«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық



бет23/23
Дата29.09.2023
өлшемі148,42 Kb.
#111734
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
!

Кеміргіштердің санын есепке алу

1. Кеміргіштерді есепке алу олардың көбеюі кезеңінде – наурыз-сәуір және қазан-қараша айларында, саны артқан кезде ашық стациялардан шығып құрылыстарға кіруіне дейін, егеуқұйрықтар мен тышқандар популяцияларының жағдайын бағалау үшін жылына екі рет жүргізіледі.


Есепке алу екі сатыда жүргізіледі. Кеміргіштердің құрылыстарда болу қарқындылығын алдын ала бірінші бағалау үшін есепке алуға есепке алу жүргізу кезінде кеміргіштер болған барлық құрылыстар кіреді.
2. Бірінші сатыда кеміргіштердің болу қарқындылығын алғашқы бағалау үшін алдымен ғимараттарға қойылған ұннан жасалған жемді немесе талькті қолданады, егер жем аз болса, жаңа алаңдарды қояды. Оларды ауданы 1000 м2 болатын ғимараттарда қабырғалардың бойымен әр 4-5 метр сайын, ауданы үлкендеу ғимараттарда сиректеу, әр 8-10 метр сайын қояды. Алаңдарды ғимараттардың барлық ауданы бойынша емес, кеміргіштердің болуы мүмкін үй-жайларда: жертөлелерде, еден астында, қоймаларда, қосалқы бөлмелерде, ас блоктарында, бірінші және екінші қабаттардағы пәтерлерде, қара егеуқұйрықты есепке алу жағдайында шатыр астындағы бөлмелерде қояды. Кеміргіштердің болу қарқындылығын олар жүріп өткен барлық кіші алаңдар санын ғимараттардың жалпы ауданына бөлу арқылы анықтап, келесі шкала бойынша бағалайды:

Кеміргіштердің олар мекендеген құрылыстардың
1000 ш.м-ге алаңдардан жүріп өтуі

Көп

Орташа

Аз

5,0-ден жоғары

5,0-1,0

1,0-ден кем

Мысал:
17 алаң
X = ------------------ = 1,7 (орташа)
10,0 мың м2
3. Есепке алудың екінші сатысын кіші алаңдарды есептеу кезінде іздер табылған барлық үй-жайда қақпандардың көмегімен жүргізеді. Егеуқұйрықтар жүретін үй-жайға әр 20 м2-ге бір қапқан қояды. Тышқандар жүретін үй-жайға әр 10 м2-ге 1 қақпан қояды. Кеміргіштердің іздері табылмаған үй-жайға қақпандарды қоймайды. Үш күн қатарынан барлық қақпандарды күніне бір рет тексереді, ұсталған кеміргіштерді жинайды, жемді (өсімдік майы қосылған нанды) ауыстырады. Кеміргіштердің әр түрінің санын былай жеке анықтайды: кеміргіштердің бір түрінің жалпы санын олар ұсталған ғимараттардың қосынды ауданына бөледі.
Әр түрдің санын мынадай шкала бойынша бағалайды:

Олар мекендеген құрылыстардың 1000 ш.м-де ұсталған кеміргіштер

Көп

Орташа

аз

1,0-ден жоғары

1,0-0,5

0,5-ден кем

Мысалдар:
5 сұр егеуқұйрық
X, = --------------------------- = 1000 шаршы м-де 0,8 сұр егеуқұйрық 6,1 мың шаршы м (орташа)
9 үй егеуқұйрығы
Х2= ---------------------------- = 1000 шаршы м-де 0,6 үй егеуқұйрығы 14,6 мың шаршы м (орташа).
4. Ашық стацияларда есепке алуды кеміргіштердің ғимараттарға кіруіне дейін егеуқұйрықтардың, тышқандардың, басқа түрлердің құрылыстан тыс популяциясын анықтау және олардың сырттан келуінен қорғау шараларын қабылдау үшін жүргізеді. Есепке алуды жүргізгенге дейін ашық аумақ учаскелерін визуалды түрде тексереді және егеуқұйрықтар мен тышқандарға бөлек арналған қақпандарды сызық бойынша қоятын жерлерді белгілейді.
5. Есепке алу орындарының санын тексерілуі мүмкін ашық аумақтың әр 5 га-сына бір тәулікке 100 қақпан келетіндей (жүз қақпан-тәулікпен) анықтайды. Ауданға бөлінбейтін елді мекенде немесе ірі қаланың әр ауданында есепке алуды екі-үш жерде (200-300 қақпан-тәулікпен) жүргізеді. Қақпандарды сызық бойымен бір-бірінен 5 м арақашықтықта, күннің екінші жартысында немесе кешке қояды. Оларды таңертең ерте алып, тексереді. Бірінші және екінші есепке алу тәуліктерінде таңертең тексеру арқылы 50 қақпанды 2 тәулікке қоюға болады. Бірінші тексеруден кейін нан жемін жаңасына ауыстырады.
6. Кеміргіштердің әр түрінің санын (ұсталу пайызын) төмендегідей формуламен анықтайды:
Барлық ұсталған кеміргіштер х 100
Х = --------------------------------------
Барлық қақпан-тәулік
Мысал:
8 сұр егеуқұйрық х 100 800
X = ----------------------------- =100 қақпан-тәулікте 2.7 сұр 150 қақпан х 2 тәулік = 300 егеуқұйрық

7. Алынған нәтижелерді алдыңғы есепке алу деректерімен салыстыру белгілі түрдің азаюын немесе көбеюін анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет