Жасөспірімдік кезеңнің соңына қарай тұлға мынадай мінездемеде сипатталатын әлеуметтік рольдер мен функцияларды орындауға дайын болады, олар: 1. биологиялық кемелдену бүкіл биологиялық рольді орындауға қабілеттілік және адам функциясы мен қалыпты жыныстық қатынасқа физиологиялық дайындық;
2. психологиялық кемелденудің аяқталуы және адам негізінің қалыптасуы;
3. негізінен өзінің дүниетанымының қалыптасуы;
4. парасаттылық кемеліне жету;
5. қоғамда және әлеуметтік топтарда бар құндылықтар мен нормаларды қабылдау;
6. деңгейіне және рольдер мен функцияларды игеруіне байланысты шығатын қарым-қатынас шарттары мен әрекетін орындау қабілеті;
7. қажетті жағдайда арнайы кәсіби дайындықты қажет етпейтін еңбек ролі мен функцияларын орындауға дайын болу.
Жасөспірімдік кезең (11 –15 жас) негізінен биологиялық жағынан өтпелі болып табылады, яғни бұл кезең жыныстық жетілу сонымен қатар басқа да биологиялық ағза жүйелерінің жетілуі болып табылады. Әлеуметтік жағынан қарастырғанда жасөспірімдік шақ –бұл бірінші әлеуметтендіудің жалғасы. Сәйкесінше олардың әлеуметтік дәрежесі балалардан ерекшеленбейді. Психологиялық жағынан бұл жас өте қайшылықты кезең.
Жасөспірімдік кезеңдегі қайшылықтар себептер қатарымен ерекшеленеді; жыныстық жетілу, жасөспірім өзін үлкен санап, ал үлкендердің оны әлі кішкентай деп қарауынан, жасөспірімдік кезеңде нақты бойының өсуі және физиологиялық өзгерісі бақыланады және осы өзгерістердің негізінде жоғары мазасыздық, депрессия, қозушылық, өзіне деген адекватты емес көзқарас, өзі үшін қорқу пайда болады.
Жасөспірімдік кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады . Дәл осы жасөспірімдік кезеңде балалардың көпшілігі “мектепке бейімделе алмауымен” ерекшеленеді, яғни мектептің талаптарына бейімделе алмау. Шарт бойынша “мектепке бейімделе алмау ” жасөспірімдерде олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, құрдастарымен достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар оқуымен мектептегі тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуымен көрініс береді.
Балалалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс жасөспірімдердің қоршаған ортаға деген қатынасын білдіріп, қажеттілік және тілектерінің өзгеруіне, ішкі дүниесінің қайта құрылуына әкеледі. Жасөспірім ағзасы қысқа уақыттың ішінде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірім айналасындағылардың өзіне деген құрметі мен санасуын талап етеді, ортадан өз орнын алуға тырысады. Өзін кейде біреулердің айтқанымен жүріп жататын, не үлкендердің көрсетуімен өмір сүретін бар болғаны біреулердің көшірмесі ғанамын деп қабылдайды. Сондықтан да ерекшеленуге, өз мінезін көрсетуге тырысады. Әсіресе мұндай көңіл –күй психологтардың көрсетуінше ер балаларда 11 –13 жаста, қыз балаларда 13 –15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі дағдарыстың мәні еліктейтін бейнесін табу. Мұндай кезде бала әртістер мен спорт шеберлерін, кейіпкерлер мен айналасындағы адамдарды өзіне пір тұтады. Егер жасөспірім кезіндегі еліктеуі орынсыз болса қалмаушылық және “мен” бейнесі мына өмірдің бірнеше бөліктерге бөлінетін кезеңі деп көрсетті.
Жасөспірім кезінде өз беттілікке ұмтылу әсерінен отбасы ықпалынан құтылуға тырысады. Оның бұл әрекеті өзгелермен топтасуға, құмарлық ойындарға әуестенуге, өзін ерекше етіп көрсетуге әкеледі. Одан келіп әлеуметке қарсы қалыпсыз мінез –құлық пайда болады. Қалыпсыз мінез –құлықты девиантты мінез –құлық деп атайды .
Жасөспірім кезіндегі дағдарыс барлық балаларда кездеседі. Кейбір балалар дағдарыстан жеңіл өтеді. Ал кейбіреулер үлкен қиындықпен өтеді. Дағдарыстың жеңіл түрде өтуіне ата –аналардың балаларға көп көңіл бөлуі, ата –аналық сүйіспеншілік сезімінің толық берілуі біден- бір ықпал етеді. Жасөспірімдер арасында психопотологияның кездесуі ата –аналардың өз балаларының мінез ерекшеліктері туралы дұрыс түсінігі болмағандықтан қате көзқарас қалыптасады, артық талап қойады. Ал, бұдан түсінбеушілік пен пікір қайшылығы туындайды. Сондықтан жасөспірімдердің мінез типтерінің ерекшеліктері мен ауытқушылықтарды анықтау отбасылық терапия мен отбасылық қарым –қатынасты психологиялық түзету жолдары арқылы дұрыс жолға салуға болады. Психологиялық ауытқушылықтардың алдын–алу үшін мектептерде жасөспірімдерге, ата–аналарға арналған психологиялық дәрістер оқылуы керек. Атап айтқанда :
жасөспірім кезеңінің ерекшелігі;
жасөспірімнің “мен ” концепциясының құрылуы;
жасөспірім кезеңіндегі дағдарыстардың ерекшелігі;
жасөспірімдердің жыныстық жетілуі;
еліктеу және оның маңызы.
Аталмыш кезеңдегі бала психологиясындағы өзгерістерге мән беріп психодиагностикалық әдістемелер жүргізіп, дер кезінде кеңес беріп түзету жаттығулары арқылы дер кезінде көмек беру әр психолог маманның, ұстаздың, қала берді ата –ананың және тәрбиешінің міндеті. Жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтарды игерту арқылы сындарлы тәрбие беру –психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қалыптастыру компоненттерін қамтитын белсенді процесс. Ол процесс, жеткіншек ұрпақтың бойына сапалы адамгершілік қадір-қаиеттерді сіңіруге бағытталған, тәрбиелік іс-әрекеттер барысында , олардың бойында қоршаған орта ықпалымен көрініс табатын жағымсыз, яғни девиантты мінез-құлықтан арылтуды және оның қалыптасу себеп-салдарын анықтап алуды талап етеді .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Жұмабаев Ə. Қиын балалар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыс. Алматы.1977.23 б.
Керімов Л.К. «Қиын жасөспірімдерді жеке – дара қайта тəрбиелеу теориясы мен практикасы» – Алматы, 2003. – 123 б.
Казымбетова Д.К. Девиантное поведение молодежи как объект социологического исследования: дис. на соиск. учен. степ. канд. наук. – Алматы, 1999. С. 36