Механикалық – жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу.
Физикалық - қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, УКС т.б.
Химиялық әдіс- ЕПҰ-да дезинфекцияның химиялық түрінің толық батыру әдісі жиі қолданылады. Науқаспен қарым-қатынаста болмайтын заттар, оның бөліктері үшін дәке, бөз шүберекті дезерітіндіге малып, 2 рет сүрту әдісі қолданылады.
Аралас әдісі арнайы дезинфекциялық камераларда жүргізіледі.
Булы-ауалы 110˚С температурада ылғалды ауамен, 0,5 атм қысым, экспозиция – 20 минут.
Параформалинді – 0,5 атм режимі, температура 90˚С, экспозия -30 минут
Камералы дезинфекцияда заттар ыстық ауамен белгілі температурада жоғары қысыммен, кейде будың әсерін күшейту үшін қосымша формальдегидті (формалин) камераға жіберу арқылы дезинфекцияланады