эссе жоспары Кіріспе Жалпы пікір Жалпы түсініктеме беріп, талқылау аргументі белгілі ақпаратанық көрсетіліп тұру керек (атауын өзгертіп жазу, перифраз жасап беруге болады)
Автордың пікірі кіріспеде тура немесе жанама түрде айтылып кетуі мүмкін.
Эссенің мақсаты – осы эсседе талқыланатын мәселені белгілеп көрсетіңіз (мысалы, мәселелер және оның шешімі) Негізгі бөлім Пікір Детальді абзацтар: Негіздеме 1 абзац – тақырыпқа қатысты МӘСЕЛЕЛЕРДІ Дәлелдеме анық белгілеп көрсету, мәселенің салдары, одан нақтылау шығатын зардаптар қандай екенін жазып кету керек.
1-2 абзац – аз дегенде 2 шешу жолдарын ұсынып, шығатын нәтижеге болжам жасайды.
Қорытынды Қорытынды Өз идеяларынды қорытындылай, өз пікірінді нақты білдіріп жазу. «Мәселе және шешім» эссесінің құрылымы: Қазіргі заманда жаңа технологияларды қолдану үнемі артып келе жатыр, білім саласында да технологиялардың дамуын сыныпта байқауға болады. Қазіргі таңда сыныптағы технологиялардың рөлі қаншалықты маңызды екені және ақыр аяғында адамдардың орнын роботтар толық алмастыра алатындығы қызу талқылануда. Осы кезде жасанды интелекттің студенттерді түсінуі, эмоциялық қажеттіліктерін сезе алуы қолдан келмегендіктен, сыныпта адамның қолдауынсыз жұмыс жасау үшін робот-мұғалім бұл салада бірсыпыра табысқа жету қажет. Сыныпты толық жасанды интеллект арқылы басқару үшін негізгі кедергілердің бірі- студенттердің сыныпта эмоциялық қолдаудың қажетілігін сезінуі. Әр сыныпта оқушылардың қылықтары қиындық туғызуы мүмкін, сондықтан мұғалім бейімделіп, мәселе тудыратын оқушылардың қажеттіліктерін ескеруі керек. Жасанды интелект оқушылардың түсінгендігін көзінің қарасы мен эмоциялық сигналдар арқылы дереу кері байланыс көмегімен бағалауы тиіс. Сыныптағы эмоциялар мен адамның сезімін сезіне білуі әр мұғалім үшін қажет. Қазіргі кезде оқушыларды эмоциялар арқылы қолдау мимиканы емес түсінуді талап ететіндіктен, компаниялар адамның физикалық және ойлау қабілеттерін жай ғана еліктеудің шегіне шығатын робаттар жасау үстінде. Кейбір компьютерлер адамның бетәлпетінің мимикалық көрінісін анықтай ала бастаған. Робот адамның бетіне қарап, көзінің қарасы арқылы білдірілген эмоциясын түсінеді де жағдайға байланысты әрекет етеді. Егер де біз қоршаған орта негізінде шешім қабылдау үшін машиналар жасай алсақ, уақыт өте келе олар ең жақсы эмоциялық шешімді қамтамасыз ете алады. Күрделі жағдайларда шешу мүмкіндіктерін байқауға үйреткенде, олар сыныпта мұғалімдерді алмастыруға бір қадам жақындайды. Қазір жасанды интелектінің мұғалімдерді алмастыру мүмкіндігі жоқ, сондықтан оларға сыныптағы оқушылардың эмоциялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жай ғана адамның қылығына еліктеуден гөрі көбірек әрекет ету керек. Барлық әлемде робототехниканың зертхналарында осы мәселені шешімін табуда және күнделікті айтарлықтай прогресстерге жетіп жатыр. Осы уақытта оқытушылар өз жұмыстарына алаңдамауға болады, бірақ білім беру сияқты күрделі механизмді робот та орындай алуы уақыт мәселесі ғана.