Сүлеймен қарақшы
Бекабаға деген ыза-кегi бойын тағы кернеген Сүлеймен үйде
отыра алмады. Тысқа шығып кеттi. Артынан Тағай iлестi. Екеуi
арбаға отырып, Тағайдiкiне жеткенше үн қатпады. Үйге жетiп,
арбадан түскенде:
— Осы жуық арада Бекабаны тауып басын алмасам, көр де
тұр, Тағай, — дедi.
— Оны тапсаң, қанеки.
— Ол менi аңдып жүредi. Осында келгенiмдi әлдеқашан-ақ
есiтiп қойған да шығар.
— Қой, үйге кiрейiк. Бекабаны кейiн iздерсiң.
Ертесiне Тағай екеуi орталық көшеге барды. Бұрындары
Сүлеймен Тәшкенде осынша халық бар деп ешқашан ойлаған
емес. Орталықта адамның қалыңдығы сонша, еркiн қадам басу
мүмкiн емес. Бәрiнiң қолдарында бiр-бiр қызыл жалау. Бiреулер
жазу жазылған үлкен қағаздарды көтерiп алыпты. “Жасасын
кеңес өкiметi” деп айқайлаған жастардың дауыстарынан құлақ
тұнады. Бiр шетте қатар тұрған өзбектiң сырнайшы-кернейшiлерi
дүниенiң азан-қазанын шығарып, думандатып тұр. Сүлеймен
мұндай мейрамды бұрын-соңды көрмеген. Әр жаққа бiр қарап,
алаңдап жүрiп, Тағайдан көз жазып қалды. Сөйтiп бiр өзi
құжынаған халықтың арасында ары-берi ұзақ уақыт жүрдi. Бiр
кезде азан-қазан шудан мезi болып, Көкiлташ сарайы жаққа бет
түзедi. Сол маңда үлкен шайхана бар. Шайханада таныстарым
кездесiп қалар деген оймен сонда келдi. Мұнда да адам көп.
Адам көп болғасын, бос орын да жоқ. Аралап жүрiп, шеткi
нардың үстiнен бiр орын тапты. Нар үстiнде айнала тәшкендiк
кiсiлер отыр. Бос орынға жайғасқан Сүлейменге олар бiрден
назар аударды. Танымаса да, өзбеки ғұрыппен майда тiлге салып,
ұзақ уақыт хал-жағдай сұрасты.
— Сiздей кәтта адам Тәшкенде жоқ сияқты едi, — дедi бiреуi.
— Қайдан келдiңiз?
Бұл жөнiн айтып үлгергенше бiр кiшкене бойлы қашғарлық
қасына жетiп келдi.
— Уай, сiз Сүлеймен әкәм емессiз бе?
— Иә.
520
Сүлеймен қарақшы
— Паһ, паһ! Сiздi осында көрем деп ойламаппын. Жақсылап
жайғасып отырыңызшы өзiңiз. Мәңiз, мына жастықтарды алып,
арқаңызға сүйеңiз. Мен тамақ алдырайын. Не жеуге тәбетiңiз
бар?
— Әкелдiре берсейшi.
Әп-сәтте Сүлейменнiң алдына түрлi ауқаттар толды.
Қашғарлық мұны айналадағыларға таныстырып жатыр. Жәй
таныстырған жоқ. Әбден мақтап тастады.
Не керек, Сүлеймен отырғандармен тез тiл табысты. Әрдеңенi
бiр әңгiме етiсiп, ұзақ отырды. Бiр кезде қасына ұзын шапан
киген бiр таулық келдi.
— Уа, Сүлайман әка. Сiздi көру бiзге көптен берi арман болып
жүр едi. Үйге жүрiп, мейман болыңыз. Дәдәм сiздi ылғи айтып
отырады. Ол кiсi де сiздi көруге құрсан. Шақыруымызға қайыл
қылыңыз. Атарба дайын.
Отырғандар әлгiнi қостап, гуiлдеп кеттi. Бәрiнiң айтқаны —
“барыңыз” болды. Аңғал Сүлеймен таулықтың шақыруын қабыл
алды.
— Үйiң қай жерде?
— Бозсудың бойында.
Көңiлiнде бөтен ой болмаған Сүлеймен оған ердi.
Далада қос ат жегiлген арба тұр екен. Ұзын шапанды таулық
екеуi соған жайғасты. Сарайдан әудем жер ұзаған соң Сүлеймен:
— Менi қонаққа шақырған дәдәң бұрын менiмен кездескен бе
екен? — деп сұрады.
— Уа, Сүлеймен әкә! Әлбетте, ол сiздi көрген. Сiздi бұл
шаһарда танымайтын адам бар ма?
— Оның да, сенiң де атыңды сұрамаппын...
— Менiң атым — Қосыл. Ал дәдәмнiң атын атауға тiлiм
бармай тұрғаны. Үлкен кiсi ғой... Уа, қазiр барған соң ол кiсi өзiн
таныстырар.
Сүлеймен таулықтың неге нақты жауап бермегенiне мән
бермедi. Өзiн үнемi бiреулердiң сыйлап, күтiп жүретiнiне
дағдыланған оған мұндайда титтей де бөтен ой келмейтiн. Содан
да болар әңгiме әуенiн басқа жаққа бұрды:
521
Достарыңызбен бөлісу: |