Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет227/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   265
Сүлеймен қарақшы

олар  халыққа  ашық  түрде  тiзе  батыруға  қорқады.  Бiреуден  өш 

алу керек болса, басмашылар арқылы iстейдi.

Бейiсқожа өз болжамына серiктерiн көндiрiп, бәрi орындарынан 

тұрды.  Отырған  жерлерiне  Желтимеспен  бiрге  Айдаболды 

қалдырды. Жылқыларды елге таратып болған соң, бәрi осында 

қайта оралып, Желтиместiң жайын одан кейiн ойласпақ болды.

Ертесiне  барлық  нәрсе  Бейiсқожаның  болжамдағанындай 

болды.  Жылқыларды  үй-үйге  таратып  болған  соң  ауылға 

Мұрсатты қалдырып, қалғандары Айдабол мен Желтимес қалған 

жерге  келiп  түнеген.  Түс  ауа  атын  қамшылап  Мұрсат  жеттi. 

— Не болды? — деп сұрады Бейiсқожа.

—  Сенiң  кешегi  айтқаның  тура  келдi.  Әлгiнде  ғана  ауылға 

Озғар оншақты бандысымен келiп кiрдi. Жұрттың басына қамшы 

үйiрiп,  аспанға  мылтық  атып,  таратылған  жылқыларды  тартып 

алмақ боп, дүрбелең салып жатыр. Пұштай бастық оларға менi 

ұстап  бермек  едi,  зорға  қашып  үлгердiм.  Озғар  “Бейiсқожа 

қайда?”  деп  саған  сұрау  салуда.  Түрi  қай  кездегiден  де  жаман 

нәлетiнiң.

— Пүлiмөттерi бар ма?

— Ол жағын байқай алмадым.

— Мен бiлсем, қазiр бандылар екi-үшеуден бөлiнiп, үй-үйден 

жылқыларды  жинауға  әрекеттенiп  жатқан  шығар.  Бiз  олардың 

әр жер-әр жерде бөлiнiп жүрген кездерiн пайдаланып, шетiнен 

қиратып салайық, — дедi Сүлеймен.

Қарақшылар  тоғай  iшiмен  ауылға  беттедi.  Сүлеймен  кеше 

көп  жылқының  iшiнен  өзiне  лайық  бiр  дәу  атты  таңдап,  мiнiп 

алған.  Дәу  аттың  жүрiсi  жайсыздау  болғанымен,  Сүлейменнiң 

салмағына  шыдамды.  Тiптi  мұны  ауырсынбай  шаба  да  алады. 

Шапқанда  да  төрт  аяғын  кең  тастап,  көсiле  шабады.  Дәу  ат 

бiрiншi  болып,  ауыл  шетiне  жеттi.  Сүлеймен  атының  басын 

тартып,  артындағыларды  күттi.

—  Үйлердi  тасалап  жүрейiк,  —  дедi  оған  бiрiншi  жеткен 

Бейiсқожа.

— Ауылда қанша үй бар? Үйлер көше-көше болып орналасқан 

ба?



474

Сүлеймен қарақшы

— Жүз елудей үй бар. Бiрақ шаһардағыдай көше бар деймiсiң 

мұнда. Үйлер қалай болса солай орналасқан. Бiр жерлерде тамдар 

бiр-бiрiне жақын, ал бiр жерлерде алыс орналасқан. Бiрақ ауыл 

арасы тегiс. Ұрыс жүргiзуге жеңiл.

Осы  кезде  жақындау  тұрған  үй  жақтан  бiр  әйелдiң  сыңсуы 

естiлдi.  Артынша  бiр  еркектiң  әлдекiмдi  балағаттап,  боқтаған 

даусы шықты. Сүлеймендер шеткi тамды тасалап, дауыс шыққан 

жаққа  барды.  Тамды  айнала  бергенде,  алдарынан  бiр  әйелдiң 

бұрымын  тақымына  басып,  сүйрелеп  бара  жатқан  аттылыны 

көрдi.  Аттылы  жалғыз  емес.  Жанында  өзi  сияқты  торы  атқа 

мiнген, арқасына мылтық асынған қаба сақалды бiреу бар. Онысы 

әйелдi  қамшысымен  сабап-сабап  қояды.

— Әй, қаншық, өлейiн демесең айт! Жылқы қайда?

Мұны көргенде Сүлеймен шыдамады. Атына қамшысын басып, 

ол  екеуiнiң  жанына  жетiп  барды.  Аналар  әйелдiң  сыңсуынан 

мұның атының дүбiрiн есiткен жоқ-ты. Тек Сүлеймен жандарына 

жеткен  кезде  ғана  байқады.  Артта  келе  жатқаны  қамшысын 

тақымына  тыға  сап,  арқасындағы  мылтығын  ала  берген.  Бiрақ 

үлгермедi.  Үлгермеген  себебi  Сүлеймен  оның  желкесiнен  шап 

бердi де атынан жұлып алды. Аттан жұлынғанның аяқтары жерге 

тие бергенде Сүлеймен оның басын тақымына басты. Ал екiншiсi 

әйелдi жiбере сап, ары қашпақ болған-ды. Алайда қасына жеткен 

Парманқұл мылтықтың дүмiмен оның бетiнен бiр соғып, жерге 

жалп  еткiздi.  Бейiсқожа  аттан  түсе  сап,  оны  шоқпарымен  екi-

үш  мәрте  перiп-перiп  жiбердi  де  мылтығын  алды.  Демде  басы 

қан-жоса болған басмашының демi бiттi. Сүлеймен де тақымына 

басқан басмашыны өлтiрiп қояр ма едi, егер:

—  Оны  өлтiрме,  Сүлеймен,  оны  өлтiрме.  Ауылда  Озғардың 

қанша адамы бар екенiн бiлiп алайық, — деп Бейiсқожа жүгiрiп 

кеп, араша түспегенде.

—  Алдымен  мылтығын  алсайшы,  одан  соң  жiберемiн  бұл 

найсапты. 

Бейiсқожа  оның  мылтығын  алғанша,  тақымындағы 

басмашыны  жiбермей  тұрды.  Бейiсқожа  оны  қарусыздандыр-

ғанда, тақымын көтерiп қап едi, анау сорлы екi құлағын басып, 

шалқасынан  түстi.  Сүлейменнiң  бiр  қысқанынан  тiл-аузынан 



475



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет