Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет240/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Парманқұл, әкелiңдер екеуiн берi!

Айдабол  мен  Парманқұл  қосақталып  байланған  екi 

қашғарлықты  Сүлейменнiң  алдына  сүйреп  әкеп,  дуалға 

сүйеп  отырғызды.  Қосақталған  екеу  келген  қазақтардың  кiм 

екендiктерiн  әлi  бiлмегендей,  таңырқаулы  жүзбен  қарап  отыр.

— Неге қалшылдайсың?

Сүлеймен  бұлай  әдейi  сөйледi.  Себебi  кiнәсiз  адам  нағыз 

қорқақтың  өзi  болмаса  бұлай  қалшылдамай,  сөзбен  болса  да 

қарсылық  көрсетiп  бағар  едi.  Ал  мынау  iстеген  iсiне  зауал 

келгенiн түсiнiп, ендi құтылмасын бiлгендей күйге түсiп отыр. 

Сүлейменнiң  жәй  сөйлегенiнiң  бiр  мәнiсi  —  оны  сәл  де  болса 

қорқыныштан  сейiлту  едi.  Әрi  сұрағына  дұрыс  жауап  алайын 

деген  ойы  бар-ды.  Алайда  анау  қалшылдауын  қояр  емес.

— Әй қалшылдама деймiн саған! Атың кiм?

Сүлеймен гүж еткенде, дiрiлдеген қашқарлық жанындағысының 

кеудесiне басын тықты. Паналағаны ғой оны.

— Не сұрап тұрмын сенен?! Атыңды айт!

— Жақар, — дедi ананың тiлi әзер сөзге келiп.

— Сенiң атың Жақар болды. Ал мынаның аты кiм?

— Қорасан.

— Жақар, бiз саған тиiспеймiз. Тек менiң сұрақтарыма дұрыс 

жауап  берсең  болды.  Ал  егер  өтiрiк  айтсаң,  өздерiңнiң  мына 

қылыштарыңмен  бастарыңды  шауып  кетемiз.

Жақар осы сөзден кейiн дiрiлiн сәл басты.

— Сiздердiң кiм екендерiңiздi бiлмеймiн. Ал мынау жәкемдi 

танимын. Пұсырманқұл жәке, былтырғы татар қатынның өлiмiне 

менiң  қатысым  жоқ.  Сiздер  осыны  бiлмекке  келiп  тұрсыздар 

ғой-ә?.

— Сол iспен келгенiмiздi қайдан бiлдiң?

— Бiлем. Сiздiң менi iздеп жүргенiңiздi есiтiп, осылай ойлағам.

—  Дұрыс  ойлапсың,  хайуан.  Содан  бiр  жыл  бойы  қашып 

жүрдiм де. Сүлеймен, мұның зарын тыңдап тұратын уақытымыз 

жоқ.  Дилданы  кiм  және  не  үшiн  өлтiргендерi  туралы  тезiрек 

айтып  берсiн.  Оған  мұның  да  қатысы  бар.

— Ә, Пұсырманқұл жәке. Айттым ғой, “оған қатысым жоқ” 

деп. Ал кiмдер өлтiргенiн айт десеңiздер, айтып берейiн.



500

Сүлеймен қарақшы

— Айт.


—  Айтсам  былай:  Қайбiр  жылы  осындағы  Исламқұл 

құрбашы  мен  “Тұмарабаттағы”  Тұрдақ  байпатшаны  Шыршық 

жақтан  келген  бiр  қазақтың  дәуi  өлтiрiп  кеткен  едi.  Ол  дәудi 

мен көрген емеспiн. Бәлкiм ол мына кiсi болар. Мейлi, сол дәу 

жаңағы  кiсiлердiң  көзiн  жойған  соң  Қоқаннан  кетiп  қалыпты. 

Ол кеткенiмен, осында екiқабат қатыны қалған екен. Тұрдақтың 

өлiмiне кектенiп жүрген оның туған iнiсi Жардақ бiр күнi маған 

келдi. “Саған Ташкендегi Бекаба дөкей сәлем айтып, мына кiсiнi 

жiберiптi,  —  деп  өзiмен  ертiп  келген  қап-қара,  үлкен  денелi 

жiгiттi көрсеттi. — Бекаба осы Қоқанға Исламқұл мен Шалпарды, 

Тұрдақ көкемдi өлтiрген бiр қазақтың дәуiн көзiн жоюға Құрақ 

деген жансызын жiберген екен. Бiрақ Құрақ әлгi қазаққа сатылып 

кетiп, Бекаба жәкемдi жерге қаратыпты. Саған анау дәу қазақты 

табуға осы жiгiтке көмектессiн дептi”, — дедi.

Сөйтiп  бiз  сол  дәу  қазақты  көп  iздедiк.  Бiрақ  таппадық. 

Таппағанымызбен,  оның  мына  Пұсырманқұлдың  жақын  досы 

болғанын  бiлдiк.  Пұсырманқұлды  жақсы  бiлетiн  адамдардан 

сұрастыра жүрiп, дәу қазақтың Қоқаннан кетiп қалғанын, осында 

әйелi мен туылған бiр баласы бар екенiн есiттiк. Осыны естiген 

соң мен Тәшкендегi Бекабадан келген жiгiтке айттым: “Көрдiң 

ғой, дәу қазақ кетiп қалыпты. Ендi Тәшкенге қайт”, — деп. “Жоқ, 

бұл  бекерге  қайтпайды,  —  деп  шап  еттi  Жардақ.  —  Ағамды 

өлтiрген  дәу  қазақтың  қатыны  мен  баласының  көзiн  құртып 

қайтады  бұл.  Жақар,  сен  де  бiрге  жүресiң.  Егер  менiмен  бiрге 

жүрмесеңдер,  Бекабаға  сәлем  жiберемiн  екеуiңдi  айыптап”. 

Мен оның айтқанына көнбедiм. “Жас бала мен жазығы жоқ 

әйелдi өлтiруге қалай қолың барады? Құдайдан қорықсайшы” — 

дедiм. “Ә,Құдайдан қорқасың ба?”— деп Жардақ менi бассалып, 

ұрып тастады. Анау жiгiт те қарап қалмады. Екеулеп соқты менi. 

Олардың соққысынан есiмнен танып қалыппын. Есiмдi жисам, 

бiр  аяқ  пен  бiр  қолымды  сындырып  кетiптi.  Олардың  кейiн 

әйелдiң үйiн қалай тапқанын бiлмеймiн. Қол-аяғым таңулы, үйде 

жүре  алмай  жатқанымда  мына  Қорасаннан  болған  сұмдықты 

есiттiм. Ал өзiм жақында қол-аяғым сауығып, көшеге шыққам.




501



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет