Дезинфекция және стерилизация



бет2/5
Дата15.11.2023
өлшемі178 Kb.
#123115
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 Биология 11 Дезинфекция және стерилизация

Қайнату

  • Қайнату - кез-келген жағдайларда пайдалануға келетін, зарарсыздандырудың ең ыңғайлы және сенімді түрі болып табылады. Қайнаған суда ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдары, төсек-жабдық пен киім-кешек, сүлгі, мұрын сүлгілері, рәзеңке ойыншықтар, тағам қалдықтарын өңдеуге болады. Қайнаған суда микробтардың вегетативті түрлері бірнеше минутта өледі. Сібір жарасы, мен өкпе құрт ауруы микобактериясы қайнаудың 2-ден 10-12минутын көтере алады. Қайнаған судың зарарсыздандыру әсерін сода немесе сабын қосу арқылы күшейтуге болады. Микробтар тұрақтылығы мен өңделуші заттардын сипатына қарай, қайнау минутынан бастап экспозиция 15-30 минутқа дейін созылады. Бедерінің құртылуы себебінен, клеенкелі, жүн, жартылай жүн, тері, вискозды маталар өңдеудің бұл түріне келмейді. Патогенді микробтар төмен температураға бейім болуы себебінен (минус 30-50°С), төмен температурада өңдеу қолданылмайды.

Пастеризация

  • 60 минутта 60 °C-қа дейін, немесе 30 минутта 70—80 °C-қа дейін жиіде сұйық заттарды бір реттік өңдеу әдісі. Ас тағамдарын зарарсыздандыру мен олардың қолдану ұзақтығын сақтау үшін қолданылады. Мұндай өңдеу салдарынан микроағзалардың вегетативті түрі жойылып, споралары сақталып, жағдайы туғанда дами бастайды. Сондықтан да, пасерленген тағамдарды (сүт және т.б.) төмен температурада шектеулі уақыт қана сақталады. Пастерленген тағамдар өңдеу нәтижсінде құндылығын, дәрумендерін ферменттерін толыққанды сақтап қалады деген түсінік бар.
  • · Кептіру.Көптеген патогенді микроағзалар ұзақ уақытты кептіру әдісіне төтеп бере алмайды. Жойылу жылдамдығы микробтардың түріне, төзімділігіне және де кептіру әдісінің жүргізілу талаптарына байланысты, осылайша, холера вибрионы кептіруге бірнеше сағатта берілсе, өкпе құрт ауруы мен стафилококк қоздырғыштары 10 ай ішінде жойылады, сібір жарасы споралары вируленттілігін бірнеше жыл сақтай алады.

 Күйдіру мен тесу. Бұл әдісті лабораториялық инелер, мақта пробкалары, пробиркаларды және т.б. зарарсыздандыру үшін қолданады. Ол үшін спирттік, газ көгілдір шамдары, күйдіру шамы мен арнайы факел отынымен күйдіру пайдаланылады.

  •  Күйдіру мен тесу. Бұл әдісті лабораториялық инелер, мақта пробкалары, пробиркаларды және т.б. зарарсыздандыру үшін қолданады. Ол үшін спирттік, газ көгілдір шамдары, күйдіру шамы мен арнайы факел отынымен күйдіру пайдаланылады.
  •  Су буы.Су буы өңделуші заттардың тереңіне енуі арқасында ең нәтижелі дезинфекциялық құрал болып табылады. Автоклавтағы дезинфекция тәртібі (бикстерде) t - 110°С температурада, 0,5 атм.қысымында, экспозициясы 20 мин.
  • Құрғақ ыстық ауа, немесе құрғақ ыстық. Оның микроб клеткасына әсері - клетканың сусыздануы мен бүрісіп қалуына алып келеді. Құрғақ ыстық ауаны ылғалдандыру кезінде оның бикеридидтілігі барынша ұлғаяды. Органикалық заттармен ластанбаған әйнек, металл, температураға төзімді металлдар үшін құрғақ ыстық шкафта t 120°С, экспозициясы 45 мин


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет