Диагноз : Коньюктиваның -ші дәрежелі, қасаң қабықтың – ші дәрежелі химиялық күйігі


Диагноз : Сол жақ қабақтың травмасынан кейінгі қабақтың сыртқа айналуы



бет2/32
Дата12.09.2023
өлшемі1,72 Mb.
#106947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
ОФТАЛЬМО ЕСЕПТЕР 6-026, 6-027

Диагноз : Сол жақ қабақтың травмасынан кейінгі қабақтың сыртқа айналуы
Есеп 6
Мұғалім 45 жаста. Соңғы 2-3 айда кешкілік оқыған кезде көзінің шаршайтынына шағымданған.VIS OD = 1,0 VIS OS = 1,0
Объективті: OU – көздері тыныш, оптикалық орта мөлдір, көз түбі патологиясыз. Жақыннан көруін анықтау үшін кесте бойынша әр көзімен N 8 шрифті, шынымен (+) 1,5 Д N 2 шрифті оқиды. Ықтимал диагноз. Коррекциялау әдістері.
Диагноз : Пресбиопия , коррекциялауды қажет етпейді , + 1,5 Д мен қалады .

Есеп 7
45 жастағы 1.5 дптр бар миоп қандай шыны мен түзетуді қажет етеді?


Жауап : шашыратқыш линзамен

Есеп 8
Науқас сол көздің алдындағы қара дақтың тұрақты сезіміне шағымданады, ол осы аймақта ештеңе көрмейді. Симптомға анықтама беріңіз


Жауап : Оң абсолютті скотома

Есеп 9
Науқаста заттық көру жоқ. Көру өткірлігін зерттеу үшін келесі қандай қадам жасайсыз. Зерттеу нәтижелерін жазыңыз.


Жауап :
Ең төменгі көру жітілігін анықтаймыз , ол көздің жарықты қараңғыдан айыра білу қабілеті
Егерде зерттелуші жарықты көрсе , оның көру жітілігі жарық сезуге тең : Perceptio lucis visus = 1 \ шексіздік
Егерде зерттелуші жарықтың бағытын дұрыс анықтаса,оның көру жітілігі жарық сезуі дұрыс проекциялы болып есептеледі : Perceptio lucis serta visus = 1 \ шексіздік
Егерде зерттелуші жарықтың бағытын бір жақтан болса да дұрыс анықтамаса , оның көру жітілігі жарық сезуі дұрыс емес проекциялы болып есептеледі : Perceptio lucis inserta visus = 1 \ шексіздік
Егерде зерттелуші жарықты қараңғыдан ажырата алмаса онда нәтижесі : visus = 0 болады.

Есеп 10.


5 метр қашықтықтағы науқас оң көзімен жоғарыдан 5-ші жолда 1 қателік жасайды , сол жақ көзімен қолдың қозғалысын ажыратады. Көру өткірлігін зерттеу нәтижесін жазыныз
Жауап: VIS OD = 0,5 VIS OS = движение тени пальцев(CF)

Есеп 11.


Оң көздің соқыр дақтың мөлшерін анықтаған кезде физиологиялық скотоманың ең үлкен тік мөлшері 8 см болды . Жауапты түсіндіріңіз
Жауап: норма

Есеп 12.


Көз дәргеріне 13 жастағы пациент екі көзінің көзәйнекпен көруінің төмендегеніне шағымданып келді. (-)2,5дптр көзілдірік үнемі киеді. Тексергенде: екі көздің де көру жітілігі 0,1, (-) 3,5 дптр әйнекпен 1,0-ге дейін түзеледі. Циклопегия (1% циклопентолат) фонында екі көздің рефракциясы: көлденең меридианда – миопия 4,0дптр және тік меридианда – миопия 5,0дптр. анықталды. Екі көздің аксиалды өлшемі – 25,0мм. Толық диагноз қойыңыз.
Диагноз: Орташа дәрежелі миопия астигматизммен

Есеп 13.


Көру жітілігі төмен науқасты тексергеннен кейін сіз келесі нәтижелерге қол жеткіздіңіз: Vis OD/OS = 0,08 / 0,1 с кор. +5,0 D/- 4,0 D = 0,5/1,0. Сіздің диагнозыңыз, ұсыныстарыңыз.
Диагноз: Анизометропия

Есеп 14
Окулистке науқас оң жақ көзінен жастың үздіксіз ағуы мен іріңді бөлінулерге шағымданып келді. Науқасты тексеру кезінде қабақтың төменгі шеті бойында көп мөлшердегі жас назар аудартады қабақтың ішкі байламының астында жұмсақ бұршақ тәрізді томпайып тұр. Осы аумақты басқан кезде жас нүктелерінен шырышты-іріңді заты ағып шығады. Ең ықтимал диагноз. Дәрігердің тактикасы.


Диагноз: Дакриоцистит

Есеп 15
Науқас оң жақ көзінде бөгде денені сезінетіндігіне, жиі жыпылықтайтынына, жас ағу, көзінің қызаруына шағымданады. Тексеру кезінде қабақтың кірпіктер өскен алдыңғы қыры көз алмасына қарай бағытталған, көз алмасының беттік инъекциясы анықталды. Қасаң қабықта кірпікпен байланысқан жердің маңайында жара бар. Ең ықтимал диагноз. Дәрігердің тактикасы.


Диагноз: Энтропион

Есеп 16
Монтажшы 40 жаста, оң көзінің көруінің күрт төмендегенін 2 күн бұрын біліп, окулистке келген. Бір апта бұрын жедел оң жақтан болған гайморитпен ауырған. Объективті: Vis OD=0,2 түзетілмейді , Т= 22 мм сн.бғ., OS=1,0, Т=23 мм сн.бғ. Оң көзі тыныш, оптикалық орта мөлдір. Көз түбі: КНД – қызарған, шеттері көмескі, ісіңкі, шынытәрізді денеге шығыңқы, артериялар кеңейген, веналар ирелеңдеген, тамырлы түтікше экссудаттармен толған. Макулярлы аумақ пен периферия патологиясыз. Сол көз - сау. Ең ықтимал диагноз қандай? Емдеу


Диагноз: Көру нервісінің интрабульбарлы невриті (папиллит)

Есеп 17
Екі жыл бұрын ер адам оң көзден жұмыр затпен жарақат алды, операция жасалған. Объективті: көз тыныш, қасаң қабақ мөлдір, алдынғы камерасы терең, иридодонез. Сіздің диагнозыңыз. Реабилитация жолдары.


Диагноз: Афакия

Есеп 18
Құрылыста жұмысшының көзіне цемент ерітіндісі тамып, зардап шегуші көзін өзі жуып тастаған. Тексеру кезінде конъюнктива қызарған, ісінген, қасаң қабықта шектелген жылтырауы жоқ сұр түсті аумақтары бар. Диагноз қойыңыз. Емдеу тактикасы.


Диагноз: Қасаң қабықтың 2-дәрежелі күйігі, конъюнктиваның 1-дәрежелі күйігі.

Есеп 19


Тексерілуші оң көзімен жарықты көріп, оның бағытын дұрыс анықтайды, сол көзімен жарық бағытын мұрын жағынын дұрыс анықтай алмады . Көру өткірлігін зерттеу нәтижесін жазыныз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет