Сүлеймен қарақшы
Жақар бұрынғыдан бетер өксiп бердi. Оған назар аударған
Парманқұл болмады. Сүйрей жөнелдi. Олар кеткесiн, Сүлеймен
Пұсырманқұлға өтiнiш айтты:
— Пұсырманқұл, сен Құдиярсарайға барып, Жардақты
жақсылап танып келшi. Оны бiреуден емес, сезiк тудырмай,
бiрнешеуден сұра. Сөйтiп түнде көрсең де, жазбай танитын бол.
Кейiн басқа адамды ұстап жүрмейiк. Бiз сенi осы жерде күтемiз.
Пұсырманқұл сол кеткеннен бесiн ауа бiр-ақ оралды. Келе
сала көрпешеге сұлай кеттi.
— Құрысын, ат, арба секiлдi көлiгiм болмағасын, сонау
Құдиярсарайға жаяу барып келдiм. Жардақ деген анық сол жерде
iстейдi екен. Әбден танып алдым. Ендi оны түнде түгiлi, тастай
қараңғы көр iшiнде көрсем де жазбай танимын. Парманқұл, даяр
шәйiң бар ма? Аңқам кеуiп, бiр жағы қарным да ашты.
— Қай жерде тұратынын бiле алмадың-ау, ә, бiрақ. Жұмыстан
қай мезгiлде қайтады екен?
— Жақар дұрыс айтыпты. Жардақ тәжiк қышлақта тұрады
екен. Ал жұмыстан кешкi сағат жетiден асқанда қайтатынға
ұқсайды. Жалпы, бiздiң оның үйiне баруымыздың қажетi жоқ.
Сағат жетiге таман, ол дүкендi жабар кезде сонда барайық.
Жардақты ұстасақ, оны қалай тергесек те, жан адам көрмейтiн
қуыс таптым сол маңнан.
— Жетiде күн әлi жарық болып тұрмай ма? Жардақты ұстап
алғанымызды бiреу-мiреу көрiп қойса...
— Ойыңды түсiндiм, Парманқұл. Бiз оны жан адам
көрмейтiндей етiп, жаңағы қуысқа кiргiзбеймiз бе.
Парманқұл әрi қарай дүкеннiң есiгi қай жаққа қарап тұрғанын,
өзi айтқан қуыстың қай жерде екенiн екеуiне түсiндiрiп айтты.
Оның айтуынша, егер Жардақ дүкендi жабар уақытта бiр өзi
болса, оны қуысқа апару оп-оңай екен.
— Егер сол кезде қасында бiреу болып қалса ше?
— Онда, Сүлеймен, қуысқа екеуiн де алып кетемiз. Басқадай
амал жоқ. Қалай десек те, Жардақты үйiнен ұстағаннан гөрi,
дүкен маңында қолға түсiрген әлдеқайда абзал.
Осыдан кейiн үшеуi алдағы iстерiн бiраз пысықтап,
орындарынан
тұрды.
— Айтпақшы, жертөледегi Жақарды солай қалдыра беремiз
бе?
— Бар ойым Жардақта болып, ол жайын ұмытып бара
жатқанымды қарашы. Иә, Парманқұл, екеумiз iсiмiздi бiтiрсек,
510
Сүлеймен қарақшы
Қоқаннан кетемiз. Ал мына Пұсырманқұл осында қалады.
Әгәрки, Жақар тiрi қалса, кейiн пәлесi осыған тиiп жүрер. Өзiң
қалай ойлайсың? Көзiн жоя саламыз ба?
— Солай ете салайын, — деп Парманқұл жертөле жаққа
бұрылды.
— Әй-әй, қоя тұр. Маған бiр ой келдi. Байлаулы адамды
өлтiру — қатынның iсi. Оны түн жарымына дейiн аман қалдыра
тұрайық.
— Немене, Сүлеймен, түннiң жарымында осында қайта
келемiз бе?
— «Қоя тұршы» дедiм ғой. Жүрiңдершi, жолымыздан
қалмайық.
Үшеуi Қоқанның қуыс-қуыс көшелерiн аралай өтiп, сағат
жетiге таяғанда, Құдиярсарайға келдi. Сарай маңында адам
қарасы аз. Бергi жақта екi-үш өгiз арба тұр. Олардың жанында
дөңгелектерi шарабасынан биiк есек жегiлген тағы бiр арба тұр.
— Анау есектi қоқанарба Жардақтiкi, — дедi Пұсырманқұл.
— Бағана бұл арба анау бұрышта тұрған. Қазiр есiк алдына әкеп
қойыпты. Сiрә, Жардақ дүкенiн жабуға дайындалып жатыр-ау.
— Оның арба айдаушысы бар ма? Әлде өзi айдай ма?
— Айдаушыны не қылсын. Жүрiңдер, дүкенге барған
адамдарға ұқсап, сарайға кiрейiк.
Сарай бастырмасына жете бергендерiнде, алдарынан қап
көтерген үш-төрт кiсi шықты. Қаптарын арбаларға салған олар,
өгiздерiн қамшылап, жүрiп кеттi. Пұсырманқұл қатар есiктердiң
үшiншiсiне кiрдi. Артынан Сүлеймендер iлестi. Бұлар дүкен
iшiне кiргенде қарасұр жүздi, үлкен кiсi таразысын жиыстырып
жатыр екен.
— Дүкеннiң жабылатын уақыты болды. Ертерек келмейсiң-
дер ме? Не алатын едiңдер? Тез-тез айтыңдаршы. Мен асығып
тұрмын, — дедi ол шақ-шақ етiп.
— Сенiң атың — Жардақ па? — дедi Сүлеймен.
— Не қылайын деп едiң?
Осы сөздi айтты да есiне бiрдеңе түскендей, Сүлейменге қарап
тұрып, шекесiн сипады.
— Қоқанда сен сияқты дәу қазақ жоқ сияқты едi. Өзiң кiмсiң?
Баяғыда Тұрдақ әкәмдi...
511
Достарыңызбен бөлісу: |