. 

Ал мынау еңгезердей пәле сыр берер емес.

— Мына бiреулерiң жын ба, перi ме өзi? Мұндай күштi адамды 

өмiрiмде кездестiрген емеспiн.

— Шайтанмын, — дедi Сүлеймен. — Қазiр үшеуiңнiң де ауыз-

бастарыңды қисайтып, тiлден айырып кетемiн.

—  Ей,  кiм  болсаңдар  да,  таудың  арғы  жағынан  келген 

баукеспесiңдер-ау,  ә?  Жылқыларын  қолдан  бергенiмiз  үшiн 

ертең  Досыбай  мен  Қосыбай  бiздi  оңдырмасы  белгiлi.  Жала 

жауып, абақтыға қаматып, итжеккенге айдатып жiбередi. Ондай 

қорлықты көрiп, жер басып жүргенше, өлген артық. Үшеумiздiң 

де қатын, бала-шағамыз жоқ. Жылқы соңында күн өткiзiп жүрген 

жалшымыз бiз. Жалшыға Құдайдың қай кезде рахымы түсiп едi? 

Досыбай  мен  Қосыбайдың  боқтау-ын  есiтiп,  теперешiн  көрiп 

өлгенше, қазiр сендердiң қолдарыңнан-ақ өлейiк. Бұралқы иттей 

байлап  тастағанша,  өлтiрiп  кетiңдер.  Болмаса  өздерiңмен  ала 

кетiңдер.

— Ұры екенiмiздi тап басып айттың. Бiрақ мал ұрлайтын ұры 

малмен бiрге адамын да қоса ұрлапты дегендi қайдан естiп едiң? 

— дедi Әрiпбай. — Әйда, кеттiк, жiгiттер. Бұлар қалсын осылай.

— Әй, әй, жiгiтiм, тоқта. Елу жылқысынан айырылатын екi 

бектi  емес,  мына  бiздi  сорлатып  бара  жатырсыңдар  сендер. 

“Өлтiрiп  кетсек,  қолымыз  қанға  малынады”  деп  қорқасыңдар 

ғой, ә. Мейлi, бүгiн сендер — күштi, бiз — әлсiз. Алайда күштiге 

де  бiр  күнi  зауал  келетiнiн  ұмытпаңдар.



43



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет