Дыбыс. Фонема. Фонология


Дауыссыз фонемалар (консонантизм)



бет2/2
Дата17.03.2023
өлшемі47,85 Kb.
#75110
1   2
Дауыссыз фонемалар (консонантизм).
Жоспары:
6.1.Дауыссыз фонемалар (консонантизм). Дауыссыз фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері. Дауыссыз дыбыстар топтастырылуы. Дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде қолданылуы. Аффрикат дыбыстар.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар жөнінде алғашқы зерттеу мәліметтері Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский еңбектерінде айтылған болса, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектері ана тілімізде зерттеудің алғашқы үлгісі болды. Сондай-ақ, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, т.б. еңбектерінде де дауыссыз дыбыстарға қатысты алғашқы талдаулар жасалды. Одан кейінгі кезеңде І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Ә.Жүнісбек, Б.Тайлақбаев, С.Омарбеков, А.Қошқаров, М.Райымбекова, С.Мырзабеков, Ә.Бәйімбетова, С.Оразалин, В.А.Шнайдер, Б.Баймұханов, Ж.А.Исаева, А.Молдашева т.б. зерттеулерінде жан-жақты қарастырылды.
Ә.Жүнісбек еңбегінде дауыссыз дыбыстар төмендегіше жіктеледі:
1. Дауыс қатысына қарай: а) қатаң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі тербелмейді (п, қ-к, с, ш); ә) ұяң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі (б, д, ғ-г, з, ж)
Б) үнді дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі мол тербеледі (м, н, ң, р, л, и, у).
2. Жасалу орнына қарай: а) ерін-ерінлі дауыссыз дыбыстар ерін мен еріннің тоғысымы (не жуысымы) арқылы жасалады (п, б, м, у):
ә) Тіл ұшы дауыссыз дыбыстар тіл ұшы мен қызыл иектің тоғысымы (не жуысымы) арқылы жасалады (т, д, с, з, р, ш, ж, н, л);
б) Тілшік тіл ортасы дауыссыз дыбыстар тілшік (тіл ортасымен) мен тіл түбінің (таңдайдың )тоғысымы (не жуысымы) арқылы жасалады (қ(-к), ғ (-г), ң, и);
3. Жасалу тәсіліне қарай: а) тоғысыңқы дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен тоғысымы арқылы жасалады (п, б, м, т, д, н, қ-к, ғ-г, ң); ә) жуысыңқы дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жуысымы (с, з, ш, ж, й, у, ғ-г діріл жуысымы- р, жанама жуысымы – л арқылы жасалады);
Дауыссыз дыбыстар.
Қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстарының жүйесі 17(19) дыбыстан құралады. Олар қолданымдағы әліпби арқылы былай таңбаланады: Б, Д, Ж, З, Й, Қ-К, Ғ-Г, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, У, Ш. Дәстүр бойынша Қ-К, Ғ-Г дыбыстарының жасалым (жасалу орны) айырмашылықтарын ескеріп, жеке-жеке дауыссыздар деп есептеп келеді. Бұл жерде олардың бір дауыссыз жуан-жіңішке үндесім варианты екендігі ескеріліп, керісінше, бір дауыссыз деп қарастырылып отыр.
Дауыссыз дыбыстар дауыстың (дауыс желбезегінің) қатысына қарай:қатаң (тербеліссіз), ұяң (тербеліңкі), үнді (тербелімді) болып үш топқа бөлінеді.
Қатаң дауыссыз дыбыстар
Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстардың құрамына төмендегідей: П, Т, Қ-К, С, Ш. Бұлар қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың қатарына жатады.
Қатаң дауыссыз дыбыстардың бәріне ортақ белгі-дауыстың қатыспауы. Басқаша айтқанда, қатаң дауыссыз дыбыстардың жасалуына дауыс желбезегі қатыспай, бейтарап (тербеліссіз) қалады. Қатаң дауыссыздардың басын қосып, ұйыстырып отыратын бірегей белгі дауыс желбезегінің тербеліссіз қалпы болып табылады. Сондықтан да олар жасалым (артикуляциялық) тұрғыдан тербеліссіз дауыссыз дыбыстар деп аталады (көпшілік оқырманға естілім атаулардың қатарына жататын дәстүрлі қатаң атауы таныс болғандықтан, кейде екі атау қатар жүретін болады).
П дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай ерін-ерінді дауыссыз дыбыс болып табылады. Пдауыссыз дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің өзара тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. П дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: ерін-ерінді, тоғысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.
Т дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады.
Тдауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шегарасымен тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Тдауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, тоғысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.
Қ - дауыссыз дыбысы тілшік пен тілдің түбі арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тілшік дауыссыз дыбыс болып табылады. Қ-(К) дауыссыз дыбысы тілшік пен тіл түбінің тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып тaбылады. Қдауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тілшік, тоғысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.
К - дауыссыз дыбысы тіл ортасы мен таңдай арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ортасы дауыссыз дыбыс болып табылады. К дауыссыз дыбысы тіл ортасы мен таңдайдың тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Кдауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ортасы, тоғысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.
С дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. С дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шегарасымен жинақы жуысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай жинақы жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. С дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, жинақы жуысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.
Ш - дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Ш дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шегарасымен жайылыңқы жуысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай жайылыңқы жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Ш дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады. Жасалым белгілері: тіл ұшы, жайылыңқы жуысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.
Ұяң дауыссыз дыбыстар
Қазақ тілінде ұяң дауыссыз дыбыстардың құрамы төмендегідей: Б, Д, Ғ-(Г), З, Ж. Бұлар қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың қатарына жатады.
Ұяң дауыссыз дыбыстардың бәріне ортақ белгі-дауыстың жартылай қатысуы. Басқаша айтқанда, ұяң дауыссыз дыбыстардың жасалуына дауыс желбезегі жартылай (тербеліңкі)қатысады. Ұяң дауыссыздардың басын қосып, ұйыстырып отыратын бірегей белгі дауыс желбезегінің тербеліңкі қалпы болып табылады. Сондықтан да олар жасалым (артикуляциялық) тұрғыдан тербеліңкі дауыссыз дыбыстар деп аталады (көпшілік оқырманға естілім атаулардың қатарына жататын дәтүрлі ұяң атауы таныс болғандықтан, кейде екі атау қатар жүретін болады).
Б дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай ерін-ерінді дауыссыз дыбыс болып табылады. Бдауыссыз дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Б дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: ерін-ерінді, тоғысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс.
Д дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Ддауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шегарасымен тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Д дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, тоғысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс.
Ғ дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшік арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тілшік дауыссыз дыбыс болып табылады. Ғ дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшіктің тоғысуы арқылы жасалады (сөз ортасында жуысыңқы болып жасалады). Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы (жуысыңқы) дауыссыз дыбыс болып табылады. Ғдауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз дыбыс болып табылады. Жасалым белгілері: тілшік, тоғысыңқы (жуысыңқы), ұяң дауыссыз дыбыс.
Гдауыссыз дыбысы тіл ортасы мен таңдай арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ортасы дауыссыз дыбыс болып табылады. Гдауыссыз дыбысы тіл ортасы мен таңдайдың тоғысуы арқылы жасалады (сөз ортасында жуысыңқы болып айтылады). Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы (жуысыңқы) дауыссыз дыбыс болып табылады. Гдауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ортасы, тоғысыңқы (жуысыңқы), ұяң дауыссыз дыбыс.
З дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Здауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шегарасымен жинақы жуысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай жинақы жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. З дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, жинақы жуысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс.
Ж дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иек шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Ждауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шегарасымен жайылыңқы жуысуы арқылы жасалады (сөз басында жабысыңқы, яғни аффрикат болып табылады). Жасалу тәсіліне қарай жайылыңқы жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Ж дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, жайылыңқы жуысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс.
Үнді дауыссыз дыбыстар
Қазақ тілінде үнді дауыссыз дыбыстардың құрамы төмендегідей: М, Н, Ң, Р, Л, Й, У. Бұлар қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың қатарына жатады.
Мдауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай ерін-ерніді дауыссыз дыбыс болып табылады. Мдауыссыз дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің тоғысу арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. М дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: ерін-ерінді, тоғысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.
Н дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбысы болып табылады. Н дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иектің шегарасымен тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Ндауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, тоғысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.
Ңдауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшік арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тілшік дауыссыз дыбыс болып табылады. Ң дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшіктің тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Ң дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тілшік, тоғысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.
Р дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Р дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иектің шегарасымен бір тоғысып, бір жуысуы (тоғысым-жуысым) арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай діріл дауыссыз дыбыс болып табылады. Р дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, діріл жуысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.
Л дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иектің шегарасымен тоғысып, екі жаны ашық қалады. Жасалу тәсіліне қарай жанама жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, жанама жуысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.
Й дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшік арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тілшік дауыссыз дыбыс болып табылады. Й дауыссыз дыбысы тіл ортасы мен таңдайдың жуысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Йдауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тілшік, жуысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.
Удауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай ерін-ерінді дауыссыз дыбыс болып табылады. Удауыссыз дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің жуысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. У дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: ерін-ерінді, жуысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.
Кірме әріптер менкірме дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында жазылып жүрген щ әріпі қос дыбысты таңбалайтын болғандықтан, оны кірме әріп деп атаймыз. Ал қазіргі лексикамызда өзгеріссіз қолданылып жүрген өзге тілден енген сөздердің құрамындағыв, ф, х, ч, ц, щ кірме дыбыстар деп танимыз.
Х – тілдің түбі мен артқы таңдайдың жуысуынан жасалатын увуляр, спирант қатаң фонема. Х фонемасы қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген сөздермен кірді: химия, хроника, архив, техника, бухгалтер, параход т.б.
һ - фарингаль спиранты қазіргі қазақ тілінде бірлі-жарым одағай сөздерде (аһ, уһ, аһа, еһе, оһо, моһ-моһ), сондай-ақ күншығыс (араб, иран) тілдерінен енген кейбір сөздерде ғана айтылады: қаһарман, қаһар, аждаһа – айдаһар, гауһар, жаһан – жиһан, жаһаннам, жаһанкез, жиһангер, іждаһат, шаһар – шәһәр. Бірақ осы дыбыстың артикуляторлы-акустикалық табиғаты жөнінде біркелкі пікір жоқ. Мәселен, қазақ тіліндегі «һ» спирантын бірде қатаңға бірде ұяңға жатқызып, түрліше түсініп жүрміз. Осы тәрізді тюркологиялық еңбектерде «һ» дыбысы бірде фарингаль, бірде ларингаль, ал тіпті кейде тіл арты – увуляр дыбыс деп айтылып жүр.
В – астыңғы ерін мен үстіңгі күрек тістің жуысуынан жасалатын фрикатив, бір фокусты (жазық сызатты) ұяң фонема. В қазақ тіліне жаңадан енген фонема: вагон, врач, вокзал, ванна, совет, совхоз, кровать, квартира, актив т.б. қазақ тілінде в бірнеше дыбыстық кезеңді басынан өткізіп барып, дербес фонема сапасына айналды: вагон – бәгән, бәгөн – вагон (в-б, б-в) т.б.
Ф – астыңғы ерін мен үстіңгі күрек тістің жуысуынан жасалатын фрикатив бір фокусты (жазық сызатты) қатаң фонема. Ф – фонемасы қазақ тіліне орыс тілі арқылы келген сөздермен енді: фабрика, ферма, буфет, флот, кафе, фонд, шкаф, цифр,т.б.Ф ызыңы ауызекі тілде n шұғылымен де алмасады, перме (ферма), пизика (физика), панар (фонарь) т.б. Қазақ тіліне совет-интернационалдық сөздердің енуімен байланысты жаңадан в, ф фонемалары пайда болды.
Ч – тіл алды, қатаң аффрикаттық жаңа фонема. Мұның ұяң жұбайы дж. Аффрикат ч фонемасы қазақ тіліне орыс тілінен енген сөздер арқылы қалыптасуда. Сондықтан ч фонемасы тек совет-интернационалдық сөдерде ғана кездеседі: чемпион, чех, почта, чек.
Ц – тіл алды үстіңгі күрек тіске соқтығуынан жасалатын тістік (денталь) жаңа аффрикаттық фонема. Бұл фонема тілге орыс тілі арқылы келген сөздермен енді: революция, концерт, процент, цилиндр, центнер, циркуль, цемент, цех, т.б.
Дауыссыз дыбыстар кестесі
Үн мен салдыр Шұғыл Ызың Діріл
Қатаң п т к қ ц ч һ с ш ф х щ
Ұяң б д г з ж в ғ
Үнді м н ң л й у р

7-тақырып.


БУЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жоспары:
7.1 Буын (силлабизм). Буынға тән белгілер, оның дыбыстық құрамы, түрлері. Буын құрамының өзгеруі. Буын жігін ажырата білудің маңызы. Буын және тасымал.
7.1.Буын және оның дыбыстық құрамы
Буын теориясы фонетикадағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Буын - тіліміздің дыбыстық қатарын көрсететін ең кіші фонологиялық единица, немесе, сөздің өзіндік сазы /тембрі/ бар, артикуляциялық жағынан одан әрі бөлуге келмейтін ұсақ бөлшегі. Сондай-ақ, сөзажыратушы және мағына ажыратушы қызметіне қарамастан буында мағына болмайды. Сөздің мағынасы мен буынға бөлудің арасында да байланыс жоқ. Өкпеден шыққан ауаның (фонациялық ауаның) қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз.Қазақ тіл білімінде буын және оның әр түрлі фонетика-фонологиялық табиғатын тану бағытында жүргізген зерттеулер А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алып, І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбек, А. Қошқаров, М.Жүсіпұлы, Ж.Назбиев, Ұ.Шүленбаева, З.Өтебаева, Г.Қайдарова және Ә.Қайдаров, А.Айғабылов, т.б. ғалымдар тарапынан әр қырынан қарастырылды.
Буын теориясы, буын жігін табу мәселелері лингвистердің назарын ерте-ақ аударған болатын. Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармофонологиялық көзқараспен зерттеу барысында А.Байтұрсынов қазақ тілі сөзінің тек сингарможуандық, я тек сингарможіңішкелік қасиетін анықтап, бір буын құрамында жуан дыбыс пен жіңішке дыбыс қатар келмейтінін, қазақ сөзі біріңғай жуан не біріңғай жіңішке болып айтылатындығын дәлелдеген. «Жуан сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі де жіңішке болады»,-деп, қазақтың төл сөздерін екі түрлі қарама-қарсы сингармониялық топқа бөлген. Ғалым тіліміздегі сөздердің буыны туралы: «Буыншы әріп басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол буынға «бітеу» деп ат қойыңдар; буын аяғы буыншы әріпке тіркелсе, ол буынға «ашық» деп ат қойыңдар; буын буыншыдан басқа әріпке тірелсе, ол буынға «тұйық» деп ат қойыңдар»,-деп, буын түрлерін анықтап, буынға бөлу жолдарын көрсеткен.
Буын жазуда емес, айтуда бой көрсетеді. Жазуда әріп пен сөз ғана мағына құрайды. Жазудан буын іздеу, ән іздеу –дұрыс емес. Қазақ тіл білімі тарихында буын типологиясы туралы алғашқыларың бірі болып пікір айтып, зерттеу жүргізген Қ.Жұбанов болып табылады. Ол буын категориясы туралы жан-жақты талдау жасап, анықтама беріп қана қоймай, “Буын жігін қалай табуға болады?” деген мақаласы арқылы ғылыми қауым әлі күнге бір шешімге келе алмай жүрген буын жігін анықтау мәселесі жөнінен де батыл пікір айта білген.
Қ.Жұбанов “жеке дыбыс жеке бөліп айтуға келе бермейтінін”, “дауыссыз дыбыс пен сонор дыбыс алдынан, не артынан бір дауысты дыбыс қоспай, өздігінен бөлек айтылмайтынын” ескерте келіп: “Сөз ішінде де дауыссыздар мен сонорлар дауысты дыбыстардың төңірегіне жиналып тұрады да, әр дауысты дыбыс өзіне ерген дауыссыздары, сонорларымен бірігіп бір үйір болып, өзге үйірлерден бөлініп тұрады”, - дейді. Буынды фонологиялық единица десек, ал жекелеген фонемаларды бөліп айтуымыз лингвистикалық талдаудың талабынан туындаған іс деп білеміз. Осы тұрғыдан алғанда, ғалымның “жеке дыбыс жеке бөліп айтуға келе бермейді” деген тұжырымы буын теориясы заңдылығының бірі деп білеміз. Сондай-ақ дауысты дыбыстар сөзді буынға бөлуде көршілес дауыссыздарды маңына белгілі бір заңдылықтарға сай топтап тұратыны да белгілі. “Сөзді бөліп-бөліп айту керек болғанда үйірі-үйіріменен бөлсе, дыбыстары өзгермейді. Үйірін бұзып бөлсе, омыртқаны буынсыз жерден бөлгендегідей болып, сөздің дыбыстарының бірі үзіліп, біріне артық дыбыс қосылып, қалпы бұзылады”, - дейді Қ.Жұбанов. Демек, буынның жігін таба білу буын теориясының басты қажеттілігі екендігін де ғалым ерекше атап көрсеткен. Ол буынға мынандай анықтама береді: “Сөзді дыбыстарының қалпын бұзбай, бөлшектегенде пайда болатын дыбыс үйірлерін буын дейміз”.
Буынның дыбыстық құрамы қазіргі қазақ тілінде төмендегідей болып келеді:
1). бір дыбысты буын: а – та, ә - же;
2). екі дыбысты буын: ба-ла, ат, ақ;
3). үш дыбысты буын: бас, ұлт;
4). төрт дыбысты буын: қант, төрт;
5). бес дыбысты буын: пункт, спорт;
6). алты дыбысты буын: спектр, класс;
Қ.Жұбанов дауыссыз бен сонор дыбыстардың буын құрамындағы саны жөнінде де пікір айтқан. Оның бұл бағыттағы ойларын төмендегіше жүйелеп көрсетуге болады:
1/ Дауысты дыбыстың бір өзінен ғана тұратын буында дауыссыз да, сонор да болмайды;
2/ Дауыссыз бен сонор бір буында бір-бірден болуы да мүмкін. Бір буында екіден артық дауыссыз да, екіден артық сонор да болмайды;
3/ Бір буында дауыссыз бен сонор аралас келсе, бір-бірден де болады, немесе, екі дауыссыз, бір сонор, иә бір дауыссыз, екі сонор да болады. Екі соноры бар буында дауыссыз бірден артық болмайды. Екі дауыссызы бар буында сонор бірден артық болмайды.
Қ.Жұбанов дыбыстарының санына қарай төрт түрлі буын бар екендігін айтып: “...дыбыстарының санына қарай, қазақ сөзінің буындары: а/ бір дыбысты, б/ екі дыбысты, в/ үш дыбысты, г/ төрт дыбысты болып шығады”, - дейді. Сөздің буын құрамы жағынан қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздер төмендегідей болады:
1) бір буынды сөз: ай, қол, қант;
2) екі буынды сөз : а-на, ә-ке, қа-зан;
3) үш буынды сөз : қа-на-ғат, жұ-ды-рық;
4) төрт буынды сөз: ы-ра-қы-мет;
5) бесбуынды сөз: у-ни-вер-си-тет;
Қазақтың байырғы сөздері бір, екі буынды болып келген. А.Байтұрсынов қазақ тіліндегі буындарды ашық, тұйық, бітеу буындар деп үш топқа бөлген екен. Осы ізбен қазіргі оқулықтарда да қазақ тілінде үш түрлі буын бар деп қайталанады. Ал С.Мырзабеков: «Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай болу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді» деген еді:
I. Ашық буын-жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Мұның дыбыстық құрамы:
2. А: а – на, ә - же;;
3. ВА: ба – ла – сы;
4. ВВА: ста – кан, гра – фа;
5. ВВВА: стра – тег;
II. Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын. Дыбыстық құрамы:
1. АВ: ат, ән,
2. АВВ: ант, өрт;
3. ВАВ: бас-тар, бұл-бұл;
4. ВАВВ: қант, қарт;
5. ВАВВВ: пункт, центр;
6. ВААВ: шкаф, стаж;
7. ВВАВВ: спорт, трест;
8. ВВАВВВ: спектр;
9. ВВВАВ: штраф, шприц;
Қазақ тiлi дыбыстарының фонологиялық ерекшелiктерiн тану бағытында буын құрылымдарын жете бiлудiң маңызы зор десек, Қ.Жұбановтың да бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгендiгiн көремiз.“Дауысты, дауыссыз, сонор дегендер - дыбыстардың бір буынға сыйысып тұра алатын түрлері”, - дей келіп, Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі буынды құрамындағы дыбыстардың тізілу тәртібіне қарай алтыға бөледі:
“1. Жалаң буын, немесе ;
2. Ашық буын, немесе ;
3. Жеңіл тұйық буын, немесе ;
4. Жеңіл бітеу буын, немесе ;
5. Ауыр тұйық буын, немесе (Ды + Ср + Дз);
6. Ауыр бітеу буын, немесе ;
Қ.Жұбанов“Сөзді буын қылатын - дауысты дыбыс”, - дейді. Ол буын туралы айтқандарын төмендегіше қорытындылайды:
1. Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
2. Бір буында бірден артық дауысты дыбыс болмайды.
3. Дауысты дыбыс жалғыз өзі де буын бола алады.
4. Бір буында үштен артық дауыссыз дыбыс болмайды.
5. Екі дауыссыз бір буында қатар келетін болса, дауыстының соңынан ғана келеді. Еш уақытта алдында екі дауыссыз қатар келмейді.
6. Сөз ішінде дауыстыдан басталатын буын болмайды. Әр уақытта ортадағы, аяқтағы буын дауыссыздан басталады. Ғалымның бұл тұжырымдары қазіргі фонетикаға арналған оқулықтардан берік орын алғанын көреміз. Қ.Жұбанов: “Осы қорытындыға сүйене отырып, буын жігін оңай, механик түрде табуға болады. Оның үшін жазылған әрбір сөздің дыбыстарын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып (өйткені дауыстының соңында дауыссыз болмай да қалады, біреу де, екеу де бола береді), әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміз (өйткені сөз ортасында дауыстыдан буын басталмаушы еді ғой). Сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады”, - деген еді. Ал әр тілдің өзіндік ерекшеліктеріне сай буынға бөлу үнді-европа тілдерінде сөздік екпінге байланысты болса, түркі тілдерінде сингармонизмге арқа сүйеді.
Буын өзгерістері және бунақ бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Сөйлеу барысында буын не сөз жеке қалып қоймай, бірнеше буын не сөз тізбегі бір топ құрап, жымдасып, кірігіп, яғни әлденеше буынның тұтасқан шоғыры түрінде айтылады. Осы өзгерістерді ғалым С:Мырзабеков төмендегі мысалдар арқылы көрсетеді:
1. ВА+А = АВ (ал – ты + а - сық = ал – та - сық):
2. ВА+АВ =ВАВ (е – кі + еш - кі = е – кеш - кі):
3. ВА+АВВ = ВАВВ (е – кі + айт - ты = е – кайт - ты):
4. ВАВ+А = ВА - ВА (бас +сы = ба – сы):
5. ВАВ+АВ = ВА-ВАВ (бес + ал – ма = бе - сал - ма)
6. ВАВВ+А = ВАВ-ВА (тарт + а = тар-та)
7. ВАВВ+АВ = ВАВ-ВАВ (тарт + ып = тар - тып)
8. ВАВВ+АВВ = ВАВ-ВАВВ (төрт + айт – ты = төр – тайт - ты)
9. АВ + А = А-ВА (ат + ы = а - ты)
10. АВ+АВ = А-ВАВ (үш + ай = ү - шай)
11. АВ+АВВ = А-ВАВВ (үш + айт – ты = ү – шай - ты)
12. АВВ+А = АВ-ВА (ант + ы = ан - тым)
13. АВВ+АВ = АВ-ВАВ (ант + ым = ан - тым)
14. АВВ+АВВ = ВВАВ (ант + айт – ты =ан – тайт - ты) [16.108-109]
Қ.Жұбанов буын-буынның жігі бір қалыпта тұра бермей, сөз ішінде ауысып отыратынын айта келіп, “Сөз ішінде, не сөйлем ішінде буын жігінің ауысуы екі түрлі болады:
Бірінде - буындар жылысады;
Екіншісінде - буындар кірігеді”, - дейді. Қ.Жұбанов ал-ды (а-ла-ды), айт (ай-та-ды), жаз (жа-за-ды) деген сөздерді салыстырып, жеңіл тұйық буын - жалаң буынға, ауыр тұйық буын - жеңіл тұйыққа, бітеу буын - ашық буынға айналып, буын жігі бір қалыпта тұрмайтындығын көрсетіп, фонологиялық байлам жасаған. Ғалым ата-ене, аға еке, жақсы ат деген сөздер айтуда атене, ағеке, жақсат болып буындар кірігетінін айтады.
Сөйлеу барысындағы сөз ағымында көрші дыбыстар мен буындар, көрші сөздер бір-бірімен ұштасып, буындар жігі өзгеріп, алмасып, ыдырап, буын құрамындағы дыбыс саны да өзгеріп отырады. Буын құрамында болатын осындай өзгерістерді І.Кеңесбаев «Буын алмасуы» деген тақырыппен «Қазақ тілінде тек жалаң ашық буын тиянақты келеді де, қандай буынның болса да ықпалына ықпай, оқшау тұрады. Олай болуының себебі бұл буын сөздің басында тұрады да, одан кейінгі буынның қай-қайсысы болса да онымен жартылай да, түгелдей де алмаса алмайды. Ол басқа буындармен кірікпейді де, жылыспайды да», - дейді. Ғалым «басқа буындардың төрт түрлі жағдайда бір-біріне алмасып тұратынын» айтып, оны төмендегіше көрсетеді:
а) екі дыбысты ашық буыннан соң жалаң ашық буын, немесе тұйық буын келсе, қатар тұрған екі дауыстының алғашқысы түсіп, буын ықшамдалады.
ВА + А = ВА: то – ры + а – ла = то – ра – ла:
ВА + АВ = ВАВ: то – ры + ат = то – рат;
ә) жалаң ашық буын екі дыбысты тұйық буыннан кейін келсе, дауыссыз дыбыс кейінгі буынға сырғып кетеді.
АВ + А = А + ВА: ат + ы = а – ты;
АВВ + А = АВ + ВА: ант + ы = ан – ты;
ВАВ + А ВА + ВА: шаш + ы =ша – шы;
ВАВВ + А ВАВ + ВА: бұлт + ы = бұл – ты;
б) Екі дыбысты тұйық буын сол тұйық буыннан кейін келсе, алғашқы буынның соңғы дауыссызы кейінгі буынға сырғиды.
АВ + АВ = А+ ВАВ: ат + ақ = а – тақ;
АВВ + АВ = АВ + ВА: арт + ып = ар – тып;
ВАВВ + АВ = ВАВ + ВАВ: құрт + ып = құр – тып;
в) үш дыбысты тұйық буын үш дыбысты бітеу буыннан кейін келсе, алғашқы буынның соңғы дауыссызы кейінгі буынға жылысады.
ВАВ + АВВ = ВА + ВАВВ: жоқ + алт = жо – ғалт;
ВАВВ + АВВ = ВАВ + ВАВВ: құрт – алт = құр – талт;
І.Кеңесбаев буын алмасуларына төмендегідей анықтама береді.
“Дауыстыға біткен буынға дауыстыдан басталған буын жалғанса, алғашқы дауысты түсіп қалады. Мұны буын ығысуы дейміз. Ал кей буындарға жалаң ашық буын, немесе екі дыбысты тұйық буын, немесе үш дыбысты тұйық буын жалғанса, алғашқы буынның соңғы дауыссызы кейінгі буынға сырғиды. Мұны буын жылысуы дейміз”.
С.Мырзабеков мұны “буын жылысуы” дегеннен гөрі “дыбыс жылысуы” деп атаған дұрыс болар еді деген пікір айтады. .Шындығында да, бұл жерде дыбыс бір буыннан екіншісіне көшеді. Ал ғалым буын сапасында өзгеріс болатынына, оның өз сөзімен айтқанда “жеңіл тұйық буын – жалаң буынға, ауыр тұйық буын – жеңіл тұйыққа, бітеу буын – ашық буынға айналғандығына”, назар аударады, яғни дыбыстың келесі буынға өту қажеттілігі буынның ішкі талаптарына сай туындағанын көрсетеді. Мұның өзі дыбыстың жеке басын бөлек алмай, буын құрамында қарастырып, буын өзгерістеріне мән беруі ғалымның қазақ тілінің сингармофонологиялық табиғатын терең тануымен ұштасып жатқандығын айтпақпыз. А.Айғабылұлы қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясының бір себебі буынға байланысты деген пікір айтып, бұл құбылыс буын санына әсер ететіндігін көрсетеді.
Тіл жүйесіндеі заңдылықтарды әр қырынан жан-жақты қарастырғанда ғана дұрыс қорытынды жасауға болады. Осы орайда, қазақ тіліндегі буынға фонетика-фонологиялық сипаттама беруде Ұ.Р.Шүленбаева зерттеуінде үндестіктің екі түрі (ерін, езу) тең бірліктер екендігі, ерін үндестігі де жалпы түркілік дәуірден келе жатқан сингармонизм жүйесінде тұрақты да айқын орны бар құбылыс ретінде төл сөздеріміздің бір-екі буындарында ғана емес, сөздің бүкіл тұтас бойында сақталатыны, сөзге жалғанатын жалғаулардың да еріндік варианттары бар екендігі нақты дәлелденді. Ж.Назбиев «Қазақ тіліндегі үндесім сегменттері» атты зерттеуінде қазақ тіліндегі айтылым бірліктердің құрамы мен жүйесін анықтап, олардың сөздегі кездесетін орнын арнайы кесте түрінде көрсеткен. Зерттеуде үндесім сегменттердің айтылым, жасалым, естілім белгілерін анықтап, сингармониялық тілдердегі буынның фонологиялық табиғатын жан-жақты талдап көрсетті. Қазақ тіліндегі еріндік және езулік буындарды, олардың бір сөз құрамында келген жағдайдағы өзгерістерін қарастырды
Г.Қ.Қайдарованың «Қазақ тілі буын артикуляциясы» атты зерттеуі қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі басты категориялардың бірі буын табиғатын терең тануымызға мүмкіндік беретін маңызды, ғылыми өзекті еңбек болды. Ғалым қазақ тіліндегі буынның зерттелу жайына, ғылыми пікірлерге жүйелі сипаттама беріп, буын табиғатын жүйелі түрде артикуляциямен байланысты қарастыра отырып, дауысты дыбыстардың, олардың әр түрлі әуез түрленімінің буын артикуляциясына қатысымын, дауыссыз дыбыстардың буын құрамындағы әуез түрленімін, «орфографиялық буын» жайын ғылыми тұрғыда орынды талдап көрсеткен. Буын артикуляциясының айырым белгілері, буын жігін анықтаудың фонетикалық жолдары, айтылым мен жазылым арасындағы буынның артикуляциялық жағдайы жөнінде де дұрыс тұжырым жасалған. Мысалы, рдауыссызы сөйлеу мүшелерінің бір тоғысып, бір жуысуы арқылы жасалатын болса, ал «ара» сөзіндегі екі дауысты дыбыс арасындағы р дауыссыз дыбысы бір ғана діріл (тоғысым) арқылы жасалады екен. Оның жуысымы ретінде алды-артындағы дауыстылардың ашық артикуляциясы қызмет етеді. Ал «ар» сөзінде буын соңындағыр дауыссыз дыбысы үнді бола тұра, соң жағына қарай сылдыр араласып, жартылай қатаңдап, өшіңкі реңмен айтылады екен. Г.Қайдарова буынның дыбыс құрамын тағы да іштей екі салаға бөліп қарастыруды ұсынады. Бірінші, буын құрамындағы дыбыстың дауыс қатысына қарай, яғни буынды аяқтап тұрған дыбыстың дауыс қатысына қарай келесі буынның бастапқы дыбысының да толғап жалғануы ескерілуі керек. Мысалы, «жаз», «жас», «жан» деген бір буынды сөздердің соңындағы ұяң дауыссыздан кейін - ұяң, қатаң дауыссыздан кейін - қатаң, үнді дауыссыздан соң үнді дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Екінші, буын құрамындағы дыбыстың әуез қатысына қарай, яғни буын соңындағы дауыссыздың әуез қатысына қарай келесі буынның жалғануына әсер етеді. Мысалы, «қаз» - жуан езулік дауыссызға, «кез» - жіңішке езулік дауыссызға, «күз» - жіңішке еріндік дауыссызға, «құз» - жуан еріндік дауыссызға аяқталады. Сонда осы сөздерге келесі буында ілік септігі жалғауының жуан-жіңішке варианттары әрқайсысына талғап қана жалғанады екен. (қаз-дың, кез-дің, құз-дың, күз-дің). Демек, ғалым тілімізде дыбыстың талғампаздықпен жалғануы да басты заңдылық деп көрсетеді. Қазақ тілінде буынның басқы және соңғы дыбыстарының артикуляциялық және акустикалық белгілерінің лингвистикалық мәні бар екендігін айтады.

8-тақырып.


ЕКПІН (АКЦЕНТУАЦИЯ) ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жоспары:
8.1 Екпін (акцентуация) және оның түрлері. Қазақ тіліндегі екпіннің жайы туралы. Екпіннің сөз ішінде тұрақты, тұрақсыз қолданылатын түрлері.
8.1 Екпін (акцентуация) және оның түрлері
Қазақ тіл білімінде екпін және оның фонологиялық қызметі жөнінде ғалымдар арасында талас пікірлер мен әр түрлі козқарастар бар. Екпін - тілдің дыбыс жүйесіндегі негізгі суперсегментті единицалардың бірі. Сөз ішінде не сөз тіркесінде басқа буындарға қарағанда бір буынның ерекше күшпен айтылуын екпін деп білеміз. Екпіннің бастыбасты түрлері: ой екпіні (логикалық екпін) және инверсия, көңіл күйі екпіні (эмфазалық екпін), сөз екпіні (словесное ударение). Сөз екпінінің түрлері: үнді (музыкалық, тоникалық екпін); лебізді (динамикалық, экспираторлық) екпін. Лебізді екпін күшті лебізді, бәсең лебізді болып бөлінеді. Тіркес екпіні (фразалық немесе комплекстік), көмекші (квантитатив) екпін бар. Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тиянақсыз, тұрақты түрлері болады. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні көбінесе тиянақты (көбінесе соңғы буынға түсетін) және көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келеді. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінінің де атқаратын лексикаграмматикалық қызметтері болады. Екпін түскен буын дыбыстың күші, созылыңқылығы, негізгі тоны жағынан ерекшеленеді. Әрине, осы акустикалық үш компоненттің екпінді буынды танытудағы қатысымы әр тілдің өзіндік ерекшелігіне байланысты әр түрлі болатыны аян. Тіл-тілде негізінен екпіннің үш түрі кездеседі екен: бір буын ерекше күшпен, қарқынды айтылуы динамикалы (лебізді) екпін болса, айтылу тоны, әуені ырғағы арқылы ерекшеленуі - музыкалды (тоникалық) екпін, ал бір буын өзгелерден дауысты дыбыстың созылыңқы айтылуына, санына қарай ерекшеленуі - квантативті (сандық) екпін деп аталады. Бұл екпіннің фонетикалық табиғатын танытатын ерекшелік болса, фонологиялық функциясы жағынан да бір тілдерде екпін орны тұрақсыз болып, сөздің мағынасы мен тұлғасын айқындаса, енді бір тілде, екпін орны тұрақты болып, ол сөз бөлшектерін бір бүтін етіп, сөз бен сөздің шегін бөліп, жігін ажырату құралы болса, келесі бір тілдерде, сөз екпіні орнына фразалық екпін болып, ол мағыналық бірлікке енген бірнеше сөз тобын екіншісінен бөліп көрсетуге қызмет етеді. Динамикалық екпінді ғылымда экспирациялы, артикуляциялы, интенсив екпін деп, қазақ тілінде тегеурінді екпін деп атаса, музыкалық екпінді бірде мелодиялы, біресе тондық, әуездік екпін деп атайды, ол квантатив екпін – сандық екпін, мөлшерлері екпін деп аталып жүр. Ғылымда екпіннің қызметінің ең бастылары деп кульминатив (сөз ішіндегі буындар мен буын құрайтын дыбыстар ды біріктіру), делимитатив (сөйлеу ағымындағы сөздер шегін ажырату), сигнификатив (грамматикалық формалар мен лексикалық мағынаны ажырату), экспрессив (сөздің көңіл-күй, эмоциялы өңмен айтылуы) екпіндерді атайды екен. Дегенмен, басқа тілдерге қарағанда, қазақ тілінде мәтіннен аулақ алынған бір сөз табына жататын омонимдердің лексикалық мәнін олардың екпініне қарап ажырату мүмкін емес. І.Кеңесбаев лебізді екпін мағына, сөз айқындаушы қызметін атқаратынын айта келіп: «Тілдердің көпшілігі лебізді (динамикалық) екпін тобына жатады. Бұл топқа қазақ және басқа түркі тілдері де жатады. Тілімізде тек лебізді екпін бар деп қойсақ, қателескен болар едік»,-деп, кей уақытта ойды мәнерлі жеткізу үшін үнді екпін де пайдалатынын айтады.
Сонымен, “қазақ тілінде екпін бар ма, оның осы тілдегі фонологиялық қызметі қандай?” деген мәселе жөнінде айтылғандарға назар аударсақ, ғалымдар арасында бірізді пікір жоқ екендігін байқаймыз.. Қазақ тілі ерекшелігі жағынан динамикалық екпінді тілдер тобына жатып, екпін сөздің соңғы буынына түседі деген пікір үстем болды. Тілімізді алғаш зерттеушілер европалықтар болғандықтан, олар түркі тілдерінде де сөз просодиясы өз тілдеріндегідей екпінге байланысты деп есептеді. Ал ғалым Ә.Жүнісбеков қазақ тілінде сөздік екпін жоқ екендігін, оның қызметін сингармонизм атқаратынын айтады. Сөз шегін ажырату қызметін қазақ тілінде екпін емес, сингармонизм атқарады.
Қазақ тіліндегі екпінді буын дыбыстың күші, созылыңқылығы, негізгі тоны, яғни осы акустикалық үш компоненттің қайсысымен ерекшеленеді деген мәселе жөнінде де ғалымдар пікірі әр түрлі екен. Атап көрсетсек, М.К.Исаев “үш компоненттің үшеуі арқылы ерекшеленеді” десе, С.Татубаев “ешқайсысымен ерекшеленбейді” дейді. М.Райымбекова өз зерттеуінде екпін созылыңқылығы жағынан емес, күші мен негізгі тоны жағынан ерекшеленеді деген еді. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарға қатысты зерттеуінде М.Райымбекова да екпін мәселесіне ерекше назар аударады. Ал А.Есентемірова жүргізген аспапты құралдар арқылы зерттеуінде екпін күші жағынан емес, негізгі тоны мен созылыңқылығы жағынан айрықшаланады дейді. Қазақ тіліндегі екпін сөздің соңғы буынына түседі деген заңдылықты сөйлеу ағымындағы сөзден байқау мүмкін болмай қалады. Ә.Жүнісбеков қазақ тілінде сөз екпіні жоқ екендігін, оның қызметін сингармонизм атқаратынын айтты.
Қ.Жұбанов болса: “Екпін - бір сөздегі буындарды тарқатпай матастырып ұстау үшін керек”, - деп, “суалмаған” деген сөзді мысалға келтіреді. Екпіннің сөз жігін, шекарасын ажыратудағы қызметін түсіндіру үшін су, ал, ма, ған деген қатар тұрған буынды мысал етеді: суалмаған (сиыр), су алмаған (құдық), су ал маған. Ғалым қазақ тілі екпіні фонологиялық жағынан бір сөздегі буындарды тарқатпай матастырып, шегін ажытарып, сөз айқындаушы қызмет атқарып тұрады деп есептеген. Қазақ тілінің фонологиялық ерекшелігі сингармонизм заңдылығымен тікелей байланысты. Сөз құрамындағы, сөз бен сөз, қосымша аралығындағы дыбыстар өзара үндесіп, үйлесіп айтылады. Ал жазу ыңғайына қарай сөйлеуге болмайды, тіліміздің фонологиялық ерекшелігіне сай орфоэпиялық норманы сақтау қажет. Орыс тілінде негізгі фонологиялық қызметті екпін атқаратын болса, қазақ тілінде бұл қызметті сингармонизм атқаратындығы дәлелденді. Мысалы, орыс тілінде угол-уголь, мел-мель т.б. сөздер мағынасы бір-бірінен сөз екпініне қарай ажыратылатын болса, қазақ тілінде мұндай ерекшелік (сөз екпіні) жоқ. Сондықтан «алма» сөзі етістік не зат есім мағынасында жұмсалғанын жеке тұрғанда байқай алмаймыз. Оны басқа сөзбен тіркесуі кезінде ғана анықтауға болады. Мысалы, кітапты алма, қызыл алма; Демек, қазақ тілінде сөйлем ішіндегі сөздер сингармонизмге арқа сүйеп, бунақ арқылы (ритмическое членение) ажыратылады. Мысалы, Ат /қора маңында/ жүр. Ат қора /маңында/ жүр. Осы тіркес екпіні шекарасын дұрыс таба білу сөз мағынасын дәл беруге көмектеседі. Ә.Жүнісбеков қазақ тілінде сөз екпіні жоқ деген пікірді ұстанады.
Ә.Жүнісбек зерттеулерінің қорытындысы бойынша, қазақ тілі фонологиясы сингармонизммен байланысты қарастырылады. Қорыта айтқанда, орыс тілінде сөз екпіні дыбыстарды бір сөзге біріктіріп, дұрыс қолданылуын қамтып тұратын болса, қазақ тілінде бұл фонологиялық қызметті сингармонизм атқарады.

9-тақырып.


ДАУЫС ЫРҒАҒЫ (ИНТОНАЦИЯ), ОНЫҢ БІРЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Жоспары:
9.1 Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
9.2 Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні.
9.1 Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет