Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет55/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   265
Сүлеймен қарақшы

ауық көрiнiптi. Шойбек дат-қадан соң бiреуге көрiнiптi дегендi 

әзiрше естiгенiм жоқ. Бiрақ қай уақытта болса да, түбi Төледен 

өрбiгендердiң  iшiнде  елден  ерек  шыққан  бiреуге  оның  көрiнуi 

бек мүмкiн», — деп айтып отырушы едi. Бiр рет күресте, бiр рет 

жаңа қасқырлар қоршауында қалып, жаным қатты қысылғанда, 

өзiме  демеу  көрсетiп  кеткен  ол,  Достай  қария  айтатын  баяғы 

Төле  бабамның  әруақ-кiсiсi  ме  екен?  Бiрақ  мен  күллi  қазақты 

бiр ауыз сөзбен тоқтатқан Төле де, өмiр бойы Қоқан ханына дес 

бермей, қалың қаңлы, сондай-ақ сiргелi мен дулаттың қақ жарым 

жұртын  Шыршық  пен  Дүрменнен  берi  қарай  көшiрiп  әкеткен 

Қожамжар мен Шойбек те емеспiн ғой. Бар болғаны Досалы мен 

Көбектiң  ұрысы  атанып,  өзiме  тиiскендердi  жер  жастандырған 

бұзық  қанамын…”

 Сүлеймен осылай ойланып жатып, ұйықтап кеттi.



115

Сүлеймен қарақшы

III

Көзi бiр iлiнсе, Сүлейменнiң тырп етпей, қатты ұйықтайтын 

әдетi  бар.  Әдетте,  жылқы  басында  болсын,  үйiнде  болсын, 

таңертең  оны  серiктерi  әзер  оятатын.  Айдалада  екенi  есiнен 

шыққан  ол,  осы  жолы  да  әлдекiмнiң  иығынан  қатты  түртiп 

жатқанына қарамай, қолын бiр сiлтеп қойып, тұрмай жата бердi. 

Бiрақ  әлгi  бiреу  бiресе  иегiнен,  бiресе  иығынан  қайта-қайта 

түртiп,  маза  бермеген  соң,  ақырын  көзiн  ашты.  Алғашқыда 

маңдай  бетiнен  шақырайып  шығып  тұрған  күндi,  сосын  өзiн 

тұмсығымен оятып тұрған атын көрдi. Қай жерде жатқанын ендi 

бағамдаған ол, орнынан атып тұрды. Күн ұлы сәскеге көтерiлiп 

қапты. Түнiмен қалың бозға тойған қарагер шөлдесе керек. Екi 

бүйiрi  солқ  кiрiп,  бұған  “жүрейiк”  дегендей,  басын  шұлғып-

шұлғып қояды. Есiне түндегi қасқырлар түсiп, олар жаққа қараса, 

жиырма  қадамдай  жерде  екеуi  теңкиiп-теңкиiп  жатыр.  Бұрын 

қасқырды  алыстан  көргенiмен  мынадай  жақындықта  көрген 

емес. “Түрi қандай болады екен” деп, орнынан тұра сала, оларға 

қарай беттедi. Бергi жақта жатқанының басы есектiң басындай, 

ұзындығы есiк пен төрдей нән арлан қасқыр екен. Аяқтары жуан. 

Тырнақтары  сояудай,  кеудесi  кiшiгiрiм  тананың  кеудесiндей. 

Ал  екiншiсi  қаншық  болса  керек,  одан  кiшiлеу.  Сүлеймен  екi 

қасқырға қарап, олардың түнде өзiнен қалай жеңiлiп қалғанына 

таң қалды. Бұл арлан кеудесiмен соқса, адам түгiлi онша-мұнша 

жылқының өзi ұшып түсерi хақ. Түнде ұялас қасқырлардың осы 

басшысы мерт болған соң, басқалары қаша жөнелген. Әйтпесе, 

бұл тiрi болғанда, Сүлейменнiң қазiр аман тұруы неғайбыл едi.

 Сүлеймен олардың терiсiн сыпырып алуға оңтайланып тұрды 

да,  ол  ойынан  бас  тартты.  Керi  бұрылып  атына  барды.  Оны 

ерттеп, сонау пәсте, көз ұшында көрiнген Жылыбұлаққа қарай 

жолға  түстi. 

Сүлеймен Жылыбұлаққа жеткенде, Топыш бiр топ жiгiттерiмен 

Қасқабайдың үйiнде бозаға бөгiп отыр едi. Қасқабайдың үйi ауыл 

шетiнде болғандықтан Сүлеймен тура осында ат басын тiреген-

дi. Есiк алдында шотпен ер қашап отырған бiр бозбала үй маңына 

келген мұны көрiп, орнынан ұшып тұрды. Бозбала “мынау адам 



116

Сүлеймен қарақшы

ба, әлде дию ма?” дегендей, Сүлейменге таңырқай сәл абдырап 

тұрып:

— Ассалаумағалейкум, — деп даусы шығар-шықпас дыбыспен 



сәлем бердi.

— Аман ба, бала?! Мен жаза баспасам, Қасқабайдың үйi осы 

ғой, ә? 

  Оның  гүжiлдеп  шыққан  үнiнен  бозбала  одан  сайын 

үрейленгендей,  артқа  қарай  шегiншектедi.

— Осы, осы.

— Қасқабай үйде ме?

— Үйде. Қазiр, көке, — деген ол “шақыр” деген сөздi күтпей, 

үйге қарай жүгiрiдi.

Үйге үрейлi реңмен жүгiрiп кiрген iнiсiне Қасқабай:

—  Әй,  жаудан  қашқандай,  не  болды,  соншама  тапырақтап? 

Бiреу келдi ме? — дедi.

—  Иә,  —  дедi  бала  ентiге,  Сүлеймен  өзiн  өкшелеп  қуып 

келгендей артына бiр қарап қойып. — Бiр дә-ә-әу, өзi қап-қара, 

көздерi  құтырған  бұқаның  көзiндей  қып-қызыл,  саусақтары 

мына шоттың сабынан жуан, еңгезердей бейтаныс кiсi келiп тұр. 

Мiнген  аты  да  әйдiк.  Сiздi  “үйде  ме?”  деп  сұрады.

—  Бұл  өңiрде  түрiнен  адам  шошитын  дәу  жоқ  едi  ғой.  Кiм 

болды  екен  ол?  Құдай  ұрып,  бiз  барымта  жасайтын  Сырдағы 

қоңыраттардан  бiр  қарақшы  келiп  тұрған  жоқ  па?  Нұржан 

болыстың  өлiмiнен  кейiн  өз  үйiңнiң  алдында-ақ  талай  нәрсенi 

күтуге  тура  келедi-ау.  Жүрiңдер,  көрейiкшi  кiм  екенiн.  Топыш, 

Елеусiн,  бәрiң  қанжарларыңды  белдерiңе  қыстырып  алыңдар. 

Кiм бiледi, қазiр не болатынын… — деп Қасқабай боза басында 

отырған  бар  жiгiтiн  ертiп  тыс-қа  шықты. 

 Бұл кезде Сүлеймен аттан түсiп, шылбырын ағашқа байлап 

жатқан.  Есiктен  топырлап  шыққан  жiгiттердi  көрген  ол:

—  Әй,  Қасқабай,  жалғыз  шығуға  қорқып,  жайдақтың  бар 

бетке ұстар жiгiттерiн артыңа шұбыртып келе жатқаның қалай? 

Әлде болыс атаңды атқан қарақшы “маған да келiп қалды ма?” 

деп зәрең кеттi ме? — дедi ыржия күлiп. 

— Уа, пәлi-i. Ойбай, “ойда-жоқта келген дос ақылыңды ойран 

етер”  дегендей,  атан  бурадай  күдiрейiп,  арыстандай  күжiрейiп 

қайдан сап ете қалдың мұнда? — деп Қасқабай жүгiрiп барып, 

Сүлеймендi  құшақтады. 

 Қасқабайдан кейiн Топыш жабысты оған. Өз ауылдарының 

дәулерi  есептелiнетiн  ол  екеуi  Сүлейменнiң  жанында  баладай 



117



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет