Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет196/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   265
Сүлеймен қарақшы

ұмытып барады екенмiн. Шорадағы керуен сарайда Өдiмәт маған 

не  iшкiзiп  есiмнен  тандырып  тастады?

— Сiзге меңдуана мен көкнәрдiң қайнатпасы қосылған судан 

арнайы  палау  пiсiрiлдi.  Шәйдi  де  сол  қайнатпадан  демдеп, 

өзiңiзге берiп отырды. Ондайдан пiсiрiлген тамақ пен демдеген 

шәйдi  iшкен  адам  түк  бiлмей  ұйықтап  кетедi.

— Менi үңгiрге қалай жеткiздiңдер?

— Түндi күттiк. Жетi-сегiзiмiз жабылып, арбаға зорға салдық. 

Бiз сiздi қанша көтерiп, қанша сүйрелеп жатсақ та, тұп-тура бiр 

күн тұяқ серiппей ұйықтадыңыз.

—  Пайымдауымша,  Өдiмәт  сендердiң  адамдарың-ау  деймiн. 

Ол да адам жей ме? Менiмен бiрге отырған базардың ұлықтары 

да жөйiт болғаны ма?

— Өдiмәт жөйiт емес. Оған сiздi «ұстап бер» деп бұйырған 

Бекаба. Ал сiзбен бiрге отырғандардың да ешқайсысы ұлықтар 

емес. Сiзге сырттай кектенiп жүрген бiздiң адамдар.

— Өдiмәт Бекабадан қорқа ма?

—  Қорықпай  көрсiншi.  Бiр  күнде  түп-тамырымен  құртып 

жiберсiн. Өзiңiзбен отырғандар Бекабаның ең сенiмдi адамдары. 

Бүгiн кешiрек олар сiздi союға келуi керек едi. Осыдан бiраз жыл 

бұрын  Тәшкенде  Қараман  деген  қарақшы  қазақ  болатын.  Оны 

да  бiр  рет  жей  жаздағанбыз.  Бiрақ  ол  да  құтылып  кеткен.  Ол 

сiз секiлдi дәу, әрi күштi болмаса да сұмдық айлакер, оқ жылан 

сияқты  шапшаң  екен.  Шетiмiзден  ұрып,  қашып  кеттi...

— Қараман бұл жайын айтқан жоқ едi. Кейiн сендерден кек 

алды  ма?

— Көбiмiздi танымай қалды-ау деймiн. Сонда да болса, үш-

төрт бауырымыздың көзiн құртты. Қалай құртқанын бiлмеймiз. 

Әйтеуiр олар зым-зия жоқ болып кеттi. Сөзiңiзге қарасам, оны 

танитынға  ұқсайсыз  ғой.

—  Онда  шаруаң  болмасын.  Қараман  содан  кейiн  неге 

үңгiрлерiңнiң 

тас-талқанын 

шығармады?

— Оны басқа жерге апарғанбыз. Қараман құтылып кеткеннен 

кейiн ол жерге бармай қойдық. Бiздiң тәсiл солай. Егер iнiмiзден 

бiр  адам  сытылып  кетсе,  ол  iнге  қайта  бармаймыз.  Шаһар 

төңiрегiнде  өзiмiзге  лайық  жерлер  көп.

— Бекаба қай жерде отырады? Алдымен соған ертiп бар!




404

Сүлеймен қарақшы

— Ой, ол байпатшаның отыратын жерiн мен бiлмеймiн. Керек 

десеңiз,  өзiн  көрген  де  емеспiн.  Оған  ең  жақын  серiктерi  ғана 

бара алады. Бiз секiлдi майда-пашақты байпатша не қылсын.

—  Қанiшердi  «байпатша»  деп  ұлықтайсыңдар  ма?  Осыдан 

қолыма түссiн... Сен жаңа «бүгiн кешiрек сiздi союға бiр жөйiттер 

келуi керек едi» дедiң. Менi қалай соймақшы едiңдер?

—  Сiздi  бағанағы  қыз  секiлдi  соя  алмас  едiк.  Байлаулы 

күйiңiзде  ұн  үстiне  қансыратып  тастар  едiк  те.

—  Ендi  шеттерiңнен  өздерiң  қансырайсыңдар.  Сенiң 

әңгiмеңдi тыңдаймын деп, шаһарға да келiп қаппыз. Ойпырай, 

әкеңнiң аузын...дер. Үңгiрлерiңдi қаладан әжептеуiр алыс жерден 

таңдағандарыңды қараңдар. Күн ендi кешкiрдi. Бiз екеумiз түн 

болғанша, анау жаман тамның iшiне тығыла тұрамыз. Әйтпесе 

менi көрген жөйiттер үйлерiнен қашып кетер. Ал түн болысымен 

серiктерiңнiң үйлерiне бiр-бiрлеп ертiп барасың. Түсiндiң бе-ей, 

қанқұмар жөйiт! — деп Сүлеймен оны нұқып қалды.

 Бағаналы берi иманы ұшып, бар шынын айтқан жөйiт:

— Ләппай, ләппай, — деп басын идi.

Шаһар  шетiндегi  жаман  там  iшiнде  Сүлеймен  қашан  түн 

болғанша, жөйiттiң етегiнен тас қып ұстады да отырды. Жөйiт 

сорлыда ләм деуге шама қайда? Сүлеймен оны анда-санда ермек 

үшiн мыжғылап-мыжғылап қойса да, ол қорыққанынан түн түсiп, 

қашан орындарынан тұрғанша мыңқ етпедi.

— Ал, айт, кiмнен бастаймыз?

— Мен бiлсем ендi олардың барлығы сiздiң қашып кеткенiңiздi 

естiп,  дүрлiгiп  жатқан  болар.  Қазiр  үйдi-үйлерiнде  отырмаған 

шығар дегенiм ғой...

— Әй, менi қашып кеттi деп намысыма тиме. Мен ешуақытта 

қашпаймын! — деп Сүлеймен оны тағы бiр ұрды.

  Жерге  жалп  етiп  құлаған  жөйiт  тұруға  қорыққандай  тым-

тырыс  жатты.  Құдды  бiр  қыран  тырнағына  iлiккен  түлкiдей 

дыбыссыз.

—  Тұр  орныңнан!  Мұндайда  серiктерiңнiң  қайда  болуы 

мүмкiн?



405



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет