Сүлеймен қарақшы
— Құп.
Аздан соң қос ат жегiлген арбаны Қосыл Сүлейменнiң алдына
тартты.
— Божыға отыр, — Сүлеймен дедi қапты арбаға салып жатып.
Бұл кезде күн кешкiрiп қалған-ды. Екеуi шаһарға жеткенде тас
қараңғы болды.
— Арбаны Салардың бас жағындағы махаллаға бұр, — дедi
Сүлеймен Тағайдың үйiне бармақ ниетпен.
Қосыл арбаны Ойран мазарының шетiндегi тар көшеге бұрды.
Сүлеймен Тәшкен көшелерiн жақсы бiле бермейтiн. Жан-жағын
жапсарлас тоқал тамдар қоршаған, әрi бiр-бiрiне ұқсас, жылан
жолындай ирелеңдеген Тәшкен көшелерiн ол түнде түгiлi, күндiз
де ажырата алмайтын.
— Әй, сен, қайда бұрылдың? Әстi имам мешiтi жанынан
бұрылмайтын ба едiк, ол жаққа?
— Осы көшемен Салар махалласының төтесiнен түсемiз. Әстi
имам арқылы жүрсек, алыстап кетемiз.
— Ә, онда өзiң бiл.
Қосыл арбаны бұл көшеге бекер бұрмапты. Бiраз жер жүрген
соң:
— Осы жерге тоқтап, дәрет сындырып алайыншы, — дедi ол.
— Мына бiр дуал түбiне тұра салсайшы.
Арба бiр тамның дуалына тақала тоқтады. Көшенiң тарлығы
сондай, арба бiр жақтағы дуалға ғана емес, екiншi беттегi дуалға
да тақалып тұр. Қосыл секiрiп жерге түстi. Аттардың қатарына
тiзерлеп отыра қап, әжетiн өтеп болған соң орнына қайта келдi.
Сүлеймен жайбарақат отырған.
— Болсаң, жүр ендi.
Қосыл еңкейiп, етiгiн сипалады. Сүлеймен оған мән бермедi.
Арба шетiнде жатқан қапқа жантайды. Осы кезде Қосыл ерен
қимыл көрсетiп, бұған атылды. Бұл оны қағып үлгердi. Арбаның
екiншi шетiне құлаған Қосыл тұра сап, ақыра тағы ұмтылды.
Сүлеймен аяғымен бiр тептi. Тепкi Қосылдың iшiне тиiп, кейiн
серпiлдi. Дегенмен анау әрi жылдам, әрi жанкештi екен. Кейiн
қарай құлап бара жатып, қолын сермеп үлгердi. Сүлейменнiң
балтыр үстi дыз еттi. Аяғына пышақ тигенiн сол сәт аңғарған
530
Сүлеймен қарақшы
бұл атып тұрды. Бұл кезде Қосыл орнынан дереу көтерiлiп, там
төбесiне тырмысып шығып кетуге әрекет еттi. Сүлеймен оң
қолымен құлақ шекесiнен бар күшiмен қойып жiбердi. Анау ес-
түссiз күйi лақтырылған қаптай, арба үстiнен ұшып барып, жерге
құлады.
— Жақсылық жақпайтын бұл не деген адамдар өзi, — дедi
Сүлеймен өзiне-өзi сөйлеп.
Сосын балағын түре аяғының дызылдаған жерiн қолымен
сипады. Қан ағып тұр. Бiрақ пышақ терең кiрмеген сияқты.
Жердегi Қосылдың шапанын түрiп жiберiп, көйлегiнiң омырау
тұсын дар еткiзiп айырып, аяғын таңды. Одан соң осы көше
Салар өзенi жаққа бiр апарар деген оймен арбаға отырып, аттарға
қамшы басты.
Қос ат жегілген арбаның божысын өзі ұстаған Сүлеймен
шығысқа қарай ұзақ жүрді. Бір уақытта екі қапталын бір-біріне
жалғасқан тамдар орналасқан тар көшенің басына да шықты.
Айсыз тас қараңғы түнде қай жерге келгенін аңдау әсте мүмкін
емес. Бір байқағаны – алдыңғы жақ тегіс дала сияқты. Бағана
осы көше Салар өзені жаққа бір апарар деген ойы енді әдірем
қалғандай. Өйткені алдыңғы жақтан не судың сарылы, не
үрген иттің дауысы естілмейді. Меңіреу тыныштық. Сүлеймен
шаһардың бір шетіне шығып кеткенін енді аңдағандай болды.
Сөйтті де, ат басын кері бұрып, келген ізіне түсті. Әлгі тар
көшемен бір сағаттай жүрді. Әлден уақытта арбаға жегілген
аттар қалт тоқтап, осқырынып аяқтарын алға баспай қойды.
Олардың бұл қылығын түсінбеген Сүлеймен «шу-шулеп»
аттарды қамшылады. Аттар сонда да жүрмеді. Аттарға жыны
келген Сүлеймен өз-өзіне күбірлеп, арбадан түсті:
–Маңқа келіп қырылғыр бұ хайуандарға не көрінді-ей, тегіс
жерде кібіртіктеп...
Аттардың алдына шығып төмен үңілсе, жерде көлденең
сұлаған біреу теңкиіп жатыр. Аттар содан аттамай тұр екен.
Оның мына жатысына таңқалып, иығынан түрткіледі:
– Ей, не қылған адамсың? Өзің өлісің бе, тірісің бе? Әлде
мас болып құлаған адамбысың?
531
Достарыңызбен бөлісу: |