Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет226/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Басмашыларды  кiм  басқарып  жүргенiн  бiлмейсiң  бе?  — 

деп  сұрады  Сүлеймен  Бейiсқожадан.

—  Бұрын  тәжiк  жерiндегi  Жылыкөл  жақта  өкiметпен  әбден 

шайқасып, ақырында ауған қашып кеткен Отанбек құрбашының 

оң қолы болған Озғар деген таулық басқарады оларды. Озғардың 

өзi мейiрiмсiз, қатал, әрi қатынқұмар адам. Ауылға келген сайын 

бiр қызды сүйремей кетпейдi.

—  Баяғыда  өзiм  басмашылық  қылып  жүргенде  Отанбек 

жайында  талай  естiгенмiн.  Көр  Шермет,  Егембердi  батыр, 

Махмұтбек,  Есенжарты  дегендер  де  болушы  едi.

— Не дейсiз? Сiз де басмашы болып па едiңiз?

Бейiсқожаның таңырқай берген сұрағына Сүлеймен күлiп, өзi 

жайында аз-кем айтты.

— Бiз тауда жүргенде кедей-кепшiкке, жазығы жоқ ауылдарға 

шабуыл  жасаған  емеспiз.  Кiмге  тиiсудi  бiлетiн  едiк.  Арамызда 

әлгiнде сен айтқан Озғар секiлдi озбырлар болса, бiр пәсте жөнге 

салып қоюшы едiк. Озғардың өзi мен бандысы қай таудың қай 

шатқалында тығылғанын бiлесiңдер ме? 

— Ойбай, Сүлеймен-ау, олар сенi бiр-ақ оқпен жайрата салар, 

— деп шап еттi Мұрсат. – Озғар деген қорқу-үркудi һәм адамды 

аяу дегендi бiлмейтiн жауыз. Одан соң оның дәулiгi де сенен кем 

емес.

—  Ретi  келсе,  ондай  жауыздарға  олардың  өздерiнен  өткен 



жауызбын  мен.  Ал  оның  дәулiгi  менi  қорқыта  аламайды.

— Мұрсат, — деп сөзге араласты Парманқұл. — Сүлейменнiң 

не ойлап қойғанын мен бiлiп қойдым. Мұны ешқандай жауызбен 

қорқыта алмайсың. Бiз сендерге жылқы таратып бiр көмектессек, 

сол  Озғарыңды  ауыздықтап,  екi  көмектесейiк.  Сендер  бiзге 

Озғардың тұрағын көрсетiңдер.

—  Мен  сенi  сыйлаймын,  Парманқұл.  Бiрақ  жаңағы  айт-

қандарыңды  iске  асыра  алмайсыңдар-ау  деп  қорқам.

—  Сен  осыны  iске  асырудың  амалын  ойлан.  Басмашыларға 

қыздарыңды  күң,  ұлдарыңды  құл  етiп,  ал  өздерiң  қашанғы 

қорқумен  күн  кешiп  жүре  бермексiңдер?

— Сен, Парманқұл, дұрыс айтасың, — дедi Бейiсқожа Мұрсат 

үшiн жауап берiп. — Әттең, ауылда Озғарға қарсы бас көтерер 



472

Сүлеймен қарақшы

бiр  ердiң  болмай  жүргенi  жанымызға  батады.  Өзiм  бастайын 

десем,  мына  Мұрсат  қолдамайды.  Мұрсат  қолдаса,  басқалар 

соңымыздан  ермейдi.  Содан  жүрмiз,  iшiмiз  күйiп,  сыртымыз 

жанып. Мына Сүлеймен досың ештеңеден тайынбайтын батырға 

ұқсайды  екен.  Ұқсайды  емес,  хас  батырдың  өзi.  Осындай  хас 

батыр  бiздiң  кегiмiздi  қайтарып  берем  деп  тұрса,  Мұрсат,  неге 

көнбеймiз? Егер осы отырған бәрiмiз Озғарға қарсы тұрайықшы, 

қаны  қарайса  да  мәжбүрлiктен  бұғып  жүрген  жұрт  соңымызға 

ерiп, ду көтерiледi. Қане, Озғардан кек алудың жолын ойластырып 

көрейiкшi. Анамыз бiздi “жиырмашақты басмашыдан өмiр бойы 

үрейлерi ұшып өтсiн” деп туған жоқ шығар.

— Әп, бәрекелдi, — дедi Парманқұл. – Осы жол нағыз еркектiң 

сөзiн айттың. Ал ендi, ел сендердiкi, ауыл өздерiңдiкi, тауларың да 

өздерiңе таныс. Озғардан қалай кек алуға болатынын болжамдап 

көрiңдер.

Парманқұлдың  сөзiнен  кейiн  Бейiсқожа  әртүрлi  болжамды 

айтты.  Алғашқыда  көңiлiне  күдiк  ұялатқан  Мұрсат  та  бiрте-

бiрте  ашылып,  Бейiсқожамен  бiрге  сөйлей  бастады.  Бiр  кезде 

Бейiсқожа  былай  деп  байлам  айтты:

—  Былай  етейiк:  Тап  қазiр  сендердiң  айдап  келген 

жылқыларыңды  кембағал  отбасыларға  таратып  берейiк. 

Сөйтiп  өзiмiз  ауылдан  ұзақтау  кетiп,  жасырына  тұрайық.  Елге 

таратылған  жылқылар  жайлы  колхоз  бастықтары  заматта-ақ 

есiтедi. Әлбетте, оларға жылқы бермеймiз. Олар жылқылардың 

қай  жақтан  келгенiн  сан-саққа  жүгiртiп,  iштерi  әбден  күйедi. 

Бәрiн  жұрттан  тартып  алуға  дәттерi  бармайды.  Терексайдан 

мiлиса  шақыртып  әуреге  де  түсе  қоймас.  Олай  етсе,  өздерiне 

бiр де бiр жылқы тимейдi. Ал жұртқа таратылған жылқылардың 

бiр-екеуiне еге болып қалулары үшiн олар Озғарға хабар берерi 

анық.  Өйткенi  Озғар  өздерiне  қалаған  жылқыларын  қалдырып 

кетуi  әбден  мүмкiн...

— Бастықтар басынып, жұрттан жылқыларды өздерi-ақ тартып 

алып қоймай ма? — деп Бейiсқожаның сөзiн бөлдi Айдабол.

— Ондайға шамалары жетпейдi. Сендердiң Қазақстандарыңда 

бастықтардан жұрттың жүрегi ұшып кетедi бiлем ғой. Бұл жерде 




473



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет