Құрышбекқызы А. 4-курс студенті



Pdf көрінісі
Дата20.02.2017
өлшемі159,95 Kb.
#4513

WWW.ENU.KZ

 

 



 

ДАУЫССЫЗ ФОНЕМАЛАР ЖІКТЕЛІМІ 

 

Құрышбекқызы А. 



4-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Н.Ә.Сәдуақас 

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институы, Ақтөбе қаласы 

 

Қазақ тіл білімі дамуының жаңа кезеңдегі жетістіктері қазақ фонетикасын 

жетілдіріп, оның теориялық жағынан жаңаша зерттеп дамытуға себеп болып 

отыр.  Қазақ  фонетикасындағы  әр  фонема  сингармофонологиялық 

ерекшелігіне  қарай  ҥндесім  белгілері  анықталып,  тіліміздің  табиғатына  сай 

жҥйелі жіктеле бастады. Қазір қазақ  тіліндегі дыбыстардың жіктелімі дауыс 

желбезегінің  қатысына  қарай  қарастырыла  бастады.  Ғалым  Ә.Жҥнісбектің 

зерттеулерінде дауыс желбезегінің қатысымы жасалым белгі ретінде алынып, 

тіліміздегі  дыбыстардың  жасалым  ерекшеліктері  олардың  тербеліс 

толқындары арқылы сипатталып жҥр. Сонда дауыс желбезегі толық тербелсе 

- дауысты дыбыстар, мол тербелсе – ҥнді дауыссыздар, жартылай тербелсе – 

ҧяң  дауыссыздар,  ал  тербелмесе  –  қатаң  дауыссыздар  жасалады.  Дауыс 

желбезегінің  жартылай  тербелуі  арқылы  ҧяң  дауыссыздар  жасалады  десек, 

олардың  басқа  да  ҥстеме  жасалым  белгілері  бар  екенін  ескеру  қажет.  Ерін 

қатысына,  іргелес  дыбыстардың  әсеріне  қарай  дауыссыз  дыбыстардың    да 

тҥрленімі  әр  тҥрлі  болды  [1].  Бҧрынғы  фонетика  оқулықтарында:  «Тілдегі 

дыбыстардың  бір  саласы  тонмен  байланысты:  бҧлар  -  дауыстылар.  Енді  бір 

саласы  салдырмен  байланысты:  олар  –  дауыссыздар.  Дыбыс  тонмен 

байланысты  дыбыстар  (дауыстылар)  музыкалы  болып  келеді  де,  салдырмен 

байланысты  дыбыстарда  (дауыссыздарда)  бҧл  қасиет  болмайды»  -  деген 

анықтама берілетін еді  [2; 223]. Дауыссыз дыбыстар  дауыс қатысына қарай 

ҥш топқа (қатаң, ҧяң, ҥнді) бөлініп:  «Ҧяң мен қатаң екеуі қосылып ҥнсіздер 

деп аталады. Ҥнділерді айтқанда дауыс басым болады да, салдыр кем болады, 

ҧяңдарды  айтқанда,  керісінше,  дауыстан  салдыр  басым  болады,  ал  қатаң 

дыбыстарды  айтқанда  дауыстың  қатысы  (демек  дауыс  шымылдығының 

вибрациясы) болмайды деген қағида ҧстанылды [2; 256]. Шҧғыл (эксплозив) 

фонемалар: п, б, т, к, г, қ, д, ч, ц; Ызың (фрикатив) фонемалар: ф, в, с, ғ, ш, 

х,  з,  ж,  һ»,  -  деп,  ҥздікті-ҥздіксіз,  жабысыңқы-жуысыңқы  айырым  белгілері 

арқылы жіктелді [2; 257].  

Қазақ  тілі  дыбыс  жҥйесін  жаңа  бағытта  зерттеудің  ғылыми 

ҧстанымдарын  негіздеп  берген  ғалым  Ә.Жҥнісбектің  шәкірттері  де  оның 

басшылығымен  ғылым  жетістіктеріне  сай  ізденіс  жҥргізіп  келеді.  Осы 

орайда, Ә.Бәйімбетованың тоғысыңқы дауыссыздардың дыбыстық тҥрленімі 

жөніндегі зерттеуін атап көрсетпекпіз[3 ]. Сөйлеу мҥшелерінің өзара тоғысуы 

арқылы  жасалатын  тоғысыңқы  дауыссыздарды  сөйлеу  мҥшелерінің  өзара 

жуысуы  арқылы  жасалатын  жуысыңқы  дауыссыздарға  қарама-қарсы  қойып, 

тоғысым-жуысым  айырым  белгілеріне  назар  аударады.  Тоғысыңқы 



WWW.ENU.KZ

 

 



дауыссыздардың жасалымы, тҥрленімін көрсету бағытында сөйлеу мҥшелері 

қозғалысының  әр  тҥрлі  араласымын  нақты  талдап  берген.  Фонетикалық 

талдаудың  нәтижесінде  тоғысыңқы  дауыссыздардың  айтылым,  жасалым, 

естілім ерекшеліктеріне жҥйелі сипаттама жасаған. 

Дауыссыз  дыбыстар  жҥйесіндегі  ызың  дыбыстардың  ерекшеліктері 

С.Оразалин  зерттеуінде  жан-жақты  тиянақталды  [4].  Ғалым  соңғы  кезеңдегі 

ғылым  жетістіктеріне  сай  жҥйелі  зерттеу  жҥргізіп,  қазіргі  қолданысқа  енген 

қазақша  ғылыми  атауларды  сәтті  пайдаланған.  Дауыссыз  дыбыстар 

жҥйесіндегі  дауыс  желбезегінің  қатысымына,  дәлірек  айтқанда,  тербелісіне 

қарай тербеліңкі (ҧяң), жасалу орнына қарай жуысыңқы дауыссыз болатын с, 



ш, з, ж дыбыстарының жасалым тҥрленіміне қҧрылымдық талдау жҥргізген. 

Тербеліңкі  дауыссыздар  жасалым  ерекшелігіне  қарай  тоғысым-жуысым 

болып бөлінеді. С.Оразалин тербеліңкі жуысыңқы дауыссыздардың жасалым 

амалының тҥрі сөйлеу мҥшелерінің өзара жуысуы екендігін көрсете отырып, 

жуысыңқы  дауыссыздардың  жасалым  тҥрленіміне  жҥйелі  сипаттама  берген. 

Ғалым жуысыңқы дауыссыздарды жинақы жуысыңқы (с, з) және жайылыңқы 

жуысыңқы  (ш,  ж)  деп  бөледі.  Әрбір  жуысыңқы  дауыссыздың  фонетикалық 

варианттарына  тоқталып,  жан-жақты  сипаттама  берілген.  Қазақ  тілі  дыбыс 

жҥйесін  тіліміз  табиғатына  сай,  ҥндесім  ерекшеліктері  тҧрғысынан,  зерттеу 

жҧмыстарына  соңғы  кезеңде  ерекше  назар  аударыла  бастады.  Қазақ  тілі 

дыбыстарының саны мен олардың жасалым, айтылым, естілім ерекшеліктері 

фонетикалық  және  фонологиялық  жағынан  жҥйелі  тҥрде  жан-жақты 

зерттеуге  алынды.  Осы  орайда,  Б.Баймҧхановтың  «Қатаң  дауыссыз 

дыбыстардың  жасалым  және  тҥрленім  жҥйесі»  атты  зерттеуінде  қазақ  тілі 

дауыссыз 

дыбыстарының 

дауыс 

желбезегі 



тербелісіне 

қатысты 


жасалымының бірі қатаң дауыссыз дыбыстар мен олардың ҥндесім тҥрленімі 

нысанаға  алынған  [5].  Қатаң  дауыссыз  дыбыстардың  қҧрамы  мен  жҥйесін 

фонетика және фонологиялық ерекшеліктеріне қарай жеке-жеке тани білудің 

ғылыми  маңыздылығын  көрсетіп,  осы  мәселеге  орай,  белгілі  ғалымдар 

пікіріне  жҥгінеді.  Қазақ  тіліндегі  қ-к  қатаң  дауыссыз  дыбысының 

фонологиялық табиғатының өзіндік ерекшелігі жөнінде ғылыми бірізді пікір 

болмай келгендігін нақты мысалдар арқылы алға тартып, өзіндік көзқарасын 

білдіріп:  «Шындығында  қ  мен  к,  ғ  мен  г  дауыссыздарының  арасындағы 

айырмашылық  өзге  дауыссыздардың  жуан-жіңішке  тҥрлерінің  арасындағы 

айырмашылықтан  өзгеше.  Олардың  жасалу  орны  бір-бірінен  өте  алшақ 

жатыр, сонымен қатар естілім белгілері де бір-бірінен ерекше»,- дейді [5; 9]. 

Қазақ тілі дыбыстарының өзіндік табиғаты мен орыс тілі дыбыстарының ішкі 

ерекшелігін  жасалым,  айтылым,  естілімі  тҧрғысынан  салғастыра  баяндап, 

тіл  дыбыстарын  айту  мен  жазу  жағынан  да  шатастырмай,  дербес  қарастыру 

жолдарын  тҥсіндіреді.  Екі  тілдің  артикуляциялық  базасының  табиғаты, 

фонологиялық  ерекшелігі  жөнінде  айтылған  теориялық  анықтамаларға 

сипаттама  беріліп,  қазақ  тілі  жасалым  қорындағы  қатаң  дыбыстардың 

тҥрленім  жҥйесі  жөнінде  жҥйелі  талдау  жасалған.  Мысалы,  сазсөзі 

қҧрамындағы  қатаң  жуысыңқы  с  дауыссызының  жасалымы  жөнінде 


WWW.ENU.KZ

 

 



төмендегідей    сипаттама  берілген:  1)  тіл  ҧшы  тіс  пен  қызыл  иектің  шегара 

тҧсына жуықтап келеді; 2) тіл ҧшы мен ҥстіңгі кҥрек тісі тҥбінің арасында аз 

ғана  саңылау  қалады;  3)  дауыс  желбезегі  бейтарап  кҥйде  қалады,  яғни 

тербеліске  тҥспейді.  Қазақ  тілінде  с  қатаң  дауыссызы  тіл  ҧшы  арқылы,  ал 

орыс тілінде тіл алды арқылы жасалатындығы, естілімі жағынан орыс тілінде 

«ысқырық»  кҥші  басым  екені,  қазақ  тілінде  «суыл  дауыссыз»  деп  аталып 

жҥргенін  ескертеді.  Сөйтіп,  Б.Баймҧханов  естілім  тҧрғысынан  аңғарыла 

бермейтіндіктен  сөйлеу  ҥстінде  мән  берілмейтін  жасалым  ерекшеліктерін 

нақты  сипаттама  мысалдар  арқылы  дәлелдеп  көрсеткен.  Сингармонизмге 

арқа сҥйеген тҥркі тілдері қатарындағы қазақ тілінің акцентті тілдерден, орыс 

тілінен,  фонологиялық  ерекшелігін  таныту  жҧмыстары  тіл  дыбыстарына 

фонетикалық  сипаттама  беруден  басталуы  керектігін,  автордың  өзі 

айтқандай,  «қазақ  тілінің  өзіне  тән  дыбыстары  деп  жеті-сегіз  дыбысты» 

бірден  бөліп  алып  талдаудың  дҧрыс  еместігі  ғылыми  және  әдістемелік 

жағынан  орынды  айтылған.  Зерттеуде  қазақ  тіліндегі  қатаң  дауыссыз 

дыбыстардың  қҧрамы  мен  моделі көрсетіліп,  осы  дыбыстарды  жасалу  орны 

мен жасалу тәсіліне қарай топтастырған. Жасалу орныжағынан 1) ерін (п), 2) 

тіл ҧшы (т, с, ш), 3) тіл ортасы (к), 4) тілшік (қ) және жасалу тәсіліжағынан 

1)  тоғысыңқы  (шҧғыл  –  п,  т,  к,  қ),  2)  жуысыңқы  (сҥзілмелі  –  с,  ш)  деп 

топтастырады.  Осы  тіркесімге  сай  қатаң  дауыссыздардың  іргелес  ҥйлесім 

моделі  ҧсынылған.  Қатаң  дауыссыздардың  ҥндесім  варианттары  іргелес 

дауыстыларға  байланысты  қалыптасатындығы,  олардың  айтылымына  тілдің 

көлденең  және  тік  (жақ)  қалпы,  ерін,  ауыз  және  көмей  қуысы  қатысымы 

жөнінде ғылыми нақты сипаттама берілген.  

Тіліміз артикуляциялық базасындағы дыбыстар санын анықтап, олардың 

өзіндік  айырым  белгілерін  көрсетіп,  қазақ  тіліндегі  фонемалардың  дыбыс 

қорын  сингармофонологиялық  тҧрғыда  зерделеген  З.Бадамбекқызының 

зерттеуінің  маңызы  зор.  Ғалым  тіліміздегі  әр  дыбыстың  айырым  белгілерін, 

әр  фонеманың  дыбыс  қорын  жҥйелі  талдап  көрсетті.  Тіліміздегі  дауыссыз 

дыбыстардың  ерекшеліктері  А.Молдшева,  Ж.А.  Исаеваның  зерттеулерінде 

одан  әрі  терең  қарастырылды.  Ғалым  Ә.Жҥнісбеков  қазақ  тілі  дауыссыз 

дыбыстарының  санын  17  деп  көрсетеді.  Ғалым  қ-к,  ғ-г  дыбыстарын  бір 

дауыссыздың  ҥндесім  варианты  деп  есептейді  [1].  «Дауыссыз  дыбыстардың 

жасалымы - ҥш айырым белгісі (жасалу орны, дауыс қатысы, жасалу тәсілі), 

айтылымы - екі айырым белгісі (ауыз бен көмей қуысының өзара қатынасы, 

тоғысым-жуысым  кҥші),  естілімі  –  екі  айырым  белгісі  (тоғысым-жуысым 

қарқыны,  ҥн  қатысы)  арқылы  сипатталады»,  -  дейді  Ә.Жҥнісбеков. 

Ғалымның  айтуынша,  дауыссыздарды  қатаң,  ҧяң,  ҥнді  деп  бөлу  жасалым 

белгі  емес,  естілім  белгісіне  қатысты,  дегенмен  дәстҥрлі  фонетикада  олар 

жасалым белгілер ретінде қалыптасқан.  

Сондықтан  ғалым  олардың  жаңа  атаулар  алғанын  жөн  санайды:  қатаң 

(тербеліссіз),  ҧяң  (тербеліңкі,  ҥнді  (тербелімді):  «Дауыссыз  дыбыстардың 

басты жіктелім белгісі дауыс қатысы» деп көрсетеді.  

Дауыссыз дыбыстар жіктелімі төмендегідей болады: 



WWW.ENU.KZ

 

 



1.Қатаң дауыссыз дыбыстар. 

П - ерін- ерінді, тоғысыңқы, қатаң; Т - тіл ҧшы, тоғысыңқы, қатаң; Қ (К)- 

тілшік,  тоғысыңқы,  қатаң;  К-  тіл  ортасы,  тоғысыңқы,  қатаң;  С-  тіл  ҧшы, 

жинақы, жуысыңқы, қатаң; Ш- тіл ҧшы, жайылыңқы, жуысыңқы қатаң; 



2. Ұяң дауыссыз дыбыстар. 

Б  –  ерін-ерінді,  тоғысыңқы,  ҧяң;  Д  –  тіл  ҧшы,  тоғысыңқы,  ҧяң;  Ғ-Г  – 

тілшік,  тоғысыңқы,  (жуысыңқы),  ҧяң;  Г  –  тіл  ортасы,  тоғысыңқы, 

(жуысыңқы),  ҧяң;  З    –  тіл  ҧшы,  жинақы  жуысыңқы,  ҧяң;  Ж  –  тіл  ҧшы, 

жайылыңқы жуысыңқы, ҧяң; 

3. Үнді дауыссыз дыбыстар: 

М  -  ерін,  тоғысыңқы,  ҥнді;  Н  –  тіл  ҧшы,  тоғысыңқы,  ҥнді;  Р  –  тіл  ҧшы, 

діріл,  ҥнді;  Ң  -  тілшік,  тоғысыңқы,  ҥнді;  Л  –  тіл  ҧшы,  жанама  жуысыңқы, 

ҥнді; Й – тілшік,жуысыңқы, ҥнді; У – ерін-ерінді, жуысыңқы, ҥнді;  

Жинақтап  айтқанда,  Ә.Жҥнісбек  еңбегінде  дауыссыз  дыбыстар 

төмендегіше жіктеледі: 

1. Дауыс қатысына қарай: а) қатаң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс 

желбезегі  тербелмейді  (п,  қ-к,  с,  ш);  ә)  ҧяң  дауыссыз  дыбыстар  жасалғанда 

дауыс  желбезегі  жартылай  тербеледі  (б,  д,  ғ-г,  з,  ж);  Б)  ҥнді  дауыссыз 

дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі мол тербеледі (м, н , ң, р, л, и, у); 

2.  Жасалу  орнына  қарай:  а)  ерін-ерінлі  дауыссыз  дыбыстар  ерін  мен 

еріннің  тоғысымы  (не  жуысымы)  арқылы  жасалады  (п,б,м,у);  ә)  Тіл  ҧшы 

дауыссыз  дыбыстар  тіл  ҧшы  мен  қызыл  иектің  тоғысымы  (не  жуысымы) 

арқылы  жасалады  (т  ,д,  н,  с,  з,  р,  ш,  ж,  л);  б)  Тілшік  тіл  ортасы  дауыссыз 

дыбыстар тілшік (тіл ортасымен) мен тіл тҥбінің (таңдайдың )тоғысымы (не 

жуысымы) арқылы жасалады (қ(-к), ғ (-г), ң, и); 

3.  Жасалу  тәсіліне  қарай:  а)  тоғысыңқы  дауыссыз  дыбыстар  сөйлеу 

мҥшелерінің бір-бірімен тоғысымы арқылы жасалады (п, б, м, т, д, н, қ-к, ғ-г, 

ң);  ә)  жуысыңқы  дауыссыз  дыбыстар  сөйлеу  мҥшелерінің  бір-бірімен 

жуысымы  (с,  з,  ш,  ж,  й,  у,  ғ-г,  діріл  жуысымы  –  р,  жанама  жуысымы  –  л 

арқылы  жасалады);  Дауыссыз  дыбыстар  дәстҥрлі  фонетикада  тірек 

дауыссыздар  (негізгі  аллофон)  ретінде  дауыссыздардың  тек  жуан  езулік 

ҥндесім  варианттары  алынып  келгені  аян.  Осы  мәселені  ескерте  отырып, 

Ә.Жҥнісбек  дауыссыздарды  ҥндесім  ерекшелігіне  қарай  қарастырады.  Осы 

мақсатына  сай,  ҥндесім  дауыссыздардың  жасалым  сипаттамасын  беру  ҥшін 

алдымен «ілгерінді-кейінді», «еріндік-езулік» деген атаулар енгізуді ҧсынады 

[1]. Сонымен, ҥнді дауыссыз дыбыстар төрт тҥрлі ҥндесім әуезбен айтылып, 

ҥндесім варианттары 26 дыбыс болып шығады. 

Ә.Жҥнісбек  еңбектерінде  қазақ  тілі  дыбыстары  сингармонизм 

тҧрғысынан  да,  одан  тыс  та  қарастырылып,  алғаш  рет  толық  дыбыстық 

сипаттамасы жасалды. 

Қазақ тілі дыбыстары фонетикалық жасалым белгілеріне қарай жіктеліп, 

тірек дыбыстардың (әліпби дыбыстар) басы ашылды. Қорыта айтқанда, қазақ 

тіліндегі  дауыссыз  фонемалар  жіктелімінің  соңғы  зерттеулерде  аталған 

айырым белгілеріне назар аударамыз. 


WWW.ENU.KZ

 

 



 

Пайдаланылған әдебиет 

1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 783 бб. 

2.  Кеңесбаев  І.,  Мҧсабаев  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Лексика,  фонетика.  – 

Алматы: Мектеп, 1975. - 304 б. 

3. Бәйімбетова Ә. Қазақ  тілі  тоғысыңқы дауыссыздарының  фонетикалық 

тҥрленімі. КДА. – Алматы, 1999. – 28 б. 

4.  Оразалин  С.  Қазақ  тілі  жуысыңқы  дауыссыздарының  жасалым 

тҥрленімі. КДА. – Алматы, 2001. – 28 б. 

5. Баймҧханов  Б. Қатаң дауыссыз дыбыстардың жасалым және  тҥрленім 

жҥйесі. КДА, – Алматы, 2005. – 22 б. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет