Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет246/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

Сөзiн аяқтатпаған күйi таразы тұрған тақтайдың астына қол 

жүгiрттi.

Оның  қару  iздеп  жатқанын  бiрден  түсiнгендей,  үшеуi  оған 

жабыла кеттi. Әлбетте, ол осы үшеуiнiң қайсысынан да мықты 

емес. Сонда да болса, қолын қаруына жеткiзбеудi ойлаған үшеуi 

оны  тақтайдан  берi  тартып  алды.  Үш  қазақтың  кiм  екенiне 

ендi  көзi  жеткен  Жардақ  босанбақ  ниетпен  бұлқынып  бердi. 

Мұнысынан түк шықпады. Сүлеймен желкесiнен бiр қысқанда, 

тiлi  салақтап,  көздерi  жұмылды.

— Абайла, Сүлеймен. Өлiп қалмасын.

— Өлетiндей қысқан жоқпын. Пұсырманқұл, әлгiндегi қуысың 

қайда?

—  Мұны  онда  апарардан  бұрын  мен  арбасын  жасырайын. 



Сендер әзiрше осында тұра тұрыңдар. Сырттарыңнан құлыптап 

қояйын. Әй, Жардақ, құлпың қайда? Ә, мынау жатыр екен ғой. 

Мен  кеттiм.  Жауыздың  дымын  шығармай,  ұстаңдар.

Пұсырманқұл тез оралды.

— Арбаны сарайдың артына апарып қойдым. Жардақты алып 

жүрiңдер. Маңайда қазiрше ешкiм жоқ.

Жардақ дүкен төрiнде түнерiп отыр, Сүлеймен оған қарады.

— Далаға шыққанда айқайлап, болмаса қашамын деп әрекет 

етсең, бiттiм дей бер. Өлгiң келмесе, үндемей жүр.

Сүлеймен  Жардақтың  қолтығынан  алып,  далаға  сүйредi. 

Парманқұл  да  Жардақпен  қатар  жүрдi.  Бiрақ  Жардақ  өлермен 

екен. Далаға шыққанда, сол жанындағы Парманқұлды оң қолымен 

перiп жiбердi. Күтпеген жерден тиген соққыдан Парманқұл бетiн 

басып, бiр сәт iркiлдi. Оны бiр ұрған Жардақ заматта Сүлейменнен 

де құтылғысы келсе керек, тiзесiмен бұтының арасына бiр тептi. 

Қанша  дегенмен  бойы  биiк  Сүлейменнiң  жанды  жерiне  тепкi 

жөндi тимедi.

—  Өй,  мынау  менi  теуiп  кетем  дей  ме?  —  деп  Сүлеймен 

ақырып, Жардақтың құлақшекесiнен бiр қойды. — Пұсырманқұл, 

апаратын  жер  әлi  алыс  па?  Сол  жерге  дейiн  аяғынан  сүйреп 

апарайын.

— Сарайды айналсаң болды. 

Парманқұл құлаған Жардақтың басына бiр тептi.



512

Сүлеймен қарақшы

— Қазiрше тимешi? Сорлы өлiп қап жүрер, — деп Сүлеймен 

Жардақтың аяғынан сүйрей жөнелдi.

Пұсырманқұлдың қуыс дегенi — сарайдың артқы жағындағы 

қаңырап тұрған бес-алты бөлме екен. Жардақты сүйреткен үшеу 

түпкi бөлмеге келiп тоқтады. Парманқұл кеуiрт жақты.

—  Көрдiңдер  ме?  —  дедi  сосын  иегiмен  бөлме  бұрышын 

нұсқап.  —  Анау  қарайған  тесiк  сарай  астындағы  жертөлеге 

түсетiн  есiк.  Жардақты  сонда  түсiрейiк.

—  Жертөлеге  түсiп  не  керек?  Мұны  осында  тергей  берсек, 

бiреу  көрiп  қояр  деймiсiң?

— Уай, Сүлеймен, “сақтықта қорлық жоқ” демейтiн бе едi. 

Пұсырманқұл үңiрейген тесiкке жақындады. Бұл кезде Жардақ 

ыңырсып, көзiн ашқан. Пұсырманқұлдың үңгiрге кiрiп жатқанын 

байқаған ол, бiр нәрседен секемденгендей, қинала тiл қатты.

— Ей, менiң қазынамды бәрiбiр таппайсыңдар. Сол үшiн келiп 

пе едiңдер?

—  Мынау  не  деп  сандырақтап  жатыр?  —  дедi  Парманқұл. 

— Сүмелек, қазынаң не сенiң? Бiз сенiң жаныңды алуға келдiк. 

Сүйрешi,  Сүлеймен! 

Жертөле онша терең емес екен. Сiрә, бұрыннан тұрса керек, 

қабырғада қадаулы балауыз шамды Пұсырманқұл жағып қойыпты. 

Сүлеймен Жардақты сол шамның тура түбiне жатқызды. Сосын 

қонышындағы қанжарын қолына алды да, Жардақтың алқымына 

тақады.

—  Сенiмен  көп  сөйлесiп  жататын  уақыт  жоқ.  Мынаны  айт: 

Тәшкеннен менi iздеп келген адамның аты кiм? Ол екеуiң Дилда 

мен баланы қалай өлтiрдiңдер?

Жардақ өзiне шын қауiптiң төнгенiн ендi сездi бiлем, дiрiлдеп 

кеттi.


—  Рақым  етiңiз,  рақым  етiңiз!  Оларды  өлтiрген  мен  емес. 

Жайран  бауыздаған. 

— Ол кiм? 

— Тәшкендегi Бекабадан келген жөйiт. Оған Бекаба айтыпты: 

“Сүлеймен Қоқанда бiр татар қатынмен тұрады. Екеуiн де өлтiрiп 

кел”—  деп.  Сiздi  таппаған  соң  ол  қатыныңыз  бен  балаңызды 

өлтiрдi. 

—  Ит,  қашқарлықтар!  Сен  де,  Жақар  да  iстеген  iстерiңдi 

еш  мойындамайсыңдар-ә.  Мен  қандай  қанiшер  болса  да,  өз 



513



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет