Дыбыс табиѓаты



бет32/42
Дата06.03.2023
өлшемі459 Kb.
#72108
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
Лекции каз.язык (1)

Тіркес түрлері
Матаса байланысқан тіркестер:
1. Зат есімді тіркестер. Мысалы: темір балға.
2. Сын есімді мен зат есім тіркесі. Мысалы: ақ құба жігіт.
3. Сан есім мен зат есім тіркесі. Мысалы: бес ешкі.
4. Есімше мен зат есім тіркесі. Мысалы: жаңарған қала.
5. Есімдіктер мен зат есім тіркесі. Мысалы: сол сәт, бұл кісі.

Етістікті тіркестердің қабыса, жанаса, меңгеріле байланысуы:



    1. Үстеу мен етістік тіркестері. Мысалы: төмен түсті.

    2. Еліктеуіш сөзді етістік тіркестері. Мысалы: жылт-жылт ағады.

    3. Көсемшелі етістік тіркестері. Мысалы: сөйлей кірді, жүре берді.

    4. Сын есімді етістік тіркестері. Мысалы: әдемі жазды, жақсы сөйлейді.

    5. Сан есімді етістік тіркестері. Мысалы: екі келіп, екі кетті.

    6. Сан есім мен зат есімнен тіркескен тізбектер орын тәртібі арқылы етістікпен қабыса байланысады. Мысалы: екі рет айтып, бес метр өлшеді.

ЖАЙ СӨЙЛЕМ

Біршама тиянақты ойды білдіре алатын сөздер табын сөйлем дейміз. Сөйлем – ойды білдіретін тілдің ең кіші бөлшегі. Сөйлем ойды білдіру мен қатар екінші бір ерекшелігі: оның белгілі дауыс ырғағы, интонациясы болады. Сөйлем тұлғасы жағынан да тиянақты болады.


Дауыс ырғағы, интонация жағынан сөйлемнің тиянақтылығы сөйлем соңында дауыс ырғағының бәсеңдеп барып бітетін кідірістен көрінеді. Оны былай көрсетуге болады.
Жазуда сөйлем бір-бірінен айтылу мақсатына лайық нүкте мен белгісі, сұрау белгісі сияқты тыныс белгілері арқылы ажыратылады. әр сөйлем бас әріппен басталып жазылады.


Сөйлем түрлері
Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да: екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет