Дезинфекцияның химиялық әдісі ауру туындатушы микроағзаларды жою мен дезинфекциялық заттармен токсиндерді құлдыратуына бағытталады. Химиялық заттар әсері - жоғары температура әсерімен салыстырғанда тым беткей келеді. Дегенмен, қолжетімді болуы себебінен бұл әдіс жиі қолданысқа түседі. Жоғары температурадан құртылатын көптеген заттарды дезинфекциялық құралдармен зиян келтірмей өңдеуге болады.
Дезинфекциялық заттарға қойылатын негізгі талаптар:
§ жоғары бактерицидтілік;
§ адамдарға зиянсыз болуы;
§ өңделуші заттардың құртылуын болдырмауы;
§ суда еруі;
§ сақтаудағы тұрақтылығы;
§ қолданудағы ыңғайлылығы;
§ органикалық заттардың қатысуымен бактерицидті әсерінің сақталуы;
§ өндірісінің арзандылығы.
Стерилизация - микроорганизмдердің барлық түрін және олардың спораларын жоғары температура немесе басқа да физикалық факторлардың, химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерімен толық жою.
Стерилизация - микроорганизмдердің барлық түрін және олардың спораларын жоғары температура немесе басқа да физикалық факторлардың, химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерімен толық жою.
Стерилизация асептиканың негізі болып табылады, госпиталдық инфекциялармен күресуде және операциядан кейінгі іріңді асқынулар профилактикасында, гепатит В, АИТВ - инфекциясы және іріңді ауруларда маңызы зор.
Стерилизацияның негізгі 3 түрі бар. Олар: жылулық, сәулелік және химиялық.
Стерилизацияның негізгі 3 түрі бар. Олар: жылулық, сәулелік және химиялық.
Жылулық( термиялық) стерилизация микробтардың жоғарғы температураға сезімталдығына негізделген. 60С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170С-та жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.
Ауалы стерилизатор – термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже бойынша 160С-та 120 минут жүргізіледі.Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және шыныдан жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді.