Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.
Дезинфекцияның мақсаты: ЕСМ палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.
Зарарсыздандырудың екі түрі бар: профилактикалық және ошақты.
Профилактикалық зарарсыздандыруемдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.
Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі
Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.
Күнделікті –үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.