+спастикалық іш қату



бет1/23
Дата21.06.2023
өлшемі105,4 Kb.
#102758
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ФЕЛЬДШЕР ГОСТ ТЕСТ 2023 ж
1.Сифонды клизманы қою көрсеткіші:
+спастикалық іш қату
-улану
-босану алдында
-құрсақ қуысына жасалған операциядан кейін алғашқы тәулікте
-жуан ішекті рентгенологиялық зерттеуде
2.Асказанды шаю үшін дайындау қажет:
-Жане шприцін, 5 пробирка, 33% магний сульфат ертіндісін
-асказан сунгісін (зонд), 8 пробирка, гистамин ерітіндісін
-Эсмарх құрылғысын (кружка), штативті, марганцовка ертіндісін, дәрет ыдысын (судно)
-ұзындығы 50 см сүнгіні (зонд), 3 пробирка, 33% магний сульфат ертіндісін СО
+ұзындығы 120 см сүнгіні (зонд), воронканы, шылапшынды, суды
Зондты манипуляциялар.

Асқазанды жуу.


Мақсаты: диагностикалық және емдік : өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.


Көрсеткіштері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, алкогольмен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.


Қарсы көрсетілімдері:асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.


Дайындаңыз:залалсыздандырылған: жуан асқазан зондын және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), зондты жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны шұңғыманы, лотоктарды,легенді, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе кружканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зара.ерітіндіні, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:


1.Қарым- қатынас орнату дағдысын қолдана отырып:


- пациентпен сәлемдесу.


- өзін таныстыру, рөлін атап өту


- пациентпен танысу немесе пациенттің аты-жөнін айту.


- көзбен байланыс жасау.


- пациент үшін қолайлы ара қашықтық сақтау.


- пациенттің қал-жағдайын білу.


- медициналық құжатты алу.


- пациенттен аты-жөнін сұрап, тағайындау парағымен салыстыру.


- оған асқазанды жууын жасалуы туралы хабардар ету қажет.


- пациентке процедураның мақсатын мен барысын түсіндіріп, жағымсыз әсерлер болатыны туралы ескертіңіз.


- манипуляцияны жүргізуге оның рұқсатын сұраңыз, ақпараттық келісім алыңыз.


2. Пациентке және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.


3. Пациентке қолайлы жағдай жасаңыз, пациентті орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз. Егер пациент әлсіз болса, онда оны сол жағына жатқызыңыз.


4.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.


5.Пациенттің тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.


6. Пациенттің артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.


7. Пациентке ыңғайлы жағдай жасап, алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз.


(пациентте егер де олар болса)


8. Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан зондын алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – пациенттің төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған пациенттің бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.


9. Стерильді үстелде асқазанды жуу үшін стерильді жүйені жинаңыз(зонд, шыны түтік жалғағыш, зонд, шұңғыма).


10. Пациентке зондты енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.


11.Зондтың саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз


12.Пациентке ыңғайлы жағдай жасап, пациенттен аузын ашуды сұраңыз, зондтың саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.


13.Пациентті жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап зондты өңешке енгізіңіз.


14.Түсіндіру дағдысын қолданып, қажет белгіге дейін зондты асқазанға енгізіп, зондқа воронканы жалғастырып, оны пациенттің тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.


15.Шұңғыманы 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.


16.Шұңғыманы ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша пациенттің тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.


17.Шұңғыманың ішіндегі нәрсені (құсықты) легенге құйыңыз.


18. Түсіндіру дағдысын қолдана отырып, асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.


19.Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығарыңыз.


20.Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.


21.Зондты, резеңке түтікті , шұңғыманы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


22.Пациентке ыңғайлы жағдай жасап, пациенттің аузын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.


23.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


24. Пациентті палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.


25. Пациентке физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз. Пациенттің жағдайын сұрап, қоштасу,қарым – қатынасты тоқтату.


26.Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық лабораторияға зерттеуге жіберіңіз.


27.Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.


Ескерту:

- зондты енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

- егер де жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;


- легендегі жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;


- егер де пациент құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;


- зондты енгізгенде пациентке жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.


- егер шайынды суды зерттеуге алу қажет болған жағдайда 15, 16 тармақтарды екі рет қайталаңыз және шайынды суды дайындалған зарарсыздандырылған контейнерге құйыңыз.


3)Ересектерге жел шығару түтіген ішекке енгізу тереңдігі:
-5-10 см
-20-190 cм


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет