Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет53/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   265
Сүлеймен қарақшы

мен жотасы кезек-кезек алмасып жатқан жолдың кедiр-бұдырын 

өзi  аңдап,  бiрқалыпты  баяу  жүрiспен  келе  жатқан  қарагер  ат 

осқырынып, қалт тұра қалды. Содан соң екi аяғын жоғары көтере 

тебiнiп, ащы дауыспен қатты кiсiнедi. Сүлеймен бұл аттың өзiне 

бiр қауiп төнгенде осылайша осқырынып, тебiнiп белгi беретiн 

мiнезiне  әбден  үйренген-тiн.  Сондықтан  да  тебiне  жер  тарпи 

жөнелген қарагердiң мына қылығынан кейiн “не пәле жақындап 

келе  жатыр  бiзге”  деп,  жан-жағына  алақтай  қарады.  Алайда 

тесiле қарап, төңiрекке қаншама үңiлсе де, көрдей боп тұтасқан 

қараңғылықтан ешнәрсе көре алмады. Қарагер болса, одан бетер 

жұлқынып, бiр орнында шыр айнала бастады. Сүлеймен жүгендi 

тартып, оны тоқтатпаққа қанша әрекеттенсе де, ауыздығын қарс-

қарс шайнаған ол, бiр сәт тыншымады. Қолындағы қамшысын 

бағана  орысты  өлтiрген  жерде  қалдырып  кеткен.  Сүлеймен 

шылбырдың бiр ұшымен оның сауырын сабалады. Дегенмен ат 

сауырына тиген соққыны елемей, алға қарай бiр аттам да баспай, 

шыр  көбелек  айналуын  тоқтатпай  аласұрды.  Әлден  соң  “бiзге 

төнген қауiптiң қандай екенiн өзiң байқа” дегендей, қарагер бiраз 

тыншыды. Ер үстiнде жайбарақат отырған Сүлеймен айналасына 

тағы  да  үңiлдi.  Жаңа  аттың  жердi  дүрсiлдеткенiнен  естiмептi. 

Ендi байқаса, тура алдынан қорқынышты бiр ырыл естiлiп тұр. 

“Бұл ненiң дауысы?” деп ат үстiнде еңкейiп, ырыл шыққан жаққа 

тесiрейе қарады. Қарсы алдында әлдененiң екi көзi шоқтай жанып 

тұр. Қараңғылықты жарып тұрған сол екi шоқ бiресе оң жаққа, 

бiресе сол жаққа қозғалып-қозғалып қояды. “Қас-қыр. Бұл пәле 

жалғыз ба, әлде екi-үшеу ме?” — деп айналасына бiр-бiр қарап 

қойды. Сөйтсе, әлгiндей шоқты көздердiң бiрнешеуi жан-жағын 

қоршап тұр. Құдай ұрғанда, мұның қолында не сойыл, не қылыш 

жоқ. Адам болса, жалаң қолмен-ақ айқасуға болар едi. Ал мына 

айдаладағы азулы бөрiлерге қарусыз не қайран қылмақ?

  Осылайша,  аз  мезет  шарасыз  халде  тұрғанда,  есiне 

қонышындағы екi жүздi қанжары түстi. Бiрақ ат үстiнде отырып, 

қысқа  қанжармен  жердегi  желаяқ  бөрiлерге  не  iстей  аласың. 

Қапелiмде  олар  бәрi  бiрден  атқа  жабыла  кетсе,  халi  мүшкiл 

болатынын  сезген  ол,  жалма-жан  қонышындағы  қанжарын 

суырып,  ат  үстiнен  түстi.  Егер  қасқырлар  өздерiне  қарай 



111

Сүлеймен қарақшы

атылатындай  болса,  қанжарымен  қарсы  алмақ.  Бөрiлер  бұның 

жерге түскенiн көрiп, “ендi бұған ауыз салу оңай” дегендей, бәрi 

қосыла ұли жөнелдi. Қарагер ат Сүлейменнiң иығына басын тақап, 

тырп етпей, қорс-қорс етiп тұр. Аздан кейiн қасқырлар ұлуын сап 

доғарды  да,  шоқ  көздерiн  жылтыратып,  бұларды  айнала  жүре 

бастады. Олар Сүлеймендi мазақ еткендей, ұзақ айналшықтады. 

Одан  соң  бәрi  қаз-қатар  тұра  қалды.  Оттай  жарқырап  тұрған 

көздердiң саны оннан асады. Нақ осы сәтте: “Қорықпа, балам, 

бұлар  аңның  бөрiсi  болса,  сен  адамның  арыстанысың.  Бiреуiн 

жарақаттасаң болды, қалғандары тым-тырақай қашады”, — деп 

тура құлақ түбiнен бiреу сыбырлады. Сүлеймен сыбыр шыққан 

жаққа  жалт  бұрылды.  Қарагер  аттың  арғы  шетiнде  қараңғы 

түнде сұлбасы анық көрiнiп, бiр атты кiсi тұр. Осы жасқа дейiн 

жүрегi  дiр  етiп,  бiр  рет  қорқып  көрмеген  Сүлеймен  оған  көзi 

түсiп кеткенде тұла-бойы мұздап қоя бердi. “А, а, сен кiмсiң?” — 

дедi сасқалақтап, дауысын көтере. Алайда анау кiсi бұған жауап 

қатпады. Бет-аузын аппақ, ұзын түк басқан ол, күлгендей сыңай 

танытты да қараңғылыққа бiрте-бiрте сiңiп ұзап кеттi. Сүлеймен 

“бұл кiм?” деп ойлағанша, алдындағы қасқырлар қайтадан үрейлi 

дауыстарын шығара ырылдады. Содан әлгi кiсi жайында ойлауға 

да  мұршасы  келмей,  басын  қасқырлар  жаққа  бұра  бергенi  сол 

едi, олардың бiрi арс етiп бұған атылды. Екi отты көзiнен басқа 

денесi тұтас қаптай болып көрiнiп келе жатқан оны сол қолымен 

қағып  жiбердi  де,  оң  қолындағы  қанжарды  тiктей  жұмсады. 

Қанжар оның денесiне кiрш еттi. Анау пәле қыңсылағандай ащы 

бiр дауыс шығарды да, жерге топ етiп сұлап түстi. Ол атылғанда 

кейiн  шегiншектеп  кеткен  қарагер  осы  сәтте  шыңғыра  кiсiнеп, 

алдыңғы  екi  аяғын  көтерiп  тұрып,  жерде  жатқан  оны  жанши 

тептi. 


Қасқыр дыбыс шығаруға шамасы келмедi. Оны оңай жайратқан 

Сүлеймен  олардың  тағы  бiрi  келiп  қала  ма  деп  шегiншектей 

бергенде,  екiншi  қасқыр  сұмдық  жылдамдықпен  атылып  кеп, 

мұны кеудесiмен бiр соқты. Сәтiн салғанда, Сүлеймен құламады. 

Қайта шап етiп, қасқырдың алқымынан ұстай алды. Сүлейменнен 

мұншалықты  ептiлiктi  күтпеген  қасқыр,  артқы  екi  аяғымен 

жер  тiреп,  тыпырлады да қалды. Дем шығарар  мезгiл  кешiксе, 



112



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет