Барлық адамдарвегетарианец болуға тиіс, себебі денсаулық үшін ет жемеген пайдалы. Біздің заманда етке деген үлкен сұраныстан ауыл шаруашылығының өндірушілері жануарлар салмақ қосу үшін арнайы гормон инъекциясын егеді (Scientific Research Journal, 2015). Бұл химикаттар ақырында адамдардың тамақтарына түседі, олардың қалдықтары біздің ағзаларымызда қалып қояды.Австралияда сиыр етін өндіруде ірі қара малға салмақ қосуға мүмкіндік беретін заттек егеді. Сол ет әлем нарығына шығарылады. Химиялық заттектерден құтылу өте қиын, сондықтан еттен бас тартқан дұрыс. Аргументативті эссе жазу. Эссенің де абзац сияқты үш бөлімнен тұратын құрылымы бар. Әр эсседе анық кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды болу тиіс. Эссе деңгейінде де бұл бөлімдердің қызметі абзацтағындай.
Кіріспе бөлімінде оқырманға эссенің тақырыбы мен мақсаты туралы ақпарат беретін тезис болады. Негізгі бөлімде мақсат түсіндіріліп, қолдаушы сөйлемдер беріледі.
Қорытынды бөлімде тезис пен негізгі бөліммен байланыс көрсетіледі, қажет болған жағдайда, автордың пікірі қосылады.
Аргументативті эссе- бір немесе бірнеше аргументтер қолданылып, талқыланатын эссе.
Аргументативті эсседе бір немесе бірнеше аргумент болуы мүмкін. Эссенің мақсатына байланысты пайымдаулар мен дәлелдер эссенің әр бөлімінде болуы мүмкін. Егер сіздің эсседе бір ғана аргумент болса, негізгі пікір кіріспе бөлімде болады да, негізігі бөлімнің әр абзацында пікіріңізді қолдайтын негіздемелер мен дәлелдер беріледі. Бірнеше аргументтер келтірілген эсседе кіріспеде тек қана аргументтерді талқылаудың мақсаты көрсетіледі де, негізгі бөлімнің әр абзацында бір аргументтен беріледі.
Төменде аргументативті эссенің үш түрінің мысалдары мен түсініктемелері беріледі. Пікір-эссе, «Қосыламын» және «қарсымын» және «Мәселе және шешім» эсселері.
Пікір-эссе- бұл эссе оқырманға өз пікіріңізді жеткізу үшін қолданылады. Тек бір ғана пікір талқыланады. Сіздің мақсатыңыз- тақырыпқа қатысты пікіріңізді күшейтетін негіздемелер келтіру.