Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет35/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Менiң ағамның үйiнде дәу өгiз бар. Жем-шөптi қанша берсең де 

жайпап тастайды. Ал арбаға жексең, мәстектей күшi жоқ… 

Әзiлге онша жоқ, алаңғасарлау, ұр да жық мiнездi Сүлеймен 

Битбайдың  сөзiнiң  аяғын  күтпей:

—  Өй,  сен,  менi  сонда  жаман  мәстекке  теңеп  отырсың  бе? 

Көрсетейiн саған мәстектi, – деп Битбайдың желкесiнен бiр ұрды. 

  Битбай  жазған  қас  қылғанда,  тура  соның  оң  жағында 

отырар ма. Ұзын тiлi демесең, сидиған арық денелi, бостау кiсi. 

Сүлейменнiң  жәй  ғана  ұрғанынан  дастархан  үстiне  етпетiнен 

құлап түстi. Сорлының бетi тура алдындағы табақтағы палауға 

былш  еттi.  Әлгiнде  оның  сөзiне  күлмей  отырған  жiгiттер,  осы 

кезде  ду  күлдi.  Битбай  болса:

—  Әй,  ұратындай  не  жаздым?  Неге  ұрасың  сонша?  —  деп 

орнынан  көтерiле  сала,  бетiне  жабысқан  майлы  күрiштердi 

сүртiп  жатты. 

— Бұдан былай оған абайлап сөйлейтiн болдың, — дедi Көбек 

күлкiсiн тиып. 

—  Әншейiн  жәй  ұрғанымның  өзiне  бүктетiле  қалдың.  Егер 

қатты  ұрғанымда  желкең  үзiлiп  кетер  екен-ау. 

— Сенiң шоқпардай қолыңның ұрғанда жәйi қайсы, қаттысы 

қайсы  екенiн  итiм  бiлiп  пе?  Менi  бұлай  ұрғаныңнан  гөрi,  бiр 

боқтап  алғаның  тәуiр  ғой. 

— Бұдан былай, Битбай, бұл қара диюдың жынымен ойнама. 

Ал  қазiр  қарын  тойдырып  болсаңдар,  сыртқа  шығып,  той 

қызығын  тамашалайық.

…Сол күнi бұлар кешке дейiн той салтанатын қызықтап жүрдi. 

Кешке ақындар айтысы басталды. Сүлеймен ақындар айтысына 

қызықпады. Күн бата қонақ үйге келiп жатып қалды. 

Ертесiне  ол  күн  шықпай  оянды.  Түннiң  қай  мезгiлiнде 

келгендерi  белгiсiз,  серiктерi  қалың  ұйқы  құшағында  жатыр. 

Оларды оятып алмайын деп, орнынан жайлап тұрды да дыбысын 

бiлдiрмей  тысқа  шықты.  Тойлы  ауыл  да  ендi  ғана  ұйқыдан 

тұрып,  қыбырлай  бастапты.  Есiк  алдындағы  дәу  самауырынға 

шай  қойып  жатқан  бiр  қызметшi: 

— Ә, балуан жiгiт. Кеше түнде болған қызықтардың бәрiнен 

қалып, ерте жатып қалғаның қалай? Әлде бүгiн түсетiн күресiңе 

шаршап қалмайын дедiң бе? — дедi.

— Менiң күреске түсетiнiмдi қайдан бiлдiң? 



73

Сүлеймен қарақшы

—  Осы  жердегiледiң  бәрi  “Түйе  балуандыққа  түсетiн  жiгiт 

осы” деп сенi сыртыңнан сөз етiп жүр. Естуiмше, сен жаныстың 

жiгiтiне  ұқсайсың.  Мен  де  —  жаныспын.  Саған,  бауырым, 

күресте  жеңiс  тiлеймiн.  Қәзiр  сәске  әлетiнде  күрес  басталады.

 Оған жауап қатпады. Құманды алып жуынды. Осы кезде оның 

қасына Көбек пен Құлажан келдi.

— Қалай, батыр? Азанымен тұрып алып, ауылдағыдай жаттығу 

жасап алдың ба? 

— Мұның түнiмен ұйықтатпай, Қаратауды айналдыра жүгiртiп 

шығу керек едi.

—  Сендер  менiң  қамымды  ойламай-ақ,  бүгiн  жарысқа 

түсетiн өз аттарың жайында ойласаңдар неттi,— деп гүжiлдедi 

Сүлеймен.—  Неге  әрдеңенi  айтып  мылжыңдай  бересiңдер?! 

—  Сөзiмiз  саған  жақпайтын  болса,  қойдық  онда.  Расында, 

Көбеке, Сүлейменнiң шамына тиетiн сөздi айта бермейiк. Күреске 

түсетiн жiгiттiң көңiлi жақсы болмағы лазым, — дедi Құлажан 

Көбекке су құйып тұрып.

  Аздан  соң  бұлардың  жанына  басқа  жiгiттер  де  жиналды. 

Оладың  бiрi  жуынып,  бiрi  әңгiме  айтып,  шай  дайын  болғанша 

дабырласып  тұрды. 



74

Сүлеймен қарақшы

Х

 Сәске әлетiнде құнан жарыс басталды. Он бес шақы-рымға 

созылған  жарысқа  үш  жүздей  құнан  сап  түзеп,  Қаратаудың 

етегiндегi далиған тегiс дала лезде ат тұяғының дүбiрiне толды. 

Ордабек  болыс  қосқан  сегiз  құнаның  ешқайсысы  бәйгеге  iлiне 

алмады.  Бұған  намыстанған  болыс  ат  баптаушы  жiгiттерге:

—  Баптаған  құнандарыңның  бiрде  бiрi  еш  болмаса  үшiншi-

төртiншi  орынға  да  iлiге  алмауы  не  сұмдық?!  Өңкей  буаз 

байталдарды жиып әкелгеннен саусыңдар ма, түге, — деп бұлқан-

талқан  болды. 

 Оның жанындағы билер мен атбегiлер болыстың сөзiне жауап 

қата алмай, жерге қарасты. Осы кезде үстерiне қызыл шапан, ақ 

белбеу таққан екi жiгiт келдi: 

—  Болыс-еке,  анау  жайма  шатырлы  үйдiң  жанында 

күрес  басталғалы  жатыр.  Балуандарыңыз  болса,  сонда  алып 

барыңыздар. 

—  Жаңағы  Досалы  қайда  кеттi?  Күресетiн  баламыз  осында 

ма?  Алып  жүрсеңдершi. 

— Күресетiн баламыз дайын тұр. Ол — мынау, — деп Тәжiбай 

ұлық Ордабекке Сүлеймендi көрсеттi. 

—  Ал,  Құдай  мен  әруақ  қолдай  көрсiн  өзiңдi,  балам.  Төле 

бабаңның  рухы  жебесiн.

Ордабек  бастаған  топ  күрес  алаңына  келсе,  мұнда  көп 

халық жиналып қалыпты. Той басшылар күресетiн жердi әдемi 

таңдапты.  Киiз  үйлер  тiгiлген  ауылдың  ортасында  кiшкене 

шошақ төбе бар екен. Биiктiгi атты кiсiдей сол шошақ төбенiң 

үстi  ат  айналардай  жайпақ.  Сол  жерге  шығып  күресетiн 

балуандар  сайысын  төмендегi  адамдардың  бәрi  айқын  көрiп 

тұруға мүмкiндiктерi бар. Әлгiнде ғана құнан бәйгенi тамашалап 

келген қалың жұрт ендi осылай ойысып, төбенi айнала жиылып 

жатыр. Күреске баға беретiн қадiрлi меймандар отыратын жерге 

арнайы  шатыр  тiгiлiптi.  Қызметшi  жiгiттер  көлденең  жұртты 

сол шатырға жақындатпай, оны қоршай тұр. Ордабек, Естемес, 

Тәжiбай, Досалы төртеуi топтан бөлiнiп, солай кеттi. Бiр кезде 

төбе  үстiнде  тұрған  күрестiң  бас  қазысы: 



75



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет